Аруақтар қарғысы....

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданының аумағынан Сақ ханшайымының мүрдесі табылғанын жұртшылық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы естіді.
Бір қызығы, экспедиция мүшелерінің айтуынша, сақ қызының мүрдесін қазу кезінде ерекше оқиға орын алған көрінеді. Түн сайын сақ сұлуы әркімнің түсіне еніп, үрейін алыпты. Тіпті экспедицияның бір мүшесі тастан жасалған саркафакка түсіп көрмек болған кезде Үржар ауданында кенеттен ауа-райы өзгеріп, шаңдатып қатты дауыл тұрған. «Мұның бәрі тегін емес. Ханшайым тылсым күшке ие» деседі археологтар. Ақиқатын айтар болсақ, жұрт арасында «аруақтардың тынышын алсаң, қарғысына қаласың» деген сөз бар. Негізі, осы тәмсілдің өзегінде бір шындық бұғып жатқаны ақиқат. Мысал керек болса, жетеді. Өйткені көр қазып, қарғыс арқалап, жазымға тап болғандар, мүрде ақтарылған жерде аяқ асты табиғатты түлен түртіп, зілзалалар, дауылдар көтерілгені жөнінде алыпқашпа әңгіме көп. Енді төменде сондай тосын оқиғалар жөнінде әңгімеміздің тиегін ағыталық. Мәселен, Алтай ханшайымы. Айта кетейік, Алтай ханшайымын новосібірлік археологтар 1993 жылы Укок шоқысындағы Ак-Алах-3 қорғанын қазу барысында тапқан. Мумияның жасы 2,5 мың жылды құрайтын көрінеді. Мүрдені жатқан жерінен қазып алған соң, сол маңда қатты зілзала болған. Дауылдар мен борандар соққан. Талай дүние қирады. Жұрты бар, бақсы-балгері бар бәрі, «бұл – Алтай ханшайымының қаһары. Тыныш жатқан жерінен бекер қозғадық» десті. Бұл – кеше ғана болған оқиға. Теледидардан көрдік, газеттен оқыдық дегендей. Бұған дейін «перғауындар қарғысы» дегенді талай жерден оқыдық. Естідік. Енді соны да сөз ете отыралық. Жалпы, қарғыс – жақсы нәрсе емес. Қарғысқа ұшыраған адамның оңғаны жоқ. Түбі бір зауалға ұшырары хақ. Бұл жерде қарғысқа байланысты түсінік берейік деп отырғанымыз жоқ. Бірақ әңгіме сол жайында. Онда да өткен ғасырдың жуан ортасында «перғауындар қарғысы» деген атаудың дүниеге келуіне байланысты. Перғауындар қарғысы, бұл не өзі? Сәл арғы тарихқа көз жіберер болсақ, Пирамида тасын қалап, оның ішіне перғауынның үлде мен бүлдеге оранған табытын қояр кезде, біраз амалдар қарастырылғаны белгілі. Өйткені жер-дүние патшаларының мүрдесі тоналмас үшін, көр қазушылар түрлі қулық жасаған. Мәселен, табытқа апаратын жолдарға тосқауыл қою, адастыру, өзге бағытқа бұрып, алдап жіберетін жерасты жолдарын қазу, жалған табыт қою секілді. Ал перғауынның мүрдесі жатқан шын табыт мұқият жасырылған. Тіпті оны көр ақтарып, қазына іздегендер таба қалғанның өзінде, олардың бірден сілесін қатыру үшін табытқа мыңдаған жыл қуатын жоймайтын у жағылған. Жын-шайтанмен тілдескен бақсылар түрлі қарғыстарын айтып қалдырған...
Перғауынның көрін ақтарып, қарғысқа ұшыраған жан тірі қалмаған...Оған тарих куә. Мыңдаған жыл бұрын қабір қабырғаларына жазылған қарғыстың қаһарына ұшыраған жанның аман қалғаны жоқ-ау, сірә... Жерлеушілер перғауынның мүрдесін өзгелер қазып, денесін қорлап, лақтырып тастамас үшін, бірге көмілген қазына-байлықты тонаудан аман сақтау үшін осындай амалдарға барды. Тіпті «пирамиданы рухтар қорғайды» деген де аңыз жеткілікті. Қалай айтсақ та, пирамидаларды, ондағы жасырылған перғауындардың мүрдесін белгісіз бір тылсым күштің қорғап тұрғаны шығар күннің көзіндей шындық. Оны жоққа шығаруға болмайды. Мысалға, ағылшынның атақты саяхатшысы Джеймс Бруктың күнделіктерін ақтарып отырып, мынадай жайтты оқуға болады.

1768 жылдың жазында ол патшалар жерленген алқапқа барған. Түнде шатырда ұйықтап жатқан оны белгісіз бір нәрсе түртіп оятқандай болады. Көзін ашқаны сол еді, денесін белгісіз бір үрей билеп, беталды тұра қашқан. Бірақ соңынан қуған ешкім жоқ. Сонда да бойын белгісіз қорқыныш қысқан ол қанша жүгіргені белгісіз ағып жатқан Ніл өзенінің жағалауына барып, жиекке құлай кеткен. Салқын су ма, әлде өзге нәрсе әсер етті ме, әйтеуір есін сол жерде жиған. Шатыры, дүние-мүлкі қалған жаққа аттап басуға қорыққан ол, таң сарғайып атқанша жағалауда отырады да қояды. Ақыл-есінен айыра қорқытқан не? Белгісіз... Шындығында көне мысырлықтар табыттарға түрлі қарғыс жазып, бірге көміп отырған. Кім қабірді ашып, мүрдені қозғаса, сол қарғысқа ұшырайтын болған. Перғауынның табытын ашу өмірмен қоштасу екені, өткен жүз жылдықтың ортасында ғана белгілі болды. Өзгесін былай қойғанда, атақты Тутанхамон табытын тауып, ашқандардың не болғанын еске алсақ та жетеді. Мәселен, көр қазушылардың басшысы болған лорд Карнарвон кенеттен өмірмен қоштасады. Одан кейін оның бауыры, достары, қызметтестері дегендей. Тутанхамонның табытын ашуға атсалысқан 21 адамның бірі де қалмады. Барлығы белгісіз жағдайда о дүниеге аттанды. Бұл әлемдік деңгейде үлкен әңгіме туғызды. «Перғауындар қарғысы» деген атау сол кезде, пайда болды. Пирамидаларды зерттеп жүргендер дүрлігісіп қалды. Ешкім де тектен-тек жан қиғысы келмейтіні белгілі. Біраз уақыт пирамидалар зерттелмей, тоқтап қалған. Алайда көнеден қалған нысандарды ақтарып-төңкеруге деген құмарлық ажалға да қаратпады, перғауындардың мүрделерін іздестіру қайта жалғасын тапқан... 1950 жылдың соңында ғалымдар жорамал жасап, «Тутанхамонның көрін қазғандар белгісіз вирустан қайтыс болды» десті. Ол не қылған вирус, оны нақты ешкім айта алмады. Өйткені мыңдаған жыл табытта сақталған ондай жойқын ауру тудыршы жұқпалы вирусты табу сол кездегі ғылымның деңгейі жетпесе керек-ті.
Перғауындардың қарғысына ұшырағандар оған дейін де болған. Мәселен, 1805 жылы Ост-Индс компаниясының дәрігері Б.Гендерсон деген екі мумияны ұрлап, зытып бара жатқан кезінде жынданып кеткен. Ал Мысырды армансыз шарлап, пирамидалардан табылған көне жәдігерлерді жинастырумен айналысқан шведтік Лидман да сондай ауруға душар болған. Ақыл-естерінен айырылған олар қайтып адамдық қалыпқа келе алмаса керек. Бұған не айтуға болады? Кездейсоқтық па, әлде... Қалай десек те, перғауындардың мүрдесін белгісіз бір тылсым күш күзетіп тұр дегенге сенуге болатындай...
Дәл осындай қарғыс атқан өлкеге Жәбел -Әбу-Сиром үстүрті жатады. Ол жерде көне заманнан қалған бес мыңнан астам адамның мәйіті жатыр. Бұл жер ғалымдар үшін де, көмбе іздеушілер үшін де Эльдорадоға айналғаны белгілі. Өйткені ғалымдар ықылым заманды зерттеу үшін, амалсыз көне бейіттерді қазуға мәжбүр. Ал «байысам» деген мақсатта жүргендер – «адамдармен бірге көмілген қазына-мүлікке тап болам ба?» деген алдамшы-үмітті жалау еткендер. Бірақ осы көне молаларды қазып жүрген ғалымдардың да, тонаушылардың да аман-сау қалғаны некен-саяқ. Көбі бұл жерден алысқа ұзамай-ақ, о дүниеге аттанып, не болмаса кемтар, мүгедек болып қалатын көрінеді. Содан болар, ол өлкедегі көрді ақтаруға бара жатқандарға «Сақтан, алда құдіретті Жәбел бар. Тірі қайтпайсың!» деген сақтандыру әңгімелері айтылады. Бірақ «байлыққа белшеден батсам» дегендерді бұл сөз тоқтата алмайтыны хақ.
«Өлер бала молаға жүгіреді» деген осы-ау. 1957 жылы бір перғауынның табытындағы: «Табытты бүлдірмеңдер! Тиіспеңдер! Тиіспеңдер! Әйтпесе менің қарғысым сендерді оңдырмайды!» деп шекіп жазылған таңбаларды ғалымдар оқыған. Өкініштісі, соны оқыған ғалымдар да қарғысқа ұшыраған көрінеді... Бұл Мысыр пирамидаларында болған тосын оқиғалар дейтін болсақ, Америкадағы үндістердің пирамидаларын ақтарып-төңкеріп, қазына іздеген тонаушылар да, сырын білсек деген ғалым зерттеушілер де белгісіз зауалдарға тап болыпты. Кездейсоқтық па, әлде не? Пирамидалардың сыртқы ұқсастығы өз алдына, ондағы болып жатқан мистикалық жағдайлардың ұқсастығы да жағаңды ұстатады.
Мәселен, 1841 жылы экспедиция ұйымдастырып Юкатан штатындағы үндістердің көне пирамидасын алғаш зерттеген ғалымдар Джон Ллойд Стивен, Самуэль Кэббот және ағылшын суретшісі Фредерик Казервуд жазылмас дертке ұшыраған. Экспедицияға қатысқандардың да сау қалғаны шамалы. Жол бастап барған тайпа үндістері бірінен соң бірі белгісіз жағдайда көз жұмып жатқанын көрген, үндіс көсемі ғалымдардан «Пирамидадан қазып алынған мүрделерді кері қайырыңдар» деп зар қаққан екен. Ондағысы мұражайға қойылу үшін әкеткен мүрделер кері қайтарылып, көмілсе, рухтар тыныштық береді деген игі ойдан туса керек. Қара бастарының амандығын ойлаған ғалымдар, көне дүниелерді кері қайтарғанымен, тосыннан жабысқан аурудан құтыла алмапты... Жалпы, пирамида дегенде көз алдымызға, ұшын күн сүйген үш бұрышты ғимарат елестейтіні белгілі. Ал оның ар жағына үңілсең, небір үрейлі әңгімелерді естуге болады. Біз әңгіме еткен жайт, соның бірі ғана. Сол пирамидаларда орын алған мистикалық жағдайлар, енді қазақ даласындағы және Алтайдағы көне қорғандарда орын ала бастады. Бұл не? Ұқсастық па, әлде, тамыры бір дүние ме?

(Тақарыбы өзгертілген)
aikyn.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста