Қайтыс болған атамды бір минут сөйлеткен молда...

Қайтыс болған атамды бір минут сөйлеткен молда...

Жасым болса елуді еңсерді. Бар өмірім әскери салада өткендіктен, зейнетке ерте шықтым. Қазір қалың немерелерімнің ортасында кемпірім екеуміз тәрбиеші болып отырмыз. Немерелерім күні бойы интернет ақтарып, қызықты материалдар қарап отырады. Бірде сіздердің сайтқа көзіміз түсіп, мақалаларыңызды оқып шықтық. Содан бері мен "Мистика" айдарын, ал кемпірім "Отбасы" деген бөлімді жібермей оқитын болдық.

Құрметті редакция, мен өзімнің бала кезде қуә болған жайтты сіздерге баяндасам деймін. Қарлы Алтайдың баурайындағы бұйығы ауылда ержеттім. Мен тоғызыншы сыныпқа аяқ басқанда атқа қарғып мініп, қарғып түсіп жүрген атам Назаралы аяқ астынан төсек тартып жатып қалды. Күн сайын дәрігерлер тексеріп, бір мәрте аудан орталығына да апарып келді. Бірақ бәрінің айтатыны "жасы жетті, бұл кісінің ауруы кәрілік" десті. Атам сол кезде 91-ге келген екен.

Сонымен атам әне-міне тұрып кететіндей, оның ауруын өз басым аса қатты елемеппін. Атамның жағдайы күн өткен сайын нашарлай берді. Ақыр аяғында төсектен тұра алмайтын хәлге жетті. Ауылда сонау бір жылдары Сыр өңірінен келген қожалар әулеті бар еді. Сол әулеттің Нығымет деген ақсақалы ауылдың молдасы қызметін қоса атқарып жүретін. Атам бір тілге келгенінде әкеме "Нығыметті шақырыңдар. Аузыма иман суын тамызсын" деп айтыпты. Мен ол кезде сабақта едім. Түс ауа сабақтан келсем атамның жанында Нығымет аға аңыратып құран оқып отыр. Мен қызықтап жанына отырдым. әкем басы төмен салбырап молдекеңнің жанына тізе бүгіпті. Атам сұлқ жатыр. Молда құранын оқып болған соң атамның бетіне бүркігендей болды. Және бірдеңелерді күбірлеп айтты да, атамның тамырын басып көрді. Сосын әкеме бұрылып, басын изеді. Әкемнің көзінен жас бұрқ ете қалды. "Иманы саламат болсын! Жатқан жерін Аллам жаннаттан айлағай" деді молда. Үй іші азан-қазан боп кетті. әйелдер дауыс шығарып жылай бастады. Мен атама үңіліп қарап отырғам. Кенет атамның денесі 2-3 мәрте бұлқынды. Басы көтеріліп, қайтадан төсекке сылқ ете қалды. Бұл әрекетті молда да бағып отыр екен. Дереу зуылдатып тағы да арапша бірдеңелерді ұзақ оқыды. Кенет оқып отырған құранын кілт доғарып, молда үйдегілерге "бөлмені босатыңдар" деді. Атам жатқан үйде молда, әкем және мен ғана қалдық. Сосын молда әкеме қарап, "балам, әкең қиналып жатыр. Саған айтар соңғы сөзі бар секілді. Алланың әмірімен бұл кісі қазір сөйлеуі мүмкін. Сен мұқият тыңдап ал" деді. Әкем көзі бақырайып, атама телміріп қарап отырды. Менде үңілдім. Молда құранын жалғастырып оқи берді, оқи берді. Кенет атамның ауызы жыбырлағандай болды. әкем құлағын атамның аузына тосты. "Ұлым, қайбір жылы Қытайдан бері өткенде мына көрші Тойболды шал шеріктерге ұсталып қалып, мен оны бабамнан қалған тай тұяқ алтынымды беріп жатып аман алып қалғам. Ертең менің жаназамда Тойболды сол алтынды айтып, өзінің маған қарыз екенін еске салуы мүмкін. Мен оны кештім. Сенде кеш. Ол ешкімге қарыз емес. Дүние опасыз..." деген сөзін менде естіп тұрдым. Молда көзі жұмулы күйінде құранын тоқтатпады. Атамның жағы сылқ етіп түсіп кетті.

Айтса айтқандай, ертеңінде жаназада Тойболды қария еңіреп жылап, өзінің басынан өткен жайтты жалпақ жұртқа айтып берді. Атамызға тай тұяқ алтын қарыз екенін де еске салды. Егер өзі өліп кетсе ұрпақтарының қарызды өтеп беретінін де сөз етті. Осы кезде әкем молдадан рұқсат сұрап, топ алдына шығып, кешегі атам айтқан сөздерді қайталады. Тойболды қария киізге оралған атамның денесін құшақтап ұзақ егілді.

Содан беріде қаншама жылдар өтсе де бұл оқиға менің есімнен еш кетпейді. Әскери салада жүргенімде де жан баласына қиянат жасамауға тырыстым.

Соңғы кездері "Мистика" айдарын оқып отырып, сондағы қайтыс болған атамды сөйлеткен Нығымет ағаның қасиетін енді ұққандаймын...


Талап Айдын, Алматы
alashainasy.kz/ 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста