Көзмоншақ тіл-көзден сақтайды

Көзмоншақ тіл-көзден сақтайды

  Әсілі бала қолды-аяққа тұрмай шырылдап жылағанда «тіл тиді ме екен…» деп жатамыз. Кішкентай баланың өңіріне «көз өтпесін» деп көзмоншақ қадап қоятынымыз бар. Жалпы, тіл-көз деген не? Көзмоншақ қайдан шыққан? Айдар мен тұлым деген не? Кекіл жайлы не білеміз?

Қазақ халқы – ежелден ерекше балажан халық. «Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар» деп, дүниесі түгел, қызығы мол базар секілді, балалы үйдің шаттық қуанышы да, байлығы да бала екенін меңзейді. «Артымда тұяғым қалсын, шырағым сөнбесін, түтінім түтеп, әулетім жалғассын» деп армандайды. Қазақтағы өте ауыр сөз – «қубас» атану.

Сондықтан төрт құбыласын түгендейтін ұрпақтың өмірге келуін құдайдан құлшынып тілеген. Баласы қанша болса да көп көрмеген. «Бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады» деп әр бала өз несібесімен келетінін айтады. Шындығында да солай, Жаратқан иеміз ешкімді үлессіз қалдырмайды. Ырымшыл халқымыз тіпті балаларының санын бадырайтып айтпаған. Біреу сұрай қалса, «4-5 жаман қара бар ғой» деп сырғыта салған. Сұраған кісі де ары қарай қазбаламайды екен.

Ұрпағының көбеюіне, өсіп-өніп жетілуіне зор мән бергендіктен болар, балаға қатысты ырым-тыйым, дәстүрлер де жетерлік. Кейбіреулерін ғана атап айтсақ, кішкентай балаға тіл-көз тимесін, сұқ өтпесін, назар түспесін деп олардың баскиіміне үкі, жыланның қураған басын, көзмоншақ қадап, тұмар тағып қоятын болған. Көпшілік бар жерге апарғанда маңдайына күйе жағады. Балаға үкі тағу бүгінде жоқ деуге болады. Ал көзмоншақты қадап жүргендерді жиі кездестіреміз. Алайда қазіргі көзмоншақтардың бәрі қолдан жасалған. Дегенмен ақ ниет, ізгі тілекпен қолданса, оның да септігі бар. Ал шынайы көзмоншақ деген кез келген жерде жататын, оңай табылатын зат емес. Оны дария мен өзен-көлдердің жаға-жиегінен іздейді. Толқын ұрып шайып, жып-жылтыр болған кішкентай домалақ қарасұр немесе қара тастың бірнеше жерінде ақ дақтары болады. Мұндай тас адам көзінің ағы мен қарасының нышанындай болғандықтан былайғы тастардан өзгешеленіп, тылсымдау көрінеді екен. Сол ерекше тасты зергерлер шеберлікпен әдемілеп теседі де, ұл балалардың баскиіміне немесе киімінің өңіріне қадап қояды. Ал қыздардың көзмоншағын көбінесе күміске бекітіп, бұралмалы бау жасап сәндейтін болған.

Қазіргі көзмоншақтар қолдан жасалған

Жас балаларға қатысты «көз тию», «тіл тию», «сұқ өту», «аш кіру» деген сөздер негізсіз шықпаған. Әр адамның бойында әртүрлі деңгейде биоөріс, көзінде от болады. Қазіргі тілмен айтсақ, энергия, аура бар. Адамдар сәбиге ешқандай жамандық ойламаса да, көзіндегі назар күші балаға беріліп, кішкентай бала оны көтере алмай, ауырып қалады. Қызуы көтеріледі, іші өтеді, құсады, жылап жүдей береді дегендей, балаға ауырлық түседі. Тәжірибелі әжелер мұндайда не болғанын бірден түсініп, баланы таза сумен ұшықтайды, тұзбен аштайды, адыраспан мен арша түтіндетіп аластайды. Қазір осындай ем-домды халық емшілері қайта жаңғыртып қолданып жүр. Бір таңғаларлығы, осындай ырымдардан кейін бала бірден жеңілденеді, Әжелеріміз немерелерінің маңдайына күйені де білгендіктен жаққан. Өйткені адамның көзі бірден балаға емес, маңдайындағы күйеге түседі де, көз өту қаупі әлсірейді. Үлкен аталар мен әжелер сәбиге өте еміреніп қарауға тыйым салған. Өздері немерелерін қанша елжіреп жақсы көрсе де, «ой, жаман, сұрың бар болсын…» деп еркелетіп жатады.

 

Алты алаштың ардақтысы болған менің қайын атамның көзінің отты әрі жанарының тым өткір болғанын жұрт біледі, аңыз етіп айтады. Атам марқұм ешқашан балаларды сүймейтін, көзіне тура қарамайтын. Өте бір еркелеткенде «жақсы бала екен ғой өзі, адам бол» деп арқасынан қағып не басынан сипайтын. Тіпті өзінің жалғыз немересі Ержанды сүйген емес, тек маңдайынан иіскеп, бауырына қысып қана қоятын. Бұл атаның жас балаларды ұнатпағандығынан немесе қаталдығынан емес, «ауыртып алармын, зияным тимесін» деген аталық парасаты екен. Әлі күнге дейін ел ішінде үлкен кісілердің балалардың қолынан сүйіп, маңдайын иіскеп өз көңіл-ниетін білдіру сақталған. Осы күні кішкентай балаларын көтеріп базар аралап жүрген жас келіндерді көргенде жүрегім сыздап кетеді. Олар тым болмаса сақтану шарасын, ырымын жасамай, бейқам жүреді. Әсіресе Алматының «барахолкасы» мен көк базарында кім жоқ дейсіз?! Ондай жерлерде алуан ниетті, сан түрлі мінез-құлықты, неше түрлі биоөрісті пенделер бар емес пе?!

Адамдар көп жиналған жерге баламен барғанда немесе базар аралағанда балаңыз ешқашан баскиімсіз жүрмегені дұрыс. Содан кейін жоғарыдағыдай орындарға барып келген соң, шаршады деп ұйықтата салмай, міндетті түрде суға түсіріп, жуындырып алған жөн. Әртүрлі себептермен шомылдыру мүмкіндігі болмаса, тым құрығанда беті-қолын жуыңыз. «Таза болсаң судай бол, бәрін жуып кетірген» деп халқымыз тегін айтпаған. Тіршіліктің төрт негізінің (ауа, су, от, топырақ) бірі саналатын судың қасиетін тәптіштеп айтпасақ та түсінікті…

 

Зейнеп Ахметова

kz.el24.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста