Орманды кезген сарбаздар аруағы

Орманды кезген сарбаздар аруағы

Соғыс кезінде қаза болып, көмусіз қалған сарбаздардың аруақтары осы күнде де, сол соғыс алаңында оқтын-оқтын бой көрсетіп қалатыны жайлы шет елдік басылымдарда жиі жазылып жатады. Осындай көрініске куә болған белорусьтік қыздың оқиғасын «Алаш айнасына» жолдап отырмын.

 

Лиза әжесінің адамдарды емдегенін жастайынан көріп өседі. Ол талай рет орманға әжесімен бірге емдік шөп жинауға барған. Ондай кездерде әжесі орман ішіне ұзап кіріп кететін. Өйткені қажет емдік шөптер адам да, мал да бара бермейтін жерлерде болады. Сондай кездердің бірінде Лиза мен әжесі аруаққа кез болады. Бұл Лизаның аруақпен алғаш кездесуі болатын. Анадай жерде ерсілі-қарсылы жүгіріп жүрген елесті алғаш көргенде, «тұман түсейін деп жатыр екен ғой» деп ойлаған. Өйткені, бұл өңірде күз мезгілінде орман ішін лезде тұман басып қалатын. Алайда, тұманданып көрінген елестер тек бір жерде, ал қалған тұс шайдай ашық болып тұрған. Мұндай жағдайды бұған дейін талай көрген әжесі емдік шөп жинауын доғарып, Лизаны ертіп, үйіне қайтады. Үйге келген соң әжесі Лизадан «орманда бірдеңе көрдің бе?» деп сұрайды. Лиза көргенін айтады. Сонда әжесі оның көргені соғыс алаңында опат болған сарбаздардың рухы екенін және олардың адамға зиян жеткізбейтінін айтады. Десе де, одан қорықпау керек екенін айтқан әжесі Лизаға оған жақындамауға, мазасын алмауға кеңес береді.

 

Лиза одан кейін де әжесімен орманға барғанда сарбаздар рухын тағы екі-үш рет көрген. Әжесінің айтқанын істеп, ондай кезде дереу кері қайтып, мазаламауға тырысады. Көрген сәтте-ақ әжесіне айтады. Ал, әжесі ондай кезде тез жиналып, Лизаны қолынан жетектеп үйіне қайтады. Ондай кездерде әжесі «артыңа бұрылып қарама» - дейтін. Бірақ сарбаздар рухы олардың артынан еріп, немесе өзгелей бір тосын мінез танытып көрген емес.

 

Әжесі қайтыс болған соң Лиза орманға жиі баруды қойған. Бой жеткен соң қатар-құрбыларымен сауық-сайран құрып барғанмен, орман ішіне терең бойлаған емес еді. Мектеп бітірген жылы, Лизаның сыныптастары соңғы қоңыраудан кейін орманға барып таңды қарсы алуды жоспарлайды. Қажетті азық-түлігін, арақ-шарабын, қазан ошағын атқа жегілген екі арбаға тиеп, адамдардың көзіне түспейтіндей ұзағырақ жерге баруды ұйғарады. Екі арбаға тиелген, мектеп бітіргелі тұрған 17 бала түс ауа орманға аттанады. Кеш қараңғысы түспей палаткаларын тігіп, кешкі алау жағу үшін отын жинауға кіріседі. Отын жинап жүрген қыздардың бірі түсініксіз бір нәрсені көргенін айтады. Алайда, оған ешкім мән бермейді. Бірақ Лиза оның «кім» екенін іші сезеді.

 

Кешке дастархан жайылып, жастар кешкі алау жағады. Дастархан басында Лиза құрбы-құрдастарына бала кезінде әжесімен бірге келгенде көргендерін, әжесінің рухтарды мазаламау керек деп ескерткенін айтады. Алайда, сыныптастары оның айтқанын ескермей, арақ-шарап ішіп, айғайлатып музыка қосып, ән айтып, би билеуді жалғастыра береді. Түн ортасы ауғанда оқшаулау кеткен қыз бен жігіт үрейлері ұшып, айғайлап қашып келіп құрбыларының арасына тығылады. Ештеңені ұқпаған достары музыканы өшіріп, не болғанын сұрайды. Аптығын баса алмаған қыз бен жігіт қару ұстап жүрген адамға ұқсаған бейнені көргенін, бұларға қарай мылтық кезенгенін айтады. Бәрі бір мезетке үнсіз қалып, жан-жаққа көз жүгіртеді. Ештеңе көрінбейді. Бірақ, бір кезде түсініксіз, гуілдеген дауыс естіле бастайды. Анадай жерде жайылып жүрген аттар үркіп, шылбырын үзіп қаша жөнеледі. Мұны көрген жастарды үрей билейді. Бәрі бір жерге шоғырланып, бір-біріне тығылып, үнсіз отырып қалады. Бір кезде айналадағы шөптер сытырлап, біреулер жүргендей болады. Иә, анық көздері жетті, айналада біреулер жүр. Енді анық көріне бастады, қолдарына қару ұстаған сарбаздар бұларды қоршап алып, айналып жүр.

 

Лиза қасындағыларға әжесінің «олар адамға зиян келтірмейді» дегенін айтып жұбатпақ болады. Бірақ достарының Лизаны тыңдайтын шамасы жоқ еді. Жылаған қыздар жігіттердің бауырына тығылып, жігіттер қорқыныштан не істерге білмей бір-біріне тығылады. Бір кезде айналадағы белгісіз дауыстар күшейіп, оқ атылғаны естіле бастайды. Жастардың одан сайын үрейі ұшады. Бір кезде сарбаздар бұларға қарай мылтық кезеніп жақындай түскенін байқайды. Балалардың одан сайын үрей ұшады. Мылтықтың атылған дауыстар да жиілей түседі. Бағанадан қасындағыларды сабырға шақырып, өзін-өзі ұстап отырған Лизаны да үрей билей бастайды. Өйткені, қару кезенген сарбаздардың бейнесі айқын көріне бастаған еді. Сол кезде Лизе өзінің есеңгіреп бара жатқанын сезінеді.

 

Бір кезде Лизаның құлағына әжесінің «орныңнан тұр, сарбаздардан кешірім сұрап, басыңды иіп алдына жақында, қорықпа» деген дауысы естіледі. Қайта көзін ашты. Сарбаздар бағанағы орындарында бұларға қарай қару кезеңген күйде тұр. Лизаның достары болса, бастарын төмен салып, бір-біріне тығылып, қозғалыссыз жатыр. Жерден бас алмайды. Тек қыздардың жылаған дауыстары естіледі. Бағанадан қалай байқамаған, сарбаздардың арғы жағында әжесі тұр. Сарбаздарға қарай жүр деп ишара білдіретін сияқты. Лиза тез есін жиды. Бойында қандай да бір күш пайда болды. Орнынан тұрып, сарбаздардың алдына жақын келді. Бас иіп, кешірім сұрады. Бұл кезде таң да қылаң бере бастаған еді. Бір кезде қару ұстаған сарбаздар да, әжесі де жоқ болып кетеді.

 

Осы бір оқиғадан кейін Лиза мен оның достары орманға қарай аяқ баспайтын болыпты.

 

 

 

Марал, Қостанай облысы

Alashainasy.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста