ЕСКІ ҮЙДЕН КЕЛГЕН ЕЛЕС

ЕСКІ ҮЙДЕН КЕЛГЕН ЕЛЕС

Асығыс көлігін оталдырған ол барынша тез жылдамдықпен жүріп кетті. Қашып келеді. Бұл жолы өз үйінен. Ауылдың ең шетіндегі жалғыз түтін осы Ғабиттердікі болған-ды. Бұрын. Қазір ол ешкімге тіс жармастан темір тұлпарын тізгіндеп, үрейі ұшып келеді. Қалай ойламаған, ә? Басы зеңіп, жолға зорға қарайды. Көліктің айнасынан арттағы жолды, үйін көруге тіпті қауқарсыз... 

Үлкен қалаға отбасымен бірге көшіп келгеніне биыл 10 жылдың жүзі болыпты. Осы уақыт аралығында бармаған тәуібі, қаралмаған емшісі қалмаған. Түн ауа есі шығып, екі дүниенің ортасын­да қалады да қояды. Сыртынан қараған адамға не өмір сүріп жатқанының, не ажал құшқанының нышаны білін­бейді. Ал бұл уақытта Ғабит өзі­мен-өзі арпалысып шығатын. 
Басқа әлемге енгендей болған­ оны сезімі алдамапты. Айдала. Шөл. Жанында келбеті келісті, сымбаты сымдай тартылған әдемі қыздар өріп жүр. Айнала билейді ме, бұны биге шақыра ма, әзілдескен бола ма, түсінік­сіз. Әйтеуір, жапа-тармағай барлық бойжеткенге ұнап қалғандай. Әнебір ортада жүргені ең ерекше сұлу екен, сыңғырлаған күлкісін айтсаңшы! Кенет көзіне қарап қалып еді. Сұмдық-ай! Қыздың көзінің орнында қып-қызыл болып шоқ тұр екен. Қорыққанынан қалтырап кеткен Ғабиттің аузына сөз түспей қиналды. Қалада ақшаның соңынан қуып жүргенше бір мезгіл мешітке барып, Құран жаттаса ғой. Осы кезде көмегі тиген болар еді деп те ойлап қояды. Қыз бұған қарай жақындап келеді. Жерге қараса атасынан қалған кездігі жатыр екен, жалма-жан алды да бойжеткенге қарай сіл­теп қалды. Қаһарына мінген сұлуы әп-сәтте албастыға айналды. Екеуі тілсіз қалып, бір-бірі­не қарап тұрды. Жаңағы мыстанның мысы басып бара жатқандай. Ғабит болса мына әлемнен өмірге қалай ауысып келерін білмей дал. Өзінің үйіне өтетін есік қайда? Жан дүниесі әлем-тапырық болып кетті. Мұның ізін ала жаңағы айнала жүргендердің барлығы жалбыр шашты,­ киімдері лас, адам түсінбейтін мақұлыққа айналды. Бұған қарай ентелеп келеді. Бұл қара терге малшынып, құстай ұшты. Басы ауған жаққа жүгіріп барады­. Бір кезде біреуі жетіп келіп, екі қолымен жұлқылай бастады. 
Көзін ашса, анасы. «Ұлым-ау, жаның шығып кетті ме, тұрсаңшы» деп жылап, жұлқылап жатыр­ екен. Аман-есен оралға­нына­ шүкірлік айтып, бір жаудан­ құтыл­ғандай кеудесін кере демал­ды. Терезеден сыртқа көз салып еді, жаңағылар қоршап төніп тұр екен. Осылай күнде бір арпалыспен оянады. Олар да күнде бір «қылық» көрсетіп кете­тін болған. Бәлекеттердің үйге кіруіне кезінде марқұм атасынан қалған тұмары кедергі. Сол тұмарды мойнына таққысы келмеп­ еді кезінде. Осыны ойла­ғанда бар денесін ауырлық басып, үні өше берді. Дауысы шықпай жатқан бейшараның не айт­қы­сы келгенін үй ішіндегілердің ешқайсысы ұқпады. Осылай отырғанда бірнеше сағат өтті. Сосын ол бар күшін жинап тұрды да, машинасының кілтін алып сыртқа шықты. Есіне бір­деңе түскендей еді. Атасы өлері­нің алдында үйінің жанында тұрған күркенің есігін ашпа деген­ болатын. Қалаға көшері­нің алдында бұл қызық көріп, ішін ашып көрген. Пәлендей ештеңе жоқ. Ескі-құсқы киімдер. Шаш, тырнақ, қара маталар­ды көргенде де ештеңе сезбеген еді. Енді бұлар Ғабиттің соңынан­ қалмайтын болды. Ауылына барып­, өз көзімен тағы бір көрді. Аңдап қараса, портрет ілулі тұр. Шаңын алақанымен сүртіп қалғанда, түсінде көрген бейнені көрді. Сурет емес, құдды, жанды мақұлық дерсің. Көлігіне қарай жүгіріп, асығыс оталдырды да жүріп кетті. Өз үйінен қашты. 
Шаңқай түс. Қаланың кең көшелерінің біріне жүйткіп келіп бір көлік тоқтай қалды. Жанынан өтіп бара жатқан жо­лау­шылар айқайлай бастады: 
–Қараңдар, машинаны басы жоқ адам айдап келіпті! 
Көшедегі жұрт үрпиісе қалып, Ғабиттің көлігіне жақындады. Есікті ашса, адам баласы жоқ. 
Ескі күркеде Ға­бит­тің тұншыға жө­теліп жатқан дауысы шықты. Алайда оны қаңыраған ескі үйден басқа еш­кім естімеді.


Дереккөз: el24kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста