Мәңгілік өмір мекені қай жерде?

Мәңгілік өмір мекені қай жерде?

Адамзат мәңгілік өмір туралы сонау ықылым заманнан бері толғанып келеді. Өйткені мына жарық дүниені ешкімнің де қиып кеткісі жоқ. Содан болар, мәңгілік өмірге жол ашатын кілтті табу әркімнің арманы.
Жеке адам тұрмақ «бәленбай деген жерде, түгенбай деген таудың астында мәңгіліктің кілті сақтаулы екен» деп, аты дардай мемлкеттер де арнайы экспедиция шығарып, іздеу салды. Бірақ «таптық» деген ешкім жоқ. Сондай бір жұмақ мекен – Шамбала бар дегенге адамдар әлі де иланады. Үмітін үзбейді. Осы саланы зерттеп жүрген ғалымдардың айтқанына қарағанда, жер бетінде ондай мекен жоқ емес, бар. Тіпті біреу емес, жетеу. Олар дүниенің төрт түкпірінде шашыраңқы орналасқан. Әзірге ғалымдар сондай мекеннің бесеуін анықтады. Біреуі – Тибетте. Лхасы қаласынан 50 шақырым жерде. Екіншісі – Мысырда. Нақтылай түсетін болсақ, Асуан ГЭС-і орналасқан ауданда. Үшіншісі – Ресейдің Кольск жарты аралында (Луяврурт), тағы бірі – Антарктидада, соңғы бесіншісі – Перудегі тылсым көл – Титикакада.

Біздің әңгіме еткелі отырғанымыз, Ресейдің Кольск жарты аралындағы жұмбақ мекен жөнінде болмақ. Осы айдың басында ғаламтор беттерінде сол Колск жарты аралында құлаған беймәлім ұшатын табақшаның (БҰТ) қирандысы табылғаны жөнінеде ақпарат жарияланды. Зерттеуші ғалымдар «БҰТ өткен ғасырдың ортасында құлаған болуы керек» деген шешімге келген. Бірақ барлық жағдай өте құпия сақталуда. Дегенмен «бөгде ғаламшар иелерінің бұл мәңгі тоң болып жататын аймаққа келуінің бір себебі болуы керек. Бәлкім нағыз Шамбала осы жерде ме екен?» деген алыпқашпа әңгіме тарады. Ал біз бұл аймаққа байланысты бұған дейін болған оқиғаларды сөз еткенді жөн көрдік.

Ленин басында тұрған Кеңес мемлекеті елдің алды болып 1922 жылы тылсым күшке ие мекенді іздеу үшін арнайы құпия бөлім жасақтады. Әрине оған қарапайым адам алынған жоқ. Тек ғалымдар мен жердің қыртысын зерттеуші саланың адамдары енді. Мақсат – Кольск жарты аралындағы таулы Луяврурт ауданын зерттеу. Экспедицияны биолог, географ, геолог, тарихшы әрі жазушы Александр Барченко басқарды. Ал орынбасары болып, астролог, астроном және бірнеше тілді жетік (үнді, жапаон, қытай) білетін Александр Кондиайн тағайындалды.

Кремль қожайындары экспедицияның алдына, қалайда жарты аралдағы құпия мекенді тауып, ол жерде бізге дейін өткен өркениеттің қалдырған қоймасынан ерте заман білімін яғни атом қаруын және психотрондық қаруды қалай жасаудың жазбаларын алып келу міндетін қойды. 1921 жылы экспедиция Мурманск қаласында жасақталды. Әрине бәрі құпия түрде жүргізілді. Жалпақ жұртқа бұл топ Кольск жарты аралынан пайдалы қазбаларды іздеуге атандырылды деп түсіндірілді.

1922 жылы қыркүйек айында экспедиция діттеген мекенге жетті. Одан ары жағдай қалай болды? Арнайы топ іздегендерін тапты ма? Бұл әлі күнге жұмбақ. Себебі осы экспедициядан оралған топтың мүшелерінің бәрі 30 жылдары белгісіз себептермен ату жазасына кесілді. Одан құтылған ешкім жоқ. Не үшін? Себебі айтылмайды. Демек экспедиция мүшелері үлкен құпияның бетін ашқан болып тұр... Бұл өлке жайында өзгеде деректер баршылық. Алдымен «Солтүстік Шамбаланы» тапқан неміс археологы әрі географы Герман Вирт. Бұл азамат кейінен (30-шы жылдары) «Аненербе» атты оккультық қоғам құрғаны белгілі. Мұның жұмысына Үшінші Рейх аса маңыз беріп, әлемнің әр қиырынан Уақыт кілтін іздеу үшін экспедициялар ұйымдастырғаны белгілі. Бұл – жеке әңгіме. Герман Вирттің тапқан жері Үшінші Рейхқа белгілі болысымен ол мекенді басып алу үшін Германия 1939 жылдан бастап дайындық жүргізе бастады. Осы себепті, Батыс Беті аталатын шығанаққа сүңгуір қайықтар тоқтайтын «Базис Норд» деген құпия база салды. Оның басшысы болып «көне білім» маманы атанған генерал Карл Хаусхофер тағайындалды. Ол бұған дейін де Тибеттегі Шамбаланы іздестіру жорықтарына қатысқан болатын. 1941 жылы соғыс басталысымен немістер Луяврурт мекеніне жылжыған. Бірақ Кеңес әскері жолды бөгеді. Сүйтіп немістердің Солтүстік Шамбаланы басып аламыз деген жоспары жүзеге аспай қалды. Енді екінші бір дерекке жүгінейік. Бұл маңды ертеден ит пен бұғыны көлік етіп мінген, саам тайпасы мекендеген. Олардың тілінде «Лу» – «буырқанған», «явр» – «көл», «урт» – «тау» деген мағына береді екен. Демек Буырқанған көлдегі тау деген сөз шығады.

Ғалымдардың есебінше, бұл жерде бұдан 300 милион жыл бұрын сөнген жанартаудың орны жатыр. От төгілген аймақ 550 шаршы шақырымды құрайды. Айналасын қалың орман, Тайга қоршап жатыр. Жанартаудың орта тұсында көлемі 40 шаршы шақырымды құрайтын шұқыр бар. Ол суға толған. Жергілікті жұрт «Қасиетті көл» дейді. Көлге 12 өзен мен көптеген бұлақ құяды. Бір таңқаларлық дүние, көл солтүстіктің 40-50 градус суығында да қатпайтын көрінеді. Көлдің солтүстік-батыс жағалауында әдейі өткір арамен қиып тастаған секілді бір беті айнадай жалтыр үлкен жартас бар. Жартастан адам бейнесіне ұқсаған алып оқшау тас шығып тұр. Биіктігі – 74 метр. Мұны жергілікті тайпа адамдары Куйвы алып адам деп атайды. Олардың ескіден қалған аңыздарында әлгі алып «бөтен ғаламшардан» келгендермен соғысып, жеңген екен. Саамдықтар әлгі жартас маңына баруға қорқады. Келе қалған туристерге де Куйвыны суретке түсірмеңдер, пәлеге ұрынасыңдар деп жатады. Олардың тілін алмаған кейбір туристер бірнеше мәрте жол апатына ұшырап, қаза болған көрінеді.Көне өркениеттен қалған құпия білім сол алып тастың маңайына тығылған деген аңыз бар. Оны тапқан жан мәңгілік өмір сүреді, өткен уақытқа кері оралғысы келсе, оғанда мүмкіндігі бар. Әлемнің қожасы бола алады дейді ескі саам аңызы. Кім білсін? Өткен ғасырдың 20-30-шы жылдары немістердің, ағылшындардың және орыстардың осыны іздеп жершарын шарлап кетуінің бір ұшы осы әлем қожасы атануда жатқан шығар. Луявруртта әйтеуір бір тылсым күштің жасырылып жатқаны туралы ғалым, зерттеуші, саясахтшы Иоганн Пальм, Рерих және сол жерге арнайы барған экспедицияның бір басшысы болған Александр Кондиайн да күнделігінде жазып қалдырған...

Таң қаларлық тағы бір жайт, атмосфераның әсерінен көлге төнген жартас мүжілгенімен, алып адамға ұқсаған тасқа ешқандай сызат түспеген. Тәккаппар да тік қалпы, алысқа көз тіккен қалыпта тұр. Осының өзі-ақ бұл жартаста бір тылсым күштің бары анық екенін көрсететіндей. Тағы бір дүние, оның маңынан белгісіз апараттың сынықтары табылған. Зерттеу барысында әлгі заттар жерде сирек кезедесетін элементтердан жасалған болып шыққан. Төзімділігі, беріктілігі темірден жүзе есе мықты. Ғалымдар бөтен ғаламшардан келгендердің апатқа ұшыраған кемелерінің қалдығы болуы мүмкін деген қортынды да.

vk.com

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста