Блогер белгілі инста-балгердің өтірігін әшкереледі

Блогер белгілі инста-балгердің өтірігін әшкереледі

Төртуыл Шоқан атты facebook пайдаланушысы өз парақшасында Instagram-да көріпкел қызметін көрсететін Аружан есімді бойжеткеннің өтірігін әшкереледі. Өз дәлелі ретінде Төртуыл Шоқан видео жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz тілшісі.

 

Ең қызығы, Аружан есімді бойжеткен көріпкелдік қызметі үшін 350 теңге ғана алады екен. Көріпкел «болашақты болжау» үшін картаны пайдаланады. Төртуыл Шоқан сол соманы «Каспий голд» арқылы жіберіп, «Қашан үйленем?» деп сұрақ қойған.

 

«Осы жылы және келесі жылы сізге үйлену түсіп тұрған жоқ», - деп жауап берген үйлі-баранды жігітке инста-балгер.

 

Тағы бір жолы Төртуыл Шоқан әлгі бойжеткенге «Әкеміз жанұямызға орала ма?» деген сұрақ қойған. Алайда оның әкесінің марқұм болып кеткеніне біраз жыл өтіп кеткен.

 

«Оралады. Бірақ сәл күту керек!» - деп жауап берген инста-балгер.

 

Балгердің айтқанына сенетін адам көп секілді. Оның тікелей эфирін видеода 100-200 адам көріп отырғанын байқауға болады.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста