Көрден шыққан кемпір

Көрден шыққан кемпір

70-жылдары біздің ауылда мыңғырған малы бар Есенбай деген бай кісі болды. Адамдардың айтуына қарағанда, малының санын Есенбайдың өзі де білмейді. Сол маңда отар қой, табын сыйыр, үйір жылқы көрінсе «бұл Есенбайдың малы» дейтін. Есенбайдың малының сансыз көп екенін содан да аңғаруға болатын. Соған қарағанда ол маңда Есенбайдың малынан басқа мал жүрмесе керек. Білетіндер «ауылдағы қалған адамдардың бүкіл малын қосқанда Есенбайдың малының оннан біріне жетпейді» деуші еді.

Сол Есенбайдың байлығын аузын ашқанда бірден көруге болатын. Есенбай аузын ашқанда отыз екі алтын тіс жарқырап көрінетін (сол кездері алтын тіс мода болған).

Соны көрсеткісі келе ме болмышы нәрсеге аузын айқара ашып, ақалап күле беретін. Есенбайдың анасы мен әйелі де алтыннан құр емес еді. Білегі мен саусағындағы алтынға қоса олардың да бар тісі алтынмен апталған болатын. Алтын бар жерге жылан үйір деуші еді. Бірақ Есенбайдың үйіне адамдар үйір болатын. Есенбайдың үйінің шаруасына көмектесу үшін баратын (жағымпаз) адамдар көп еді. Кейбір үйге шақырса бармайтын, ауылдың ана шетінде тұратын молда да ауылдың мына шетінде тұратын Есенбайдың үйіне күнде бір рет бас сұғып, ата-бабасына құран бағыштап кететін. Сондықтан құрдастары оны «Есенбайдың жеке молдасы» деп келемеждейтін. Тіпті, Есенбайдың көкпарға салатын атын баптауға таласатындар да көп тұғын. Шамасы жақсы ақы төлейтін болу керек.

Бір күні сол Есенбайдың анасы қайтыс болды. Анасын той жасап жатқандай дастархан жасап, соңғы сапарға аттандырды. Кісі өте көп болды. Көрші ауылдың бәрі тай-тұяғымен көшіп келгендей. Ертеңінде Есенбай байдың анасын ауыл маңындағы мазаратқа апарып жерледі. Қызық содан кейін басталды.

Мола қазып, Есенбайдың анасын арулап қойған жер қазушылар кемпірдің алтын тісімен бірге көміліп жатқанын байқаған. «Алтын көрсе періште жолдан таяды» демекші алтынды көрген жер қазушылардың ойы бұзылады. Жерлеуден соң өзара ақылдасқан жер қазушылар түнде барып моланы ашып, кемпірдің алтын тістерін алмақ болып уағдаласады. Келісілгендей, олар түн қараңғысы түскенде мазаратқа барады. Моланы қазып, кемпірдің денесін сыртқа шығарады. Өлген адамның жағы семіп қалуы тиіс, алайда кемпірдің аузы оп-оңай ашыла кетеді. Араларында көпті көрген ересектеу Рыхым қасындағыларға күдігін жеткізеді. Алайда алтынның буына еліккен қалған екеуі тістеуікпен алтын тісті жұлуға кіріседі. Тістеуікпен тісті тартқан кезде кемпір ыңыранады. Мұндайды күтпеген үшеудің зәресі кетеді. Сәлден соң, өз құлақтарына сенбеген олар кемпірдің мүрдесіне жақындап бетіне үңіліп тың тыңдайды. Сол сәтте кемпір күрсінеді. Алтын тіс сатып байымақ болған үшеу бір-біріне қарайламай қаша жөнеледі. Олар ауыл шетіне келіп ес жияды. Сонан соң бұл жайлы ешкімге тіс жармауға келісіп, үй-үйіне тарасады.

Арадан біраз уақыт өткенде кемпір есін жияды. Жан-жағына қарап, қайда жатқанын білген соң мән жайды ұғады. Бірден үйге барсам, балаларым қорқып қалар деп ойлап, ақиреттік ақ матаны үстіне оранып, ауыл шетінде тұратын моланың үйіне келеді. Үйдің қасына келіп, қорған сыртынан молданың атын атап шақырады. Қорған сыртына шыққанда, кеше ғана өзі жаназасын шығарған Есенбайдың анасын көріп, молда есінен айырыла жаздайды. «Кет, кет!» деп судыратып құран аяттарын оқи бастайды. Бірақ кетейін деп тұрған кемпір жоқ. Қайта, «мен пері де, періште де, аруақта емеспін, өзің күнде көріп жүрген Есенбайдың анасы Қалима апаңмын, есіңді жи» дейді. Көріп тұрғаны аруақ емес екеніне көзі жеткен молда біраздан соң өзіне келеді. Кемпір есін жиғанда мола басында жатқанын, бірақ моладан қалай шыққанын білмейтінін айтады. Содан соң үйіне ертіп барып, алдымен болған жайды Есенбай мен келініне түсіндіріп, содан соң өзін үйге ертіп кіруін өтінеді.

Түн ортасында үйіне келген молданы Есенбай ұнатпай, есік алдынан суық қарсы алады. Молда тығыз шаруа бар еді, үйге кіріп әңгімелессек дейді. Үйге кірген соң қарызға ақша сұрап келген болар деген Есенбай молдағы жүзін теріс салып отырады. Молда әңгімені неден бастарын білмейді. Сәл үнсіздіктен кейін «анаң тірі» деп дүңк еткізеді. Есенбай мынаның есі ауысқан ба дегендей молдаға бажырая қарайды. «Иә, иә, анаң есік алдында отыр» дейді молда. Есенбай «түсіндіріп айтсаңшы, не деп кеттің» деп молдаға шүйлігеді. Молда Есенбайды сабырға шақырып, болған жайды айтады. Есік алдына атып шыққан Есенбай мен анасы жылап көріседі. Жылаған дауысты есітіп далаға шыққан келіні де оларға қосылады.

Ертеңінде Есенбайдың анасы тірліп келіпті деген сөз ауылға тез-ақ тарап кетті. Есенбай мал сойып, сол күні түсте бүкіл ауылды жинап ас берді. Арадан екі жыл өткен соң Есенбайдың анасы шынымен де қайтыс болды.

Бұл жағдайды әркім әртүрлі жорыды. Біреулер Есенбай малды арамдықпен жиған, соған құдайдың көрсеткені десе, енді бір Алланың құдіреті деді. Бүгінде ойласам, Есенбайдың анасы летаргиялық ұйқыда немесе клиникалық өлім күйінде болған ау, шамасы.  


Дереккөз: el24kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста