ДОМОВОЙ

Көзбен көріп, құлақпен естімегенге сене бермейтін пенделерміз. Бірақ руханият атаулының бәрі мораль тұрғысынан санамызда дөңбекшіп жатқан соң, амалсыз бас иеміз.

Әйтпесе, адамды маймылдан жаратып, Дарвин көкемнің даңғазасын жаттап өскен біз емес пе едік? «Ақиқаттың шымылдығын шындық келіп жұлып алғанда, шыбын онн жерге кірген» ілімнің тілі күрмелді. Сан мыңдаған санада сайтанның сапалағын ойнатқан маймыл ұғым Хақ Тағаланың ілімінің алдында мәймөңкелеп қалды. Содан бері де неше жыл өтті. Біраз рухани сұрақтардың қанағаттандырарлық жауаптарына қанықтық. Біразы шідерін шеше алмай жатыр. Сондай бір сұрақ менің де ойымда жиі жүреді. Ол — осы мақалаға арқау болып отырған «домовой» деген ұғым. Ұғым болған жерде сауал бой көтереді. «Домовой» деген шындығында бар о, жоқ па? Сауалға тиісті жауабы да бар. «Ол лас жерлерде, орыстардың үйінде болады». Неліктен? Не себепті? Оның жауабын беру қиындау. Сол себепті өз білетіндерімді ортаға салайын. Бәлкім, түрлі ойларға түрткі бола жатар…

ТАНЫСУ

Ол кезде сегізінші сыныпта оқимын. онны та бес күн болып, екі күн ағаларым жалдап тұратын пәтердің қонағы болушы едім. Интернаттың қорқынышты һәм қызғылықты бес күнінде неше түрлі алып-қашпа әңгімелер еститінбіз. Оның бел ортасында «домовой» ұғымы жүретін. Бала болған соң, сескенесің. Бірақ қызығушылық мұндай хикаяларды тыңдатпай қоймайды. Бізбен бірге Нұржан деген Семейдің жігіті оқыды. Алматыда туыстары жоқ болатын. Сенбі, жексенбіде жатақхананың «домовойы» болып сол қалатын. Түнде даңғарадай үш қабатты жатақханада жалғыз қалуға (күзетші, тәрбиешілердің бөлмелері астыңғы қабатта) бала тұрмақ, ересектердің өзі жүрексінер еді. Бір сенбіде ұзынағаштық Мәулен деген жігіт ауылына қайта алмай қалып¬ты. Содан қорқытпақшы болып, көрпе-жастығын Нұржанның төсегінің астына салып жатса керек. Түнгі ондар шамасына дейін шыдаған Мәулен ақырын Нұржанның төсегінің астын тақылдатады. Біреу есік қағып тұр екен деп: «бұл кім?» дейді. Үндемеген соң, есікті өзі барып ашады. Ешкім жоқ. Онан кейін және тақылдайды. Нұржан «біссімілләсін» мың қайтара айтып, Аллаға жалбарынады. Бірақ төсек астындағы тақыл ұйықтатсын ба? Рас, ойыннан өрт шығып, Мәуленнің басына біраз проблема болған. Әлі күнге жыр қылып айтамыз. Осыдан кейін мұндай әңгімелерді пенделерді қорқыту үшін шығады екен деп ойлай бастадым. Ол ой да алысқа бармады.

Бір сенбіде ағам жалдап тұратын пәтерде ұйқылы-ояу жатқанмын. Пәтер Рысқұлов даңғылы мен Шемякин көшелерінің қиылысатын тұсындағы «Қарақалпақ» көшесінде еді. Ылғалданып, иістеніп тұратын ұйғыр шалдың жаман құжырасы. Қай жылы салынғаны бір Аллаға аян. Ауылдан келген біз секілді әр қазақ баласы осындай бір әлдекімнің ат қорасында тұрып, үл он-үлкен мемлекеттік университеттерде оқитыны бар ғой. Жатаққа қол жетпеген соң, қайтеді енді. Сізге өтірік, маған шын. Өз көзіме өзім сенбеймін. Бойы бір қарыс әйел жүгіріп жүр. Жүрісі анық байқалады. Қорыққанымнан көрпемді қымтай беріп едім, мойныма жармасты. Көзімнің алды қарауытып, булықтым да қалдым.

Тамақ әзірлеп жүрген әпкелерімнің даусын еміс-еміс естимін. Алқымдағы жабысқақ пәлені итеріп жібергім келеді. Тілім күрмеліп, «біссімілләға» да жетер емес. Бір кез булықтырған қол мойнымды азат етті. «Орамал берші» деп айғайлап жібердім. Суық қара терге малмандай болыппын.

Әпкелерім жұбатып жатыр. «Ештеңе етпейді, қара басқан ғой». Біз «домовоймен» осылай таныстық. Әсілінде, құлағыңыз түрік жүрсе, талай әңгімелердің астында қаласыз. Оның бір ауығы осы қара басуға да арналып қалады. Өмірде қара баспаған жандар некен-саяқ. Яғни бұл – қазақтың ұлттық ұғымында бар дүние. Бәлкім, орыстардың «домовой» деп айдарлаған пәтшағары осы шығар. Әрине, кесіп айтуға болмайды.

«АҚТЫҢ БЕТІН ЖАП»

«Өте ерте заманда Сыр өңіріндегі Мұрынқарақ тауы, «Ешкілі» көлі маңындағы Қоңырат деген елде бір кемпір мен шал тұрыпты. Олардың жалғыз қызы және бір көк сиыры болыпты. Сол сиырдың сүт-айранын ішіп күнелтеді. Бір күні қызы айранның бетін жабуды ұмытып кетеді. Таңертең әке-шешесіне айранды берейін десе ыдыс бос, түбінде бір алтын теңге жатыр. Қайран қалған қыз ертеңіне де айранның бетін ашық қалдырады. Әдеттегідей ояна келсе, тағы да ыдыста айран жоқ, ішінен бір теңге көреді. Үшінші күні қыз ұйықтамай, мұның қандай құпия-сыр екенін білейін деп, таңға дейін ояу жатады. Шолпан жұлдызы туған уақытта Мұрынқарақ тауынан бір нәрсе жалт-жұлт етіп ұшып келеді де, ыдыстағы айранды сылпылдатып іше бастайды. Ішіп болған соң, дың еткен дыбыс шығады. Қыз бәрін бақылап отырады. Әлгі ұшып келген алтын жылан еді». Мифтік әңгіме. Бірақ мұның да астарында шындықтың жатуы бек мүмкін. Сол хикаяның аяғы біз ойлағаннан бөлекше бітеді. Жылан әкелген алтын кедейді байытып, оны хан естіп, жыланның інін қазып, алтынын алады. Жылан оған ызаланып, ұясын бұзғандардан біртіндеп кегін қайтарады. Ең соңғы қалған жігітке бір кемеңгер келіп: «Шырағым, жылама. Одан да басыңа 7 нан мен 2 болат кетпен қой», — дейді. Диқан әлгі кісінің айтқандарын істейді. Алтын жылан аспанға ұшып, 2 болат кетпенді тесіп өтіп, 6 наннан өтіп, жетінші нанға келгенде сылқ етіп құлайды. «7 нан шелпек тарату содан қалған». Өзгені қайдам, осы әңгіме барысындағы айранның бетін жабу дегенге көп мән берем. Өйткені орыстар кешкісін «домовой» мазаламау үшін бір табаққа тамақ құйып қояды. Әйтпесе, «түнімен ыдыс-аяқты шылдырлатып шығады» дейді.

ЖАҢА ҮЙДІҢ ХИКАЯСЫ

Мұның бәрі – естіген әңгіме. Тыңдаған құлақты да, айтқан ауызды да жазғыра алмайсыз. Өткен жолы ұстазым Кәкен Қамзинмен біраз сырластық. Әңгіме арқауы әдеттегідей «не жазғалы жатырсың?», «мына мәселені көтерсеңдерші…» деген сұрақ һәм ұсыныспен басталды. Кейбір білмейтін жайттарды кітапханадан ақтарып жатпай, осы кісіден тыңдай салуды да хош көретініміз бар еді. «Домовойдың» шет жағасын шығардым. Тақырып ұнамады о, жоқ әлде әңгіме арынын басқа арнаға бұрғысы келді ме, көп шешілмеді. Тек: «Домовой» деген бар дейді ғой. Біздің үйге келген қонақтар түнімен ұйықтай алмадық, өйттік-бүйттік деп жатады. Бірақ өзім көрген жоқпын», — деді. Бұл әңгімені онан кейін көп адамнан естідім. Бір күні қала сыртында тұратын әпкеміздің үйінде осындай хикая тағы да алдымнан шықты.

Құлжа күрежолының бойында генерал Панфилов атында ауыл бар. Сол ауылда әпкем тұрады. Осыдан бірер жыл бұрын үй салған еді. Әкімшілік бастапқыда егін егілген аңыздан жер бөліп онны . Жаңа салынған құрылыс тез бой көтерді. Алғаш үй салына бастағанда осы ауылда ежелден тұратын бір орыс кемпір «кіре берісте орыс шалдың мүрдесі жатыр. Соның үстіне үй түсіп кететін болды» депті. Әрине, мұндай сөздерді елемейтін қазақпыз. Жиған-терген дүниемен үй де бітті. Енді, міне, сол үйде бір елес бар екені анық көріне бастады. «Домовой ескі тамдарда болады» деген де өтірік екен. Кей кездері есіктер өзінен-өзі ашылып, түнімен сықырлап, маза бермейтін көрінеді.

МӘТӘЙ

Дін Ислам бәріне жауап береді. Бірақ біздің елге шеттен келген «саяси діндарлар» ұлт пен діннің арасын ашып, ол орталыққа өз менталитеттерін тыққысы келеді. Бір ой айтсаң, Аллаға серік қосушы боласың. Жұмақ пен тозақтың ортасындағы қоғамдық көліктей сезінеді өздерін. Қай аялдамаға тастайтындарын да солар білетіндей. Біздің сөз етіп отырған «домовойымызды» олар бір ауыздан жындар он салуы да мүмкін. Бірақ әр пенде танымдық дүниені де білу керек. Осындай ойлар жетегіне ерсем, мына бір жай есіме оралады. Сұрақтың жауабын таппай қиналам.

Бейқам ғана тірлік кешіп, беймәлім көзқараспен ой топшылап, тағдырының да өлшемін өзгеше қиюлап жатқан біздің ауылда түрлі пенделер өмір сүреді. Өмір өткелінен кім қалай өтетінін білмеймін. Білетінім, бәрі де былапыт ғұмырдың батпағына белшелемегендей көрінетін.

Көрші үй. Ағаш шарбақ. Осы шарбақтың ар жағында нендей жайлар өткенін сіз білмейсіз. Олар да ұмытып кеткен шығар. Өйткені ол шарбақтың ар жағында Ердос екеуміз ала таңнан он батқанша ойнайтынбыз. Бір күні достығымыз біраз уақытқа үзілді. Неліктен дейсіз бе? Ердостың 1978 жылы дүниеге келген Мәтәй деген әпкесі ауырып қалды. Жай ауыру емес, жынданып кетті. Мәтәй әпкені өте жақсы көруші едік. Тым сұлу болатын. Беліне қарай шашын тарқатып жібергенде, төгіліп сала беретін. Бетіндегі кішкене ғана сүйкімді меңі күлген сәтте тіпті әдеміленіп кететін. онн бір ұйғырдың қызы (атын ұмытыппын) екеуі он болатын.

Өмір деген түсініксіз ғой. Біздің ауылдың ұл-қызы орысша білмейтін болып келеді. Бірде-бір орысы жоқ ауылда бұл – табиғи құбылыс. Ал Мәтәй орысшаңыз былай тұрсын, бізбен ағылшынша сөйлесетін. Он бірінші сыныпты бітіре салып, шет тілдер институтына тапсырам дейтін. Өз бетімен ағылшын тілін үйреніп алған-ды. Ұйғыр он қызы екеуі он бата спортпен айналысатын. Биік ағаш шарбақтан ор қояндай орғығанда таңдайымызды қағушы едік.

Мәтәй. Шын аты – Мейрамгүл. Бір күні домбыра тартып, бәрімізге концерт қойып берді. «Сіздердің алдарыңызда – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мейрамгүл Манапова». Даусы қандай еді, даусы. Жезтаңдай әнші болатын. Ал арманын көрдіңіз бе? Қазақстанның еңбек сіңірген…

«Мәтәй жынданып кетіпті». Осы сөз кішкене ғана ауылға тез-ақ жайылды. Мәтәй құмалақ ашады екен. Мәтәй темекі шегетін болыпты. Мәтәйді емдетіп келіпті. Ауылда өсек деген желдей еседі емес пе? Айтуға һәм айтпауға болмайтын сөздер арлы-берлі тарады да отырды. Оның бәрін тізбелеуге арым бармайды. Тек жылмаң қағып жүретін қара кемпірді жек көріп кеттім. Мәтәй ауырмай тұрып, қара кемпірдің қызын жын түрткен еді. Дереу қазақша емдетті. Жынданған қызды ешқайда шығармайтын болды. Бір күні азанда көрші апа есік алдына шықса, әдемі топли мен кофта жатыр екен. Үлкен кісі оқытып тастаған шығар деп әлгі киімді лақ¬тырып жіберіпті-міс. Сөйтсе, Мәтәйлардың ағаш шарбағынан асып түсіпті.

Содан кейін қара кемпірдің қызы құлан-таза айығып кетті. Ал Мәтәй…

Тандырға нан жауып жатқанбыз. Әжеме нан тасып беруші едім. Ағаш шарбақтың ар жағында Ердос пен Айдос (Мәтәйдің інілері) үйлерінің сыртын сылап жатқан-ды. Бір кезде Айдос пен Ердостың ащы даусы шықты: «Апа, апа, Мәтәйға бірдеме болып қалды».

Апам жауып жатқан нанын тастай жүгірді. Артынан біз де жеттік. Бойымен бірдей ғана шифоньердің ішінде Мәтәй тұр. Кеуде тұсында белдік. Жаны шығып кетіпті. Асылып өлді деген аты ғана. Әйтпесе, онн белдікпен тышқанды да булықтырып өлтіре алмайсыз. Қалтасынан тілдей қағазға жазылған хат шықты. «Әжем келді. Шақырды. Бармадым. Екінші күні келді, тағы да бармадым. Үшінші күні…»

Үшінші күні Мәтәй еріп кетті. Оның артынан үлкен-үлкен армандар да кетті. Кейін түсіме жиі кіріп жүрді. Мәтәй өлмепті деймін. Бұрынғыдай менен жұмыртқа сұрап жүр екен деймін. Бата беріп жатады. Доп ойнап жүреміз.

Мәтәй қайтыс болғаннан екі-үш жыл өткен соң таң-тамаша жай болды. Ердос пен Шынар (Мәтәйдің інісі мен сіңлісі) ойнап жүріп, Мәтәйдің бөлмесіне кіріп барады. Айнаның алдында суреттерді шашып тастап Мәтәй отыр дейді. Екеуінің есі шығып, тұра қашады. Екі бала шошыған бөлмеге әкелері кіреді. Теріс қарап отырған қыздары әлі отыр екен. Дереу молдаға кісі жүгіртеді. Молда келгенде, Мәтәй жоқ. Тек суреттер шашылып қалыпты.

«Мынау бөлме бұрынғыдан емес тар,

Пана қылып кеткен шығар не бейбақ.

Тек осы бір ескі тамда… елес бар,

Менен бұрын кім тұрды екен?!

онны ойлап…

Үрей билеп берекемді қашырып,

Ұмтыламын кейде сырын білмекке.

Мүмкін біреу өлген шығар асылып,

Анау темір ілгекке».

Ақын досым Ұларбек Нұрғалымның осы өлеңі Мәтәй әпкені еске салады. Қорқыныш сезімін сыйлайды. Қасиетті Құранда: «Ғайыптың кілттері Алланың қолында. Оны Хақ Тағала ғана біледі…» (Әнғам сүресі, 59-аят), – делінеді. Имам Табарани арқылы Алла елшісінен жеткен хадисте: «Ғайыпты Алладан басқа ешкім білмейді», — деген. Расында, білмейміз. Өмірде бәрі де бола береді.

Қанат ӘБІЛҚАЙЫР
alashainasy.kz/

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста