КІСІКИІК
Әрбір күн сайын әлемде неше түрлі мистикалық, қорқынышты оқиғалар орын алады. Адамдар осы жағдайдан қорғану үшін полицияға, құтқару қызметіне хабарлайды. АҚШ-та 911 номеріне соғып, осындай жайттарды баяндаған сәттер бар. Солардың бірнешесін айтып берсем.
1. Бұл жағдайлардың бірі 2005 жылы Вашингтонда тіркелді. Бұл оқиғаның кейіпкері өз үйінің алдынан кісікиік көрген. Ол алғашында отырған. Кішкентай болып көрінген. Ал денесімен тік тұрған кезде бойы 2 метрден асатын ірі адамды көрген. Қоңырау соққан адам оның не адам, не хайуан екенін ажырата алмаған. Жақында үйінің жанында иті өлгенін айтады. Бет-жүзі қап-қара адамды көріп қатты қорқып диспетчерге айқайлайды.
2. Рейвен Смит 2012 жылдың 13 қазанында іс-түссіз жоғалады. Осыдан соң, оны ешқашан таба алмайды. Ол үйінде жалғыз өзі қалған кезде, оның терезесінен ұзын бойлы ер адам қараған. Және бір кезде аяқ астынан жоғалып кетеді. Сәлден соң, оның үйінің тұтқасы жылжи бастайды. Рейвен қатты үрейленеді. Диспетчер оған тығылуын өтінеді. Ол кереуеттің астына кіріп кетеді. Белгісіз құбыжықтың үйіне кіріп, оған жақындай бастағанын сезген Рейвеннің дауысы сәт сайын қиындай түседі. Үйдің едені ыстықтап кетеді. Диспетчер құбыжық Рейвеннің бар екенін білмес үшін, сұрақтарына телефонға тықылдатып жауап беруін өтінеді.
Диспетчер барынша оны сабырға шақыруға тырысады. Бір кезде кереуеттің көтерілген дыбысы мен Рейвеннің шыңғырғаны естіледі. Сәлден соң, жаңғырықтың дауысына ұқсас дыбыс шығады.
Теория бойынша бұл адамдардың үйіне кісікиік деп аталатын мифтік кейіпкер барған. Дегенмен де әртүрлі оқиғалар осы мифтің ақиқатқа айналуына апарып соқтырды. Және тағы бір қызықты факт, кісікиіктер үйге тек жалғыз адам болғанда, мүгедек немесе кішкентай балалар болғанда кіреді екен. Бұл жағдайда неше түрлі ессіз теорияларды дүниеге әкелді. Ал сіз қалай ойлайсыз?