Бағдагүл Лепесова "Теңге болмайды". Емші Бағдагүл Қазақстанның болашағына болжам жасады
Ақтөбелік балгердің сөзінше алдағы үш жылда елде көптеген өзгерістер болады, деп хабарлайды Экспресс К.
Оның жорамал айтқан сәті әлеуметтік желіде тарады. Бағдагүл Лепесова алдағы қыркүйек айында Қазақстан тағы бір қиындықтарға тап болады. Ал ол қандай сынақ екенін емші айтпады. Бірақ одан кейін елдің ахуалы жанданатын болады деп болжады Бағдагүл.
Менің көптеген болжамдарым дәл келеді. Біздің елдегі саясат алдағы үш жылда 90 градусқа өзгереді. Еуропамен араласатын боламыз. Ақшамызда өзгеріс болады. Доллар сияқты үлкен валютаға қосыламыз. Теңге болмайды,
— дейді Бағдагүл Лепесова.
Оның айтуынша осы уақытта кәсіп бастаған азаматтар үлкен жетістіктерге жетеді. Ал елдің жағдайы үш жыл ішінде біршама оңалады дейді емші.
Мұндай болжамға желі қолданушыларының бірі сенсе, кейбірі бәрін уақыт еншісіне қалдырды.
"Бір Аллаға аян, бірақ жақсы сөз жарым ырыс деген","Көріпкелге сенбеймін. Жемқорлармен қалай дамимыз?","Не болса да, айтқаны орындалсын деп тілейік",
— деп жазды пікір білдірушілер.
Бұған дейін Бағдагүл Лепесова Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың неге ұласатынын болжаған. Сондай-ақ ол елден коронавирустың қашан жоғалатынына да жорамал жасаған болатын.