Ауруханадағы дәрігер аруағы...

Аруақтың бар екенін бәріміз де білеміз. Бірақ ол әркімге кез бола бермейді. Ал оны көрмегендер де, көргендер де ол жайлы түсінік бере алмайды. Өйткені, ол адам санасынын тыс тылсым құдірет. Мен жас кезімде сондай бір тылсым жағдайға тап болған едім. Бүгін "Алаш айнасы" оқырмандарына сол бір оқиғаны баяндап бергелі отырмын.

 

Медициналық училищені тәмәмдаған соң Айжамал, Айткүл үшеуміз көрші аудандағы орталық ауруханаға жолдамамен жұмысқа бардық. Бірінші курсты бітірген жылы да сол ауруханада жұмыс тәжірибесінен өткенбіз. Аурухананың бас дәрігері үшеумізді үш бөлімге жіберді. Мен хирургия бөліміне баратын болдым. Жас маман болған соң ба бізді түнгі ауысымға қойды. Басқа бөлімдерге қарағанда хирургия бөлімінде түнгі аусымның жұмысы ауыр. Ауыр науқастар болады. Сол себепті маған бөлімнен кетуге болмайтын. Сондықтан түнде науқастар жатқан соң Айжан мен Айткүл біздің бөлімге келіп, үшеуміз шәй ішіп, біразға дейін әңгіме соғып отыратынбыз.

 

Солай ойнап-күліп жүріп бір жыл уақыттың қалай өткенін де сезбеппіз. Еңбек демалысына шығатын уақытымыз келіп те қалыпты. Үшеуміз бірге демалыс алып, бір-біріміздің үйімізге қыдырамыз деп келістік. Сөйтіп, үшеуміз бір күнде еңбек демалына өтініш жаздық. Бірақ біздің жоспарымызды бас дәрігер бұзды. Ол Айжан мен Айткүлдің өтінішіне қол қойыпты да, «хирургия бөліміне медбике жетіспей жатыр» деп менің өтінішіме қол қоймапты. Сөйтіп, Айжан мен Айткүл демалыс алып үйлеріне кетті де, мен жұмыста қалып қойдым.

 

Айжан мен Айткүл болмаған соң күнде түнде науқастар жатқан соң шәй ішу деген қалды. Уақыт өткізу үшін асықпай отырып журнал толтырам. Асықпай жүріп палаталарды бір-бір тексеріп шығам. Ұйықтамай жатқан апалар болса, отырып біраз әңгімелесем. Өйткені, қасымдағы санитарка қыз өз шаруасын бітіре сала ұйықтап қалатын еді. Бір күні түнде холда орналасқан медбикеге арналған орнында жалғыз өзім журнал толтырып отырғам. Бір кезде дәрігердің өтіп бара жатқанын артынан көріп қалдым. Негізі түнгі кезекшілік атқаратын дәрігерлер бөлімге кіргенде медбикеге келіп, ауыр науқастар бар жоғын сұрайтын. Қасымнан өткенде жүзін көрмегендіктен қай дәрігер екенін де байқамай қалдым. Бірақ кезекші дәрігер болар деп аса мән бермедім.

 

Журнал толтырып отырып, дәрігердің қай палатаға кіргенін де байқамаппын. Арадан біршама уақыт өтсе де, дәрігер қайтып шықпады. 12 палатадағы ауыр науқасты қарап жатқан шығар деп сонда барып қарадым, бірақ дәрігер ол палатада болмай шықты. Науқастардың бәрі ұйықтап жатыр. Басқа палатада ма екен деген оймен барлық палатаға бас сұғып шықтым, дәрігер жоқ. Ол жақтан шығып кететін есік жоқ. Сонда дәрігер қайда кеткен? Бәлкім мен журнал толтырып отырып, қайта шығып кеткенін байқамаған шығармын деп ойладым да қайта келіп орныма отырып, жазуымды жаздым.

 

Әдеттегідей бір күн демалып, келесі түнгі кезекшілікке келгенімде тағы да түсініксіз жағдай орын алды. Түн ортасы ауғанда, холдағы стол басында журнал толтырып отырғам. Бір кезде дәліздің арғы бас жағына қарай орналасқан 12 палатаға ақ халат киген кісінің кіріп бара жатқанын көзім шалып қалды. Дәлізге түскен жарықтан палатада шам жанғанын байқадым. «Кезекші дәрігер болар, қалай көрмей қалдым» деп ойлап, тез-тез басып 12 палатаға бардым. Платада шам жанып тұр, бірақ дәрігер жоқ. «Бәлкім дәлізге шығып қайта кірген науқастардың бірін дәрігермен шатастырып алған шығармын» деп ойладым. Қарасам, науқастардың бәрі ұйықтап жатыр. Сонан соң шамды сөндіріп қайта орныма бардым.

 

Столға басымды қойып жатып, көзім ілініп кетіпті. Дәлізде жүрген адамның аяқ дыбысынан оянып кеттім. Дәзізде жүрген адам байқалмайды. Бірақ 12 палатада шам жанып тұр. «Науқастардың бірі тұрып жүрген екен» ғой деп ойладым. Әйтсе де көз жеткізбек болып палатаға бардым. Барып қарасам, палатадағы науқастардың бәрі ұйықтап жатыр. Сонда шамды кім жақты? Бойымды үрей биледі. Палатаның шамын өшіріп келіп, санитарканы ояттым. Оған көрген-білгенімді айттым. Ол «жалғыз отырғандықтан елегізіп, көзіңе көрінген шығар» деп жұбатты. Сол күні таң атқанша бірге отырдық.

 

Арадан тағы екі кезекшілік өткенде өткендегі жағдай тағы қайталанды. Түн ортасы ауғанда 12 палатаның шамы жанғанын байқадым. Бірақ палатадан ешкім дәлізге шықпады. Шам да өшпей тұр. Өзім баруға қорқып қасыма санитарканы ертіп барып қарадық. Палатадағы науқастардың бәрі қаннен-қаперсіз ұйықтап жатыр. Ал шам жанып тұр. Науқастардың бәрі ұйықтап жатыр, сонда шамды кім жақты? Бойымды қатты қорқыныш билеп, денем шымырлап кетті. Қасымдағы санитарка қыздың да түрінен қорыққаны байқалады. Палатаның шамын сөндіріп, дәлізге шыққанымыз сол еді, 8 палатада шам жанды. Науқастардың бірі болар деп ойлап, «түн ортасында жатпай жүрген қайсысы екен» деп ашуланып, 8 палатаға бардық. Бірақ палатадағы науқастардың бәрі ұйықтап жатыр. Тұла бойым үстімнен суық су құйғандай дір ете қалды. Шамды өшіріп, тез дәлізге шықтық. Бір кезде 12 палатада шам қайта жанды. Енді онда баруға қорықтық. Саитарка екеуміз сол күні түнгі кезекшілікте тұрған Есет ағайға барып, мән-жайды айттық.

 

Есет ағаймен еріп қайтадан хирургия бөліміне келдік. Келсек холда ған шам жанып тұр, палаталардың ешқайсысында жарық жоқ. Есет ағай бізді бастап 12 палатаға апарды. Шам сөніп тұр. Науқастар ұйықтап жатыр. 8 палатаға келдік. Онда да тым-тырыс. Есет ағай бізбен біраз отырды да «сендерге солай көрінген болар, қорықпаңдар» деп өз шаруасына кетті. Есет ағай кеткен соң санитарка қыз екеуміз біреу дауысымызды есітіп қалардай тым-тырыс отырдық. Бұл тыныштықты емдеу бөлмесінен шыққан дыбыс бұзды. Емдеу бөлмесінде темір ыдыстың еденге құлаған дауысы есітілді. Бойдағы қорқынышты жеңіп, санитарка екеуміз бөлмеге кірсек, шприц қайнататын ыдыс құлап, ішіндегі шприцтер жерде шашылып жатыр. Терезе алдында теріс қарап ақ халат киген кісі тұр. Шприцтерді жинауға шамамыз келмей емдеу бөлмесінен қашып шықтық.

 

Біздің айғайымыздын науқастар да оянып кетті. Дәлізге шыққан науқастар не болғанын сұрап жзатты. Біз жауап қатуға шамамыз келмей, жылап отырмыз. Бұл әңгіме сол сәтте-ақ бүкіл ауруханаға тарады. Таңертең жұмысқа келген бөлім меңгерушісі меннен мән-жайды сұрады. Бұған дейін болған жағдайлардың да бәрін қалдырмай айтып бердім. Ол кісі мені күндізгі ауысымға ауыстыратынын айтып жұбатты. Сол күннен бастап күндізгі ауысымда жұмыс істедім.

 

Кейін естідім, Хирургия бөлімінің бұрынғы меңгерушісі осыдан үш жыл бұрын осы 12 палатада өзіне-өзі қол жұмсаған екен. Ауруханада бұрыннан істеп келе жатқан қызметкерлердің айтуынша, жаңадан келген бас дәрігермен ұрысып, қызметінен босаған дәрігер сондай қадамға барған деседі. Сол әңгімені естіген соң маған «бәлкім түн ортасында хирургия бөлімін аралап, палаталардың шамын жағып жүрген сол кісінің аруағы ма екен?» деген ой келді.

 

Осы бір оқиғадан кейін мен еңбек демалысына шығып ауылға бардым. Арадан бір апта өтпей, мені құрбым Айжанның ауылында тұратын, студент кезде талай кеште бірге болған бір жігіт алып қашып кетті (қазіргі күйеуім). Сонан кейін жұмысымды да сол жаққа ауыстырдым. Сол бір жағдайдан кейін ешқашан түнгі ауысымда жұмыс істеген емеспін. Тіпті осы күнге дейін үйде де түнде жалғыз қалудан қорқам.

 

 

 

Айнагүл Мақұлбекова, Оңтүстік Қазақстан облысы

alashainasy.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста