Бұрынғы жігітің түсіңе жиі кірсе...

Бұрынғы жігітің түсіңе жиі кірсе...

Бұрынғы жігітіңмен өмірде кездесіп қалу – түсінікті жағдай, ал басқа қарым-қатынаста бола тұра түсіңде жиі көруге қандай түсініктеме бар?

 

Өміріңіз өзгерді, жаңа махаббатыңызды жолықтырдыңыз, болашаққа армандарыңыз өзгерді: бір қарағанда өткеннен еш із қалмаған сияқты. Бірақ ол неге түсіңізге кіреді?

 

Ол сізді ойлап жүр ме?

 

Көптеген қыздар бұрынғы жігітінің түсіне кіруін жігіттің сезімдері және уайымымен байланыстырады. Егер түсіңе кіріп жүрсе – демек, әлі де жақсы көреді және ұмыта алмай жүр. Ал олай болса неге хабарласпайды? Ұяла ма, әлде бетімді қайтарады деп жасқаншақтана ма? Бір жағынан бәрі түсінікті сияқты, бірақ жағдайға басқа қырынан қарап көрелік.

 

Оның ойлары сіздің түс көруіңізге қалай әсер ете алады? Ол ғажайып қабілетке ие және сіздің бейсанаңызға енуге талпынады деп болжауға болады. Немесе ол сізбен елеусіз байланысқа түсті. Бұл бір қиял ғажайып ертегісіне ұқсайды деп ойламайсыз ба?

 

Жалпы түс дегеніміз – бұл бойына көптеген қызықты және жұмбақ басқатыруларды жасырған бейсанамыздың көрінісі. Бізді бейсаналы деңгейде алаңдатқан мәселелер түсімізге қандай да бір бейнелер мен белгілер арқылы кіреді. Олай болса, мәселе ода емес, сізде шығар?

 

Сезіміңіз не дейді?

 

Түсіңізге бұрынғы жігітіңіздің кіруі қарым-қатынасыңыздың қандай да бір деңгейінің аяқталмай қалғанының белгісі болуы мүмкін. Көбіне бұл кезең «аяқталмаған қоштасуды» білдіреді. Яғни, шын өмірде сіздер барлық егжей-тегжей мәселелерді шешіп, айрылыстыңыздар, бірақ жаныңызды бір күдік мазалайды. Бәрін дұрыс жасадыңыз ба? Кім кінәлі болды? Жағдайды өзгертуге болар ма еді?

 

Оянған соң, түс көріп жатып қандай сезімде болғаныңызды жазып алыңыз. Реніш пе, әлде өкініш пе? Сағыныш па, әлде қуаныш па? Оянған соң қандай сезімде болдыңыз?

 

Қуаныш сезімі, бұрынғы қарым-қатынаста бақытты болғаныңызды және, бәлкім, соны қайта қалпына келтіргіңіз келетінінің айғағы.

 

Реніш – бұрынғы жігітіңізге деген жасырын агрессияны білдіреді, бұл сонымен қатар, қазіргі қарым-қатынасыңызға да кері әсер етуі мүмкін. Өкініш сезімін сезінсеңіз, демек іштей өзіңізді кінәлі сезінесіз.

 

Бұл түстерден арылу үшін әр түстің мағынасын түсініп, өз-өзіңізбен жұмыс істеу керексіз. Алайда бәрі оңай емес. Бұрынғы жігітіңізді түсіңізде жиі көрудің тағы бір сыры бар...

 

Ол сізге кімді есіңізге салады?

 

Айта кетерлігі, түстеріңіздің кейіпкерлері қазіргі таңдағы сіз араласып жүрген өмірдегі шын адамдардың бейнесі. Олар сізге таныс әрі жақын сияқты көрінуі мүмкін, бірақ оларға еш сезіміңіз болмауы мүмкін.

 

Егер бұрынғы жігітіңіздің түсіңізге кіруі түсінбестіктен басқа сізді ешқандай эмоцияға жетелемесе, онда бұрынғы серігіңіз кімді «меңзеп» тұрғанын ойланыңыз.

 

Ол кімге ұқсайды? Кіммен байланысады? Әдетте шешімді кейіпкердің кейбір сөздерінен немесе іс-әрекетінен табуға болады. Бәлкім, оның қандайда бір сөздері жақын досыңызды немесе танысыңызды есіңізге түсіретін болар?

 

Осылайша, бұрынғы жігітіңіз өміріңізге қалай да әсер етіп жүрген қандай да бір адамның бейнесін көрсетеді. Бәлкім, ол сізге «көмектескісі» келетін шығар және қарапайым өмірде көрмей жүрген бірдеңені көрсетпек шығар? Әдетте мұндай түстер сіздің адамдармен қарым-қатынасыңыздағы терең проблемаларды меңзейді.

 

Бірақ бұл жағдайда да бұрынғы жігітіңіз – бұл сіздің бейсанаңыздың жай ғана көрінісі. Басқа мәселе – неге дәл ол?

 

 

 

 

Дайындаған: Диана Мамытбекова

massaget.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста