Бір үйір жылқы кішкентай баланы қоршап, қақаған суықта қалай аман алып қалды?

Қызылорда облысы Шиелі ауданына қарасты елдімекенінен кішкентай бала ойнауға кетіп, үйіне қайтып оралмаған. Бала боранды түнде далада қалған. Қақаған қыста үйір жылқы баланы қоршап, түннен аман алып шыққан. Бұл оқиға жайында Еңбекшінің тұрғыны Ұлдан апа айтып берген. Ол – кезінде жоғалған бала Асхаттың сүт анасы.

– Бұл оқиға Еңбекшіде болған. Қазір ол бала 36-ға келді, үлкен азамат. Есімі – Асхат, өзім қойғанмын. Ол кезде Асхат бастауыш сыныпта оқитын еді, – дейді Ұлдан апа.

Оның айтуынша, күнделікті ойыннан кеш оралатын балалардың бұл күнгі кешігуі әдеттегідей көрінген. Алайда кеш қарая Асхат үйіне оралмаған соң, ата-анасы уайымдап, оны іздеуге шығады, бірақ таппайды. Сөйтсе, ол ауыл сыртында ойнап жүріп қасындағы достарынан ажырап қалған екен.

–  Кеш қарайып, күн суытқан. Жапан далада жүріп, үйін таппаған бала әбден қорыққан. Басы ауған жаққа кете берген. Түн ортасы. Асхаттың әлі біткен. Ашығып, тоңған. Сол кезде арғы беттен келе жатқан бір үйір жылқының жолында әлсіреп, ес-түссіз құлаған. «Жақсы айғыр үйірін бөріге алдырмас» дегендей, үйірдің айғыры оны алғашында жыртқыш аңға балап, кісінеп, жер тарпып, бір орнында тұрмай, баланың жанына келеді. Оны иіскелеп, жыртқыш емес екенін сезген соң, күдігі де сейіледі. Құлынын далада қалдырмаған айғыр үйіріне қайта шауып барып, сол жердегі жылқыларды ес-түссіз жатқан балаға қуып әкеледі. Содан барлық жылқы баланы айнала қоршап, бастарын соған қарай иіп, демімен таңға дейін жылытып тұрған, – деді Ұлдан апа.

Оның айтуынша, Асхатты ертеңінде көрші ауылдың тұрғыны тауып алған. «Ол таң атысымен малын іздеп шыққан.  Ат шаптырым жерде айналаны шеңберлеп тұрған жылқыларын көрген. Жылқылар бұлай тұрмаушы еді деген жылқы иесі «бие құлындаған болар» деп ойлады. Сөйтіп, үйірге қарай жақындаған. Сөйтсе, ортада шала жансар, не өлі емес, не тірі емес бала жатыр. Сол кезде әйелінен көрші ауылда бала жоғалғанын естігені есіне түседі. Себебі баланың ауылдастары топқа бөлініп, оны таңға дейін іздеп, таппағаны бар.  Мұны жалғыз ол ғана емес, көрші ауылдар да хабардар еді. Ақырында атты кісі Асхатты шапанына орап, үйіне дереу жеткізген. Баланың туыстарына оның дін аман екенін естіртіп, қуантқан», – дейді Ұлпан апа.

Сол кезде жылқы иесі жылқылар бар демімен баланы сақтап қалғысы келгені соншалық, жердегі қалың қарды да ерітіп жібергенін айтқан.

aikyn.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста