Диірмен басындағы дуана кемпір

1974-1976 жылдары Талды ауылындағы су диірменнің жұмысын қадағалау менен үш жас кіші Еділ екеуіміздің мойнымызда болды. Кеңшардың бізге берген жұмысы болғаннан кейін оны жаман дегеніміз жоқ.

Еділ бір күн, мен бір күннен кезектесіп диірменде жұмыс істедік. Көрші ауылдардан ұн тарттыруға келетіндер көп еді. Су диірменнің жұмысы аса қиын емес. Күндік тамағынды ала келіп, арасында шешем түйіп берген талқанмен шай ішем. Күндіз уақыт тез өтеді. Келген адамдармен әңгімелесіп отырып қалай кештің батқанын білмей қалам. Түнде уақыт өтпей қояды.

Арасында бір ұйықтап алып, бидай салатын уақыттың жобасында оянам. Судың бүлкілдеп жатуына құлағым әбден үйренген. Жұмысым жақсы, бригадир тарапынан ешқандай ескерту болған жоқ.

Бірде Еділ диірменге шықпай қойды. Ауырған жоқ, басқа да себептер болмады. Бірақ жұмыстан бас тартуының сылтауы күлкілі еді. Айтуына қарағанда диірменде белгісіз елес кемпір бар. Түн ішінде келіп, есіктен қарап тұрады-мыс. Талайдан бері жұмыс істеп жүрген мен елес тұрмақ түнде тірі жан көрген емеспін.

Ал Еділ кеңшар бригадиріне елес тәрізді дуана кемпірдің маза бермейтін айтып, жұмыстан бас тартты. Сөзін бақса, түнде дуана кемпір төменде бұдан көз алмай қарап тұрады. Шашы жалбыраған оның түрі сондай ұсқынсыз. Тіпті диірмен ішін де аралап жүреді-міс. Сенгенім жоқ. О заманда бұ заман, елес деген бола ма? Ұйқы қысқан сәтте көзіне елестеген шығар деп болжадым. Бригадир Еділдің жұмыстан кеткісі келетінін түсініп, шопандардың біріне көмекші етіп жіберді. Оның орына ауылдағы Базар қарттың ұлы Бақберген шықты. Әскерден келген жігіт елес бар дегенді естіп, қызық үшін келіскенін айтып дарқ-дарқ етіп күлгенін жақтырғаным жоқ. Елестің жоғы анық, бірақ бұл несіне жетісіп күледі деп жаратпадым.

Арада апта өтпей Бақберген диірменнен безіп кетті. Түн ішінде диірменді қараусыз қалдырғаны үшін бригадир де оның сыбағасын берді. Себебін, сұраған жұрт сәл де болса күдіктейін деді. Бақберген сол кеткеннен молынан кетіп, диірменге аттап баспады. Сұраған жұртқа «ол жақта жын я шайтан бар. Түнімен шашы жалбыраған кемпір мазамды алып, жанымнан кетпей қойды» депті. Онысына мен күлдім. Қайдағы кемпір?

Екінші кезекке адам табылмаған соң бригадирдің ұсынысымен екі кезекте де жұмыс істеп жаттым. Тек түнде жұмысты доғарып, ұйықтаймын.

Бірде түн әлетін жатайын деп түзге шығып келіп, диірменнің сатысына шығайын десем жоғары біреудің тұрғанын көзім шалды. «Бұл кім болды? Мұнда менен өзге ешкім жоқ еді ғой» деген оймен алаңсыз жоғары көтеріле бердім. Қараңдаған бейне екінші қарағанда көзіме шалынбады. Қамсыз ұйқыға бас қойдым. Түн ортасында тұрып, диірменге бидайды толтырып, қайта жатпаққа бекіндім. Сыртта ешкім байқалмайды. Таң қылаң бере тасыр-тұсырдан оянып кеттім. Көзімді ашсам о, тоба... Әлгі Еділ айтып елдің езуіне күлкі үйірген әңгімесіндеге шашы жалбыраған дуана кемпір диірменнің ішінде тұр. Ұшып тұрдым. Тілге келе алмай, көзімді алмай қарап қалыппын. Сасқаным сонша не істерім білмей есікке қарай ұмтыла бердім. Әлгі бейне көз алдымда ғайып болғанда естен айрылғандай болдым. Тілім еріктен тыс «пісмілда» дегенді айтты. Далағы шығып жүрегім алқымыма тығылып тұрғанымда қораның шетінде әлгі дуананың тұрғаның көзім шалды. Қатты қорықсам керек, ұзақ уақыт тілге келе алмадым. Айғайлайын десем дауысым шығар емес. Таңертең диірменге келген Түсіпқан шал боп-боз болған түріме қарап ауырып тұрған жоқсың ба деп сұрады. Оған түнде көрген жайтты айтсам сенер ме еді, бәлкім. Елге айтатын болсам, диірменнің жұмысы тоқтап қалуы да мүмкін. Сол үшін бригадирге де шағым жасамай келесі кезекке қайта шықтым. Ойымда бір ғана сауал. Түндегі кемпір кім? Адам дейін десем көзден ғайып болды ғой.

Кейін кемпірді қайтып көрген жоқпын. Сол оқиғадан кейін арада 2 ай өткенде кеңшардың жолдамасымен мені Алматыға оқуға жіберді. Менің орныма жұмысқа шыққандар елес болған дуана кемпірді көрген шығар. Мүмкін көрмеген болар.

Арада қанша жылдар өтсе де кейде сол жайтты есіме аламын. Көзге елестейтін нәрсе көп қой. Сол жылдары диірмендегі кемпір бейнесіндегі дуана кім болды екен?

Автор: Бәшір Тауғозиев, Текелі қаласы
alashainasy.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста