Қайтыс болған соң суреті де жоқ болып кетіпті

Қайтыс болған соң суреті де жоқ болып кетіпті

Шай үстінде ағам кеше кеште болған жайтты жайып салды. «Осындай да тылсым оқиға болады екен ғой»,–деп бір сәт үрей құшағында қалдық.

 

Ағамның жақын араласатын Ержан деген досы екі жыл бұрын көлік апатынан көз жұмған еді. Пенде шіркін ажал деген аждаһаның құшағына қашан түсерін алдын ала болжап біле алмайды ғой. Қырық жасқа енді ғана аяқ басқанда үш ұлын жетім, әйелін жесір атандырып кете барды. Қолдан келер не шара!? Ағайын-достары марқұмның жетісі, қырқы, жылын өткізіп, басына белгі қойды. Көзді тырнап ашып күйкі тірліктің диірменіне түскен мына заманда кімге кім қарайласқандай. Міне, содан бері де екі жыл уақыт сырғып өте шығыпты. Кеше тіршілігінде бірге жүрген үш-төрт досы марқұмның шаңырағына бас сұғып, құран бағыштап қайтыпты.

 

«Ержанның үйіне кіріп шыққанымыз қандай жақсы болды. Анар да қуанып қалды. «Өлі разы болмай, тірі байымас» деген ғой. Марқұмға арнап құран бағыштадық. Бір аунап түскен шығар жарықтық. Ерекең бар кездегідей қайдан болсын, қайғыдан қажыған келіншегінің де, әкесін сағынған балаларының да түрі жүдеу. Үлкені биыл алтыға толыпты. Анар балаларын «Әкелерің алыс жерге жұмысқа кеткен» деп алдаусырататын көрінеді. Қайтсін енді, бір әйел үшін үш баланы бағып-қағу қазіргі таңда оңайға соқпайды. Бір жақсысы – басында баспанасы бар», – деп ағам әңгімесін одан ары жалғастырды. «Балаларына қиын ғой. Қанша ес білмейді дегенімізбен, әкенің жоқтығын сезеді екен. Екі жыл бұрын томпаңдап алдымыздан шығатын тұңғышы кеше біз барғанда басқаша көрінді. Атын атап шақырғанда жүгіріп кеп қолын ұсынатын Ерлік қазір жасып қалғандай, тосырқай қарап, шешесіне тығылды»,–деді ағам баланың қылығын сөз етіп. «Содан?» – дедік біз тағатсыздық таныта. «Анар ас-суын әзірлегенше біз өткен шақты еске түсіріп, альбом көре тұруды жөн санадық. Балалар жұлмалап, жыртып тастар деген шығар, биік шкафтың үстіне қойыпты. Альбомның бір-екі бетін ашқанда-ақ байқадық, топтасып түскен суретте басқа адамдардың бейнесі бар да, Ержан көрінбейді. Бәріміз де аңтарылдық. Өз көзімізге өзіміз сенбей, тағы бірнеше бетін ашып қарадық. Ержан жоқ. Қасында тұрған адамдар бәз қалпында. Бұл жайтты келіншегі Анар білмейтін сияқты. Бәріміз суретке қарап бір кездегі істеген тірліктерді еске түсіре бастадық. «Мына бір суретте көлге шомылғалы барғанбыз. Көлдің жағасында түскен сурет еді. Ержан жүгіріп келіп алдымызға жата қалып еді ғой. Ал мұнда жоқ»,–деді Дархан өз көзіне өзі сенбей. «Мынау – осы үйдің алды. Уақытша тігілген шатырда естелік қалдырғанбыз. Үйдің іргетасын құйған кез. Он-он бес жігіт жиналғаны естеріңде болар. Ержан мұрқұм мұнда ала жейдесімен тұрған. Қолында күрегі бар еді»,–деді Саттар. Біз осылай шуылдасып жатқанда Анар кіріп келді. Ас та дайын болған екен. Біз альбомдарды жинап орнына қойдық. Қуарған жүзімізді көріп, ол бір нәрседен сезіктенген сияқты. Әрқайсымызға бір-бір қарап қойды да, шайын құя бастады. Бойымызды билеген қобалжу ма, қорқыныш па – белгісіз. Алайда өзімізді барынша дұрыс ұстауға тырыстық. Шай үстінде өткен-кеткенді сөз етісіп, көңілді отырғандай кейіп таныттық. «Айту керек пе, әлде оның керегі шамалы ма?» деген сауал маза берер емес. Аз үнсіздіктен кейін шыдамсыз Саттар: «Анар, сен еш қорықпа? Біз бағанадан бері бір нәрсеге қатты таңғалып отырмыз. Бәлкім, сен де аңғармаған шығарсың. Альбомдарды қанша қарасақ та Ержанның бейнесін таба алмадық. Мұнда біз бармыз да, ол жоқ. Осы жасқа келгенше мұндай уақиғаны құлақпен естіп, көзбен көрмеппіз. Өзіміз де қайран қалып отырмыз!» – деді. Біз де Саттардың сөзін құптап, үнсіз бас изедік. Анар да жалма-жан альбомдарды қолына алып көре бастады. Мына тосын жай оған тіпті ауыр тиді. Саусақтары дір-дір етеді. Ол да байқамаған екен ғой. Оны сабырға шақырып, көңілге демеу болсын деп діни уағыздар айттық», – деді ағам суи бастаған шайын сораптай тартып.

 

Діндарлардың айтуынша, мұндай жайт ерекше жаралған адамдар өмірінде ғана көрініс береді екен. Олар өзімен бірге мына дүниедегі бейнесін де қоса алып кетеді-міс. Бір жолы «орыс жігіттің құлпытасындағы салынған сурет жоқ болып кетіпті» дегенді де естіген едік. Ол да ерекше жаралған жан болды ғой сонда. Кезінде көрші ұйғыр ата: «О дүниеге барғанда әр салынған суретің өзіне жан салып беруін өтініп сұрайды екен»,– деп баласын сурет факультетінде оқытпай қойып еді.

 

Кім білсін, атамыз айтқан сөздің жаны бар шығар…

 

 

 

otarka.kz

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста