Кісі жұтқыш қылыш

Хоккайдо префектурасының аңызы

Хоккайдо префектурасындағы Асахикаваға таяу орналасқан айндардың (Жапонияның солтүстігін мекендейтін этнос Ш.Ж.) бір ауылында көне қылыш бар екен. Ол сол елдің қолбасшысының үйіндегі рорунпярада (айндардың сиынатын орны Ш.Ж.) ескі кездемеге оралып сақталыпты. «Ораудың ішіндегі қасиетті қылышты ашып алуға болмайды» деген сөз ел ішіне тараған соң әлгі орауға ешкім қол тигізбейді екен.  Бұл қылыш ерте замандарда ел шетіне жау келгенде арнайы дұғасы оқылса, жүздеген жау әскерін бір өзі жайпап салатын ғажайып қасиетті екен. Қасиетті дұғаны білетін қариялардың қатары сиреген соң қолбасшы оны жан баласына көрсетпей үйінде сақтапты.
Бірде мынандай тосын оқиға болады. Әлгі ескі ораудан найзағай тәрізді ұшқын шығады. «Апырмай, бұл ненің белгісі болды екен?» деп, көргендер аң-таң боп тұрғанда әлгі жарқ-жұрқ еткен қылыш әуеге көтеріліп,  ауылдың үстінен қалықтай ұшты да бір үйдің төбесіне түсті. Қылыш түскен үйдің адамдары үні шықпастан мерт болды. Қылыш әрқайсысының денесіне оңдырмай із тастапты.
Бүкіл ауыл дүрлігеді. Қолбасшы қылышты орауымен қосып бір тәулік жүріп отырып жан баласы бармайтын тау қойнауына апарады. «Бұл жерден қылышты ешкім таба алмас. Ол әуеге қайта көтерілсе де асқар таулардан аса алмайды. Қылышқа құрбан болар тіршілік иесі бұл таулардың арасында жоқ» депті қолбасшы. Сөйтіп, ол жартастың үстіне қылышты қоя салып, жылдам басып кейін қайтады.
Қылыштан құтылдым деп, қуанып, үйіне келген қолбасшының өңі бозарып, сілейіп тұрып қалады. Сөйтсе, қылыш рорупярадағы орнында сол қалпы жатыр. Қолбасшы «Бұны мұнда кім алып келді?» деп аң-таң болады. Сиқырлы құпияны ешкім түсіне алмапты. Түн де қоюланады. Қолбасшы әрі ойлап, бері ойлап, аждаһа қаруға тас байлап өзенге тастауға бекінеді. Таң ағарып ата бергенде: «Әке, әке! Анау бәрін қырып жатыр» деген қызының даусынан оянады. Рорунпяраның үстіндегі орау ашық жатыр. Қылыш ізім-ғайым. Сөйтсе, сиқырлы қару түн ортасында ұшып шығып үйлерді шетінен шауып жатыр екен. Ауыл үрейдің түпсіз тереңіне батқандай күй кешеді. Елдің зәре-құты қалмай, берекесі кетіп тұрған шақта бір жолаушы осы ауылға келіп түсіпті. Жұрт бастарына төнген тажалдың жайын баяндап береді. Жолаушы олардың сөзін тыңдап болған соң былай депті:
— Бұл эпетам деген кісі жұтқыш қылыш. Мен талай елді аралап келе жатқан адаммын. Баяғы заманда айн жұртына келген жау эпетамның  шақұр-шұқыр еткен дыбысынан қорқып-ақ шабуылдауға батылы жетпей, кейін қайтады дегенді естігенмін.
— Ертеде жаудың мысын басқан қылыш бүгін өз елін шабуда. Одан құтылудың амалы бар ма? — деп сұрайды ауыл халқы.
— Ол тасты азық етсе ғана тыншиды, — дейді де, жолаушы орнынан көтеріліп, өз жөніне кете береді.
 Қолбасшы қылышты темір жәшікке салып, айналасын бес-алты таспен бекітіп, аузын мықтап жауып тастады. Содан бастап түн сайын жәшіктің ішінен қыртылдаған дыбыс шығатын болыпты. Шамасы қылыш тастарды кеміріп жатса керек. Арада бір ай өткенде қыртылдаған дыбыс та басылып, қылыш тыншиды. Бірақ көп ұзамай тағы бір түні найзағайдай шартылдаған жарқылды зат ауыл төбесіне көтеріліп, кездескен жанның бәрін шаба бастапты. «Бұл жалмауыздан құтылатын жол бар ма?» деп, зар жылаған елдің етегі жасқа толыпты. Бейнебір халықтың зарын естігендей-ақ, сол сәт ғайыптан Әулие пайда болып, қолбасшыға мынаны айтады:
— Бұл қылыштан құтылудың бір ғана жолы бар. Хотойпауцтың астындағы Асамтоо деген түпсіз терең дарияға барғын. Сол дарияның жанындағы құлама жартасқа алтарь жасап, сиыну қажет.
Ел қуанып, Әулиенің айтқанын істеді. Қолбасшы жұртын жинап, Көк Аспаннан медет тіледі. Бір кездері болғанда биік жартас қақ айырылып, дария толқындары тулай бастады. Қолбасшы ескі орауды ұстап тұрып: «О, Жаратқан! Мына қылышты өзің ала гөр!» деді де, дарияға сүңгітті. Тынысын ішіне тартқан айн елі көріністің үнсіз куәгері болды. Дария толқындарындай елестеген есепсіз иірімдер су бетіндегі көп жылан екен.
Қылыш содан қайтып ауылға оралмапты. Бір ғажабы қасиетті қару дарияға тасталған соң ел шетіне бірден жау келіпті. Сол кезде қарсы амал табар жалғыз ғана бақсы шығып, тауда жасырылған бір көне қылышты қолына алып, сермеп: «Эпетам! Ақсақалдардың біреуін таңда!», — депті. Сол-ақ екен, әлгі қылыш дарияға тасталған эпетам қылышындай айбынды дыбыс шығарып, от шашқанда жау сескеніп, кейін қайтыпты дейді.

Жапон тілінен аударған
Шарапат Жылқыбаева

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста