Кімнің басына бақ құсы қонады?

Тасы өрге домалап жүрген азаматты көргенде "Басына бақ құсы қонған екен" дейміз. Расында, ақ адал несібесін тауып, жұмысы ілгері басқан жан елдің осылайша шынайы ықыласына бөленеді. Оны бәріміз де білеміз. Әрине, ол байлық та, қызмет те болуы әбден мүмкін. Ескіден жеткен есті әңгімелерге құлақ салып көрсек, осындай аңыз бен әпсананы жадымызға тоқи бастаймыз. Бақ құсы кез келген адамның басына қона бермейтіні тағы бар. Оны да естен шығара қоймаған орынды болар еді. Десе де, осы бір дүниенің тылсым сырларына қаншалықты үңіліп жүрміз? Ол туралы не білеміз? Бақ құсы не себепті әрбір адамның басына бұйыра бермейді? Ол неге санаулы ғана адамдар басына қонады екен? Халқымызбен бірге жасасып келе жатқан сол аңыздарға қаншалықты маңыз беріп келеміз? Аталарымыз бата бергенде де "Басыңа Алла бақ берсін" деп басталады емес пе? Ендеше, бақты бастан теппейік. Оны қаншалықты бағалай аламыз?
Ежелгі әңгіме ауанына үңіліп қарап көрсеңіз, құт адамның басына қонатын бақыт құсы болып саналады. Сондай-ақ, оның әулиелер мен патшалар және өзге де қарапайым адамдар арқылы да келетіні жайында сыр шертіледі. Бұрыннан келе жатқан "Құтты қонақ келсе, қой егіз табады" деген тәмсіл бізді осындай ойларға жетелейді. Оған қоса "Қойшының таяғынан, келіннің аяғынан" деген әңгіме де бұрыннан бері тектен-текке айтылып келе жатқан жоқ. Оған қоса Қыдыр ата арқылы да келу мүмкіндігі теріске шығарыла бермейді. Бұл жайында "Қыдырып Қыдыр-Ілияс осы елде жүр, Байларды қарастырып ескі құттан" деген әңгіменің тереңіне үңілгеніміз артық емес.
Тарихқа көз салып қарап көрсеңіз, тұтас бір ұлттың және тайпаның құт-берекесіне айналған тұлғалар болады. Осындай басына бақ қонған құтты адамнан бата алу ілгері қарай ілкімді істерге бастайды деген де сенім бар. Ондай адамдардың отырған жеріне баланы аунатып алу, аузына түкірту, сарқытын ішу, алақанына тәу ету секілді ырымдар біздің халқымыздың арасында кеңінен таралды. Сонымен қатар, әрбір әулет пен шаңырақтың берекесін келтіріп, әрдайым әзиз күйге бөленіп жүрген қарапайым аналар мен әйелдер де әрбір отбасының құт-берекесін келтіріп отыр делінеді.
Құт-берекены ұстап тұру оңай емес. Елдің арасында басынан бақ құсы ұшып кетті деген тіркес те көп жайды аңғартады емес пе? Кейде құт пен береке бір ғана адамның басында болып, оның ұрпағына жалғаспай қалуы әбден мүмкін. Осындай себептерге байланысты ата-бабаларына қонған құтты ұрпақтан-ұрпаққа сақтап қалу мақсатында әруақты сыйлау, ата-баба заңы мен өсиетін қатаң ұстану, осыған орай тұқым тектілігіне мән беру туындады. Ата-бабаларының басына бақты ұшырмай, әулетте сақтап қала отырып кейінгі ұрпақ ешбір қиналмастан бақытты және дәулетті өмір сүреді деген әңгімелер айтылады.
Дегенмен, кейбір жағдайда бақтың ұшып кетуі жайында да сыр шертіледі. Оған не себеп болады? Елдің арасында сан алуан адамдар бар. Біреуі астамшылыққа жол береді. Ендігісі адам баласына қиянат жасап, өзінің бейнесін жоғалтып алады. Нәпсісін тыя алмай жүргені де қаншама. Қанағат пен ынсапты аяқ асты етіп, дүниеге құныққан пенделер де одан қағылып жатады. Арамнан мал жиған жандар да одан адыра қалып жатады. Оған қоса ұрлық түбі – қорлық екенін де ұмытпағанымыз абзал. Өтірік демей-ақ қоялық, елдің арасында Құдайды ұмытып, тәубеден тайқып жүргендер де баршылық. Ғайбат сөйлеу, өсек-өтірік айту, елдің қасиетті адамдарын және ата-ананы қадірлемеу де сондай олқылыққа алып келіп жатады. Сондай-ақ, әйелдердің ерін сыйламауы, еркектердің әйелді қорлауы, байлардың кедей мен жарлыны. жетім мен жесірді жәбірлеуі де сондай жағдайға алып келеді. Мұндай жат әдеттерге байланысты бақ тайып, әруақ үркіп Құт басқа адамның басына қонуы ғажап емес.
Дәстүрлі дүниетанымда оның кетуі тіл-көз тиюден, дуа-қарғыстан деп те айтылады. Ислам ойшылдары ол құбылыстың сырын тереңнен іздеді. Олардың ұғымынша иманды және адал адамға қарғыс тимейді. Оны Алланың өзі қорғайды. Жалпы алғанда, Құт сөзіне апат, сор, жұт, аштық, жоқшылық, құлдық, қорлық, бейнет секілді қарама-қайшы келетін де ұғымдар да бар. Кейбір жағдайларда індет аурулар көбейіп, мал басы кеміп жатады. Жердің құнсарсыз болуы да егінші қауымға өзіндік қиындығын алып келеді. "Құсы ұшып көлінен, құты кетіп жерінен" делінетін жолдар кездеседі.
Құт сөзі ертедегі Орхон жазба ескерткіштерінде кездеседі. Мәселен, Күлтегін жазуында "Тәңірі жарылқауымен құтты қаған болдым" делінген. Көне түркі заманында құт сөзі жан, өмірлік қуат, рух,бақыт, жақсылық,сәттілік, табыс, сыбаға,ұлылық, дәреже, ақиқатқа жету, нұрлану, шынайы бақыт пен шаттыққа кенелу деген секілді мағыналарды білдірді. Осыған сәйкес адам мен жан-жануарлардың, өсімдіктердің жаралу, өсіп-өну заңдары ұқсастық негізінде, екінші жағынан, күллі жаратылыс тылсым рухтарға тәуелді, тағдырдың бастауы оның көзге көрінбейтін жанында, ал оның иесі, тірі жандарға қуат беретін тәңірлер, құдайлар, күллі мақұлық Құтқа мұқтаж, ол Көк тәңірден келеді, әсіресе, ел билеушілер Құт қонған адамдар болуы тиіс деген түсінік орын алды. Өйткені ел билеушілер арқылы бұл қасиет басқа қарапайым пенделерге тарайды деген сенім болды.
Әманда, басымыздан бақ таймасын. Шаңыраққа құт-береке орнай берсін. Бақ та, бап та шапса дейміз...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста