Мағрипа ақылынан неге адасты?

Мағрипа ақылынан неге адасты?

Ауылды жерде жасы оннан асқан балалар жазғы демалыс айларында үйлерінде отырмайтын. Шөп шабу науқаны басталмай жатып-ақ, бригадир Заманбек ағамыз үй-үйді аралап, жұмысқа жарамды балаларды түгендей бастайтын.

 Сен шөмеле салуға барасың, сен тырнауышқа отырасың, шөп машинаға погонщик боласың дегендей, жас ерекшеліктерімізге қарай кімнің немен айналысатынын күні бұрын айтып та қоятын. Отан соғысының арғы-бергі жағында өмірге келген қыр балаларының көрген күндері, міне, осы болатын-ды.

Тамыз айының орта тұсында Қайрақбай аталатын соңғы телімге көшіп келдік. Енді бір он-он бес күннен кейін болсын, болмасын жұмыстан босап, мектепке баратынымыз көңілімізге медеу. Соңғы екі күн бойы толассыз жауған жауын бұлақ басындағы жылдағы қонысымызды көлкітіп жіберді. Қосымызды күнгей беттегі төбенің етегіндегі құрғақтау жерге тіктік. Әдеттегідей, қыздарға бөлек қос құрып бердік. Олар түннің бір уағына дейін қос ішінде әндетіп жатты. Күндізгі көші-қон әлегімен жүріп, ұлдар әбден шаршасақ керек, ән тыңдап жатып, тез ұйықтап кетіппіз.

Бір заматта оқыстан шыққан қыз баланың төбе құйқаны шымырлатқан дауысынан оянып кеттік. Далаға атып-атып шықсақ, қыздар бірін-бірі құшақтап сыртта тұр. Тіл қатуға дәрмендері жоқ, қолдарын қос ішіне қарай сермей береді. Осы сәтте: «Ойбай, кірсеңдерші біреулерің!» деген аспаз тәтеміз Қанипаның жан дауысы шықты. Бір-екі азамат қалбалақтай ішке кіріп кетті. Сырттағылар қыздардан не болғанын сұрап жатырмыз. «Мағрипаның аяқ астынан сықылықтап күлгенінен оянып кеттік, одан кейін шыңғыра үсті-басын жұлмалай бастады» дегеннен басқа үрейлері ұшқан құрбылары жарытып ештеңе айта алмады. Сол түнді ұйқысыз өткіздік. Таң қылаң бере екі-үш бас көтерер үлкендеріміз Мағрипаны киізге орап, арбамен ауылға алып кетті. Оның бет-жүзіне қараудың өзі қорқынышты еді.

Шабындық басынан түскі асқа келсек, қоста ауылымыздың ең үлкені Қасымбек ақсақал отыр. Бірер жыл бұрын арғы беттен келген оның молдалығы бартұғын, дастархан басында бір аят құран оқығаннан кейін: «Жылдағы орындарыңнан неге жылжығансыңдар? Мына қос тіккен жерлерің көне қорымның орны сияқты» деп, бәрімізді сыртқа алып шықты. Ақсақал қалың шалғынды қолымен ысыра жүріп, әр жерде болар-болмас томпайып жатқан үйіндінің асты қабір болуы ықтимал деген болжам айтты. «Аруақтардың мазасын алғансыңдар, түге, улап-шулап! «Аруақ атты» деген осы болады, бұл жерден дереу көшіңдер аулаққа» деп әмір берді.

Мағрипа бізден ересектеу, бой түзеп қалған қыз болатын. Қолаң шашты, қараторының әдемісі еді. Түнде шырқап ән бастаған да сол болатын. Осы түнгі оқиғадан кейін мен оны қайыра көрмедім.

Дегенмен, Мағрипа қыздың кейін ел қатарына қосылғанын, тұрмысқа шығып, балалы-шағалы болғанын еміс-еміс естіп жүрдік. Шешемнің айтуынша, дәрігерлер ұзақ уақыт емдегенімен, олардың ем-домы қонбапты. Содан емші ме, бақсы-балгер ме, әйтеуір, біреу сырқатынан ада-күде айықтырған көрінеді.


Дереккөз: el24kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста