Шаньси қытайлық провинциясында үш жыл бұрын қаза тапқан баласын қайтыс болған қызға үйлендіру үшін ерлі-зайыптылар 28 мың доллар төледі.
Қытайда үйленбей қаза табу үлкен күнәға жатады. Сондықтан көпшілігі көз жұмғаннан кейін де үйлендіреді екен.
Бұл дәстүр негізінен Қытай ауылдарында кең тараған. Шаруалар туыс-туғаны үйленбей қайтыс болып кетсе ұрпағын қарғыс атады деп қорқады.
БАҚ хабарлауынша, 28 мың доллар - мұндай дәстүрді өткізу үшін жақсы баға, деп жазды Vesti.ru
Өлген адамдарды үйлендіру ҚХР-да кең тараған. Әйелдердің мәйіті жетіспегендіктен, елде өлі денелерді сататын қара нарық қалыптасқан. Кедей адамдар пайда табамын деп таныстарын өлтіруге баратын да көрінеді.