Қара киімді адам аңдып жүргендей болады да тұрады
Сәлеметсіздер ме әпкелер? Мен сіздерге өзімнің қазіргі бір түсініксіз күйімді жазып, ой пікірлеріңізді білсем деймін. Менің денім сау, психикалық ауруым да жоқ. Бірақ, кейінгі уақытта біреуден қорқатын сияқтымын
. Жұмыстан келерде подъезден кірерде есіктің арғы жағында біреу мені аңдып тұратын сияқты, қап қара адамда әлде басқа нәрсеме білмеймін. Қорыққанымнан КАЛИМАМды қайталап жүгіріп кіріп кетемін. Сосын, үйде кіші бөлмеден қорқам. Ас бөлмеге барарда немесе басқа да тірлікпен жүрген де жарығы сөндірулі бұл бөлмеден маған қара киімді адам немесе басқа бірдене қарап тұратын сияқты. Анықтап қарауға шынымды айтсам қорқамын.
Мені есінен адасқан деп айтпаныздаршы, тек көзіме көрінетін болғандықтан, мен одан қорқатын болғандықтан жазып отырмын. Түсімде кейде тынышсыз. Ешкімге айтқан жоқпын әлі. Өтінемін, маған өз ойларыңызды, ақыл-кеңестеріңізді жазыңыздаршы. Рахмет, Алла разы болсын.