Пері мен долы әйел

Пері мен долы әйел

Биік таудың етегіне орналасқан үлкен қаланың сыртында Монтай деген кедей жігіттін үйі бар екен. Монтай таудан отын жинап, соны калаға арқалап апарып сатып күн көреді. Күн сайын отын сатқаннан түскен кірісін әйеліне бере береді.

 

Монтай отынға кеткенде әйелі қалаға барып, ақшаны көр-жерге жұмсап, тауысып қайтып жүреді. Содан Монтайдың үйіне ештеңе де құтаймайды. Бір күні Монтай шапанының бой-бой боп тозып кеткенін айтып:

 

— Жинаған ақшаға маған шапан алайық,— деп, әйелімен кеңеседі. Сонда әйелі баж ете қалады.

 

— Қайдағы ақша, күндегісін күнде ішіп-жеп жүргеміз жоқ па?— дейді бет қаратпай.

 

Монтай үнсіз отырады да, ендігі тапқан ақшасынан өзі алып қалып, шапанының жыртығына тығып жия бастайды. Содан кейін әйелі күйеуінің тапқан ақшасының азайып кеткенінен күмәнданады.

 

— Әкелші, шапаныңды жамап берейін,—деп шапанды алады да, жамаған болып отырып, жыртықтарындағы ақшаны тауып алады. Содан қиғылықты салады. Қой дегенге қоймай долданған әйелі күйеуінің жағасынан алып, киімдерінің дода-додасын шығарады. Долы әйелдің қылығынан мезі болған Монтай одан құтылуды ойлайды да, тауға қарай қашады. Әйелі тұра қуады. Монтай қашып, әйелі қуып отырыпты. Монтай сол қашқаннан қашып, бір биік жалама тасқа шығып кетеді, әйелі шыға алмай бажылдайды. Көкбет долы тебіне айқайлап:

 

— Қайтып келсең — келдің, келмесең — өзімді шыңырауға тастаймын!—дейді. Монтай артына бұрылып:

 

— Сен енді не болсаң, ол бол! Мен әйтеуір сенен құтылсам болды,— дейді.

 

Бұған бұрынғыдан бетер булыққан әйел өзін терең шыңырауға тастап жібереді. Монтай үйіне оралады. Долы әйелден құтылғанына қуанып, құдайға шүкіршілік айтады.

 

Арада біраз уақыт өтеді. Монтайдың есіне әйелі түседі.

 

— Бейшара не де болса әйелім еді ғой, сорлы шынымен өлді ме екен, әлде тірі ме екен?— Барып арқан тастап көрейін,— деп, әйелі түсіп кеткен шыңырауға келеді. Ұзын арқанды тастаса — бір ауыр нәрсе ілінеді.

 

— Е, байқұс тірі екен ғой, долылығына тәубе қылар, шығарып алайын,— деп Монтай арқанды күшпен зорға тартып шығарса, әйелі емес, басы дудар-дудар бір нәрсе шыға келеді. Шошып кеткен Монтай оны тастай салып, тұра қашады. Сонда әлгі дудар бас:

 

— Ей, адамзат, сен неге қашасын? Тоқтай тұр!— деп, артынан қуып келіп, алдын кес-кестей тұра қалады.— Мен перімін. Сен маған дүниеде тендесі жоқ жақсылық жасадың. Бұл шыңырау менің мекенім еді. Бір аптадан артық уақыттан бері осында бір көкбет, долы әйел пайда болды да, құтылмас бәлеге ұшырап, сыртқа шыға алмай қалдым. Мені долы әйелден құтқардың, қалағаның беремін. Қашан басыңа күн туса, қиналсаң мына шашымды тұтат. Мен сол заматта қасыңнан табылам, сені құтқарамын.

 

Пері бір тал шашын Монтайға береді де, ғайып болады.

 

Арада біраз күндер өтеді. Бір күні патшаның жалғыз қызы қатты науқастанады. Патша талай білікті дәрігерлерге көрсетсе де, ештеңе шипа болмайды. Шарасыз қалған патша қызына жаны ашып: «Кімде-кім қызымды емдеп жазса, соған қосамын. Әрі ол менің оң қол уәзірім болады» деп жарлық жариялайды.

 

Бұған ешкімнің батылы бармайды. Сонда Монтайдың есіне пері түседі. Әлгі бір тал шаштың бір шетін тұтатқан екен, пері жетіп келіп, Монтайға:

 

— Не талабың бар?— дейді.

 

— Патшаның қызын қалай емдеуге болады?—деп сұрайды Монтай.

 

— Жарайды, тілегінді орындайын. Патшаның қызын соққан пері мен едім. Сен патшаға қызыңды мен жазамын деп, уәдеңді бер. Таңертең ерте патша қызы тұратын сарайға кір де, үш дүркін «сүф, сүф, сүф!» деп, қыздың оң иығын қағып-қағып қал, мен ұшып кетемін,— дейді де, ғайып болады.

 

Монтай перінің айтқанындай істейді. Патшаның қызына қосылып, оң қол уәзірі болады. Сөйтіп, жақсы ғұмыр кеше бастайды.

 

Бір күні көрші патшаның қызы сондай науқасқа ұшырайды. Оған да шипа қонбайды. Ол патша Монтайдың атағын естіп, патшаға адам жіберіп Монтайды сұратады.

 

— Монтай менің қызымды да жазатын болса, қызымды қосамын және өзімнің оң қол уәзірім етемін,— дейді. Бұған Монтайдың патшасы көнбейді. Сонда қызы ауыру патша сес көрсетіп:

 

— Монтайды жібермейтін болса, соғыс жариялаймын!— деп шабарман жіберіпті.

 

Бұл Монтайдың патшасынан күштірек екен, мұны естіген соң, амалсыз Монтайды жібереді. Монтай қайтерін білмей кетіп бара жатып, әлгі перінің шашынан азырақ тұтатады. Пері жетіп келеді. Монтай шаруасын айтады.

 

— Бұл ақырғы талабың болсын, орындайын,— дейді де, ғайып болады.

 

Монтай ауыру қыздың сарайына кіріп барып, үш дүркін «сүф, сүф, сүф!» дейді де, қыздың оң иығынан қағып-қағып жібереді. Пері ұшып кетеді, қыз жазылады. Монтай бұл патшаның да қызын алып, оң қол уәзірі болады.

 

Күндердін бірінде бұл екі патшадан да құдыретті бір патшаның қызы тура сол ауырумен ауырады. Монтайдың атағын естіген бұл патша екі патшаға арнайы адам жіберіп, сәлем жолдайды да, Монтайды сұратады.

 

— Жібере алмаймыз,— дейді екі патша бірдей. Ана патша:

 

— Соғыс жариялаймын!— деп күш көрсетеді. Сонда әлсіз екі патша амалсыз Монтайды жібереді. Монтай жолға шығады. Періні шақырайын десе, шашы таусылған. Сонан соң тәуекел етіп, бара көрмек боп Монтай ауыру қыздың үйіне кіріп барса, әлгі пері қыздың оң иығында отыр екен. Көре сала Монтайға тұра ұмтылады.

 

— Ей, адамзат, сенен қашан құтыламын? Тағы келіпсің. Енді өзінді соғамын,— дейді пері. Монтай:

 

— Тұра тұр, әлгі долы әйел шыңыраудан шығып алып, періні тауып бер деп, мені қуып келеді. Содан қашып келем,— дейді.

 

— Олай болса, сен есікті мықтап жаба тұр, мен терезеден шығып, алты тауды асып кетейін. Оған дейін есікті ашпа!— деп, пері ғайып болады.

 

Патшаның қызын науқасынан айықтырған Монтай елін жиып, ұлан асыр той жасайды.

 

«Долыдан пері безіпті» деген сөз содан қалған екен.

 

koshpendi.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста