Ақтөбелік ару өзін басқа қыз үшін тастап кеткен жігітін қарғап, артынша өз ісі үшін қатты өкініп қалған. Себебі қателік жасағанын түсінген ер азамат бойжеткенге қайтып оралған айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Сүйіктісімен бір жыл бойы жүріп жүрген бойжеткен оның басқа қыз тауып алғанын біліп қойған. Арудың сөзінше, өзге жанды сүйіп қалғанын жігіті өз аузымен айтқан екен.
"Маған қоңырау шалып басқа адамды кезіктіріп қалғанын, енді нақты кімді сүйетінін білмей қалғанын айтты. Бұл хабарды естігенде жүрегім қақ айырылды. Оны шын жүрегіммен сүйдім. Бір жылға жуық уақыт одан өзгені тіпті ойлап көрмеген едім. Пәк сезіміме дақ түскенін, шынымды айтсам, көтере алмадым", - дейді ақтөбелік ару.
Бойжеткеннің сөзінше, жігіті оны әпсәтте басқа қызға айырбастап, жаңа сүйіктісімен уақытты көңілді өткізіп жүре берген. Сүйген адамының өзгемен бақытты болғанын көре алмаған ару оны қарғай бастаған.
Мен қиналып жүрген кезде ол маған хабарласып, халімді біліп тұратын. Жаңа танысқан сүйіктісін театрға апарып, үнемі соның жанында жүретін. Дәл сол кезде оны шын жүрегіммен жек көріп кеттім. Басынан бәле арылмаса екен, болашақ балалары мен қарындасы дәл мен секілді қиналса екен ол соны көріп, менің халімді түсінсе екен деп тіледім", - дейді ол.
Жаңа танысымен үш айға жуық қарым-қатынаста болған жігіт қателік жасағанын түсініп, бойжеткенге қайта келген. Ол өз кезегінде кеудесінен итермей сүйіктісін қабылдаған. Алайда оның сөзінше, оның қарғысы бәрі бір жігітке тиген секілді.
"Жаңа қызымен үш ай жүргеннен кейін жігітім өзіме қайтып оралды. Шынымды айтсам, көкірегімді кермей, оны бар істеген ісімен қабылдадым. Ештеңені ойлағым келген жоқ. Алайда оның қылығын бәрі бір кешіре алмаған екенмін. Кемшілігін бетіне баса бердім. Сатқындықты ұмыту үшін 3 жыл қажет болды. Жақында тойымыз болмақ, алайда осы уақытта жігітім не көрмеді. Ауруханаға түсті, жұмыста жолы болмады, жол апатына түсіп, көлігінен айырылды, ата-анасы төсек тартып ауырып қалды. Енді айта берсем өте көп. Бір жағынан қарғысым тиді деп ойлаймын. Қыздың көз жасы ауыр келеді дейді ғой. Екінші жағынан оның қайғысы енді менің қайғым. Бәрі түзелу үшін не істеуге болады?", - деп жұрттан ақыл сұрады ару.