Өмір. Барлық адамға қымбат ұғым. Оның нүктесін тек өлім ғана қоя алатындай. Клиникалық өлім жағдайында болған адамдардың оқиғасымен бөлісеміз. Денені қозғалта алмау, сөйлей алмау, көздің ашылмауы. Клиникалық өлім тағы да қандай күймен ерекшеленеді? Bugin.kz порталы gubdaily.ru сайтына беріп хабарлайды.
Мен клиникалық өлім жағдайына 1989 жылы 8 қаңтарда жүктілік кезінде ұшырадым. Кешкі 22:00 шамасында менен қатты қан кете бастады. Ешқандай ауырсыну болған жоқ, тек қатты әлсіздік пен қалтырау болды. Мен өліп бара жатқанымды түсіндім.
Операция бөлмесінде маған әртүрлі құрылғылар қосылды. Анестезиолог диагноздарымды дауыстап айтты. Көп ұзамай мен тұншыға бастағанымды сезіндім. Дәрігерлер: «Науқастың тамыр соғуы сезілмей жаты, баланы құтқаруы керек»,-деді. Айналамдағылардың даусы үзіліп, жүздері бұлдырап, кейін қараңғылық басты.
Мен есімді операция бөлмесінде жинадым. Бірақ өзімді жақсы, жеңіл сезіндім. Дәрігерлер денемді әбігерге салып жатқанын өз көзіммен көрдім. Мен денемнен бөлек екенімді сезіндім. Қалай денемнен бөлінгенім таңырқауымды оятты. Мен тіпті ауада жүзіп, терезеге бардым. Сыртты қараңғылық торлапты. Мені кенет үрей билеп алды, дәрігерлердің назарын аударуға қанша тырыссам да, қолымнан түк келмеді. Сауығып кеткенімді, менде бәрі дұрыс екенін айта бердім, айта бердім. Мені ешкім естіген жоқ. Қауқарсыздығым өзегімді қарып, қатты қиналдым. Қолымнан түк келмейтінін мойындаудан өзге амалым қалмады. Еңсем түсіп, ауада қалқып тұра бердім. Ал маған ота жасап жатқан жерде сәуле көрінді. Жарық барлық бөлмені алып кеткендей еді. Мен ойланбастан сәулеге қарай жылжыдым.
Өзімді қауіпсіз сезіндім. Тауға шыққандай, көрінбейтін нысанның биігіне қарай қозғалдым. Ту биікке шыққанда көрген сұлулығымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Мөлдірлік, түстер үйлесімін мүмкін тек сурет салып жеткізуге болар. «О, Құдайым, қандай ғажайып сұлулық! Мен бұл туралы бәріне айтуым керек!» деп қайталай бердім.
Кенет операция бөлмесіне қайта оралдым. Бірақ кинотеатрдан фильм көргендей болдым.Әлем ақ-қара боп көрінді. Тамаша пейзажды көргеннен кейінгі сезімболар, бәлкім…Бірақ өзімнің я өлі, я тірі екенімді түсіндбедім. Сәбиімді қолыма ап, бақыт құшағында болуды ғана ойлай берген екенмін. Мен беймәлім әлем тұрғыны боп, енді артқа қайта алмаймын ба деп қорқып кеттім. Бұл ғажайып әлемді қимай қиналдым.
Тұман арасынан қызғылт бұлтқа жақындадым. Бірақ рух мені тоқтатты. Ол жақтың қауіпті екенін түсіндім. Денеме оралғым кеп аласұрдым. Бір сәтте қараңғы туннельде келе жаттым. Оның үстінен жалғыз ұшып өттім. Көзімді ашып, мені айнала қоршаған дәрігерлерді көрдім. «Мен қайдамын, ғажап әлем қайда кетті?» деп маңайымдағылардан сұрадым.
Төрт дәрігер түк түсінбей, жымия салды. Бірі басымнан сипаған сәтте, сұрағымның орынсыз екенін түсіндім. Бәрі мені есінен ауысты деп те ойлаған болар.
Осылайша мен клиникалық өлімнен аман қалдым. Енді мен бұл жағдай психологиялық ауытқу емес екенін білемін. Қазір клиникалық өлімнен үлкен сабақ алдым деп айта аламын.