Көріпкел 2023 жылға 5 қорқынышты болжам жасады

Көріпкел 2023 жылға 5 қорқынышты болжам жасады

Өткен жыл бізді қазіргі сәтпен өмір сүруге үйретті және жағдай кез келген уақытта түбегейлі өзгеруі мүмкін екенін көрсетті. Қазір өзгерістерге жылдам бейімделу маңызды. Жаңа әлем қандай болмақ? Бұл сұрақ көпшілікті мазалайды. Астролог, таролог және көріпкелдер болжам жасап жатады. Айтыына есімді якутиялық көріпкел Woman.ru сайтына 2023 жылға арналған өз болжамын айтты.

"Өкінішке қарай, 2023 жыл позитивті жағдайларға толы емес. Біріншіден, мен 10 балдық жер сілкінісін көріп тұрмын. Ол, тіпті, бізде - Якутияда болады", - дейді әйел.

Түркиядағы жағдайдан кейін бірінші болжамға "мүмкін емес" деп айта алмаймыз. Әйелдің айтуынша, мұндай жер тербелістері мәңгі тоңуға тікелей әсер береді.

"Егер мәңгі тоңу линзалары бұзылса, ол қорқынышты экологиялық апатқа әкеледі. Жерге бұрын болмаған суық келеді", - деп түсіндірді Айтыына.

Көріпкелдің айтуынша, жер дүмпулері судың көтерілуін де ынталандыруы мүмкін.

"Мен әлем бойынша бірнеше жерден үлкен су басуды көріп тұрмын", - дейді әйел.

Оттек нағыз байлыққа айналады. Көріпкел адамзат таза ауа жетіспеушілігін сезінетінін айтты.

"Адамдар арасында табиғатқа және бір-біріне деген ашу, менменшілдік, өзімшілдік, агрессия көп. Таза ауа тек Якутияда сақталады. Арктиканың, Солтүстіктің табиғаты бұрыннан барлық планетаға таза ауа беріп тұрды, бірақ бұл ресурс та бітеді", - деп түсіндірді Айтыына.

Якутиялық көріпкел табиғи өзгерістерден бөлек әскери қақтығыстар да күшейе беретінін жеткізді. Оның айтуынша, 2023 жылдың 24-25 маусымында бәрі орнына келеді: бұл күні қабылданған саяси шешімдер тағдырды шешеді.

"Біз ортақ күшімізбен планетаның жағымсыз сценарийінің алдын аламыз деген кішкентай үміт бар", - дейді Айтыына.

massaget.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста