Ақтөбелік емші келесі Президент кім болатынын айтты (видео)

Ақтөбелік сынықшы Бағдагүл Лепесованың түсіне аталары еніп, аян береді. Емші болашақта елді әйел адамның басқаратынын айтады, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

 

Бағдагүл Лепесованың әлеуметтік желіде ем жүргізетін тобы бар. Telegram арнасына 26 393 адам тіркелген. Дертіне шипа іздегендер емшіге келмей-ақ осы топқа сурет жіберіп, онлайн ем алады. Ал инстаграм парақшасында емші тікелей эфир арқылы бата береді. Батаға 10 мыңнан аса адам қатысады. Сынықшыға қаралатындардың саны соңғы кезде тіпті көбейіпті. Еліміздің әр түкпірінен шақыртулар жиі түседі. Танымал адамдар мен шенеуніктерге дейін ем алады екен.

 

 

Емші қомақты ақша ұсынып, бөлек қабылдауға келгісі келетіндердің бетін қайтарып тастайтынын айтады. Әкім болса да көппен бірге кезекке тұрады. Биыл Маңғыстауға барған сапарында облыс әкімінің орынбасары ем алу үшін хабарласыпты.

 

 

"Кім болса да қара халықпен бірге келіп ем алады. Ақшасы бар екен деп бөлек қабылдамаймын. Маңғыстау облысы әкімі орынбасарының әйелі екі күн кезек күтіп отырды. Орынбасардың өзі келейін десе халықтан ұялады, келмейін десе ауру жанына батып барады. Үшінші күні шырылдап әйелі келді. Аталардың рухы рұқсат берді. "Халықтың адамы, азамат қой" деп, үйіне баруға келістім. Бірақ "әкіммін деп шіренсең қарамаймын, әкім деп емес ауырған адам деп келдім" дедім. Қорқып кетті. Костюмін шешіп, үй киімін киді. Бел омыртқасындағы жарығын емдеп бердім", — дейді Бағдагүл Лепесова.

 

Мереуерт Түсіпбаева мен Жүрсін Ерман мойнын омыртқасындағы жарығын Бағдагүл сынықшыға емдетіп, тәуір болыпты. Иығын жарып алған Ерке Есмахан да сынықшының емін алыпты. Қалқаман Сарин қолының ауыратын жерін емшіге көрсеткен. 17 жыл бөпелі бола амай жүрген әнші Наркенже Серікбаева сынықшының батасынан кейін сәби сүйіпті.

 

 

Сынықшының еміне күмән келтіргендер, ауыр сөз айтқандар кейін кешірім сұрап келеді екен. Бағдагүл емшінің айтуынша, биыл Димаш Құдайбергеннің анасы, әнші Светлана Айтпаева емделіпті. Бір басқосуда әнші омыртқасының ауырып жүргенін айтады. Ақтөбелік айтыскер ақын Жұлдыз Қожабекова "Бағдагүл ханымға барып емделіңіз, Жүрсін ағаны да емдеп жатыр" дейді. Светлана "әуелі ағаларыңды емдеп алыңдар" деп қолын сілтейді. Сол күні кешкілік аяғын шығарып алады. Бағдагүлге келіп кешірім сұрап, шыққан жерін салдырып алған көрінеді.

 

 

Көлік қағып кетіп 14 жылдан бері аяғының сынған жері әбден жанынан батып, қиналған Жұлдыз Қожабекова да сынықшының емінен кейін "шауып" кеткен.

 

Сынықшы көп нәрсені түсінде көретінін, болашақта ел тізігінін әйел адамның ұстайтынын айтады.

 

"Елбасын әруақ барыс болып күзетіп жатыр. Барыстың көзі жасыл болады, бірақ неге екенін білмеймін оның көзі қызыл болып көрінді маған. Бір күні түсімде Елбасын көрдім. Үлкен клубтың қақ ортасында тұрып жиын өткізіп жатыр. Адам көп. Қою түтін. Қазан-қазан ас асылып жатыр. Мен бұрышта елеусіз тұрмын. Бір кезде "Қазақстанның тұңғыш президенті келіп жатыр" деп айқайлады. Халық жол берді. Елбасы менің қолымнан жетектеп сахнаға қарай алып кетті. Қолымнан ұстаған кезде жан-жақтың бәрі жарық болды. Айналамдағыларды танымаймын. Ақтөбедегі танымал адамдардың қасынан өтіп бара жатырмын. Солардан биік боламын ба деп ойлап қоямын. Елбасы сахнаға алып келіп "сенің орның осы жер, күт" деді. Ол кезде мені ешкім танымайтын", — дейді сынықшы.

 

Бағдагүл бұл түсті жақсылыққа жорыпты. Осыдан кейін есімі елге таныла бастаған. Көптеген адамдар сынықшыны түсінде көргенін, ақ тақтың үстінде отырғанын айтады екен.

 

 

Бекет атаның басына барған кезде ата түсіме еніп, "49 мүшел жасқа келгенде атқа қонасың" деді. Көптің тілегі қабыл болатын шығар. Аян түстер көп көремін. Көріпкелдердің көпшілігі Қазақстанды бір жылдары әйел адамның басқаратынын болжайды, — дейді сынықшы.

 

Бағдагүл бойында ерекше қасиеттің бар екенін бала күнінде байқаған.

 

"Ырғыз ауданының Тәуіп деген ауылында 1979 жылы 31 желтоқсанда дүниеге келгенмін. Ата-анам ұл баланы күткен екен. Сол күні барлығы Жаңа жылдық кешке кетеді. Анам үйде босанып қалады. Менің қыз екенімді білгенді бетіме қарамай, "ана жерге қоя салшы" депті. Бірақ әкем "қыз жақсы, құт келді" деп мені қатты жақсы көрген. Ал сынықшылық қасиет бала кезімнен біліне бастады. Бірде әкем қорада аяғы шыққан лақты қорапқа салып, алып келді. Мен төрт жаста едім. Әлгі лақты аяп, аяғын сипап, орнына түсірдім. Сәлден кейін лақпен бірге ойнап кеттім", — дейді сынықшы.

 

 

Осыны байқаған әкесі "атамыздың сынықшылығы осы қызға қонайын деп жүр ау" деп ойлапты. Атасы Біртай сынықшы болған кісі екен.

 

"Сынған, шыққан жерді бірден сеземін. Біреудің қолы шығып кеткенін байқасам, салып бергім келіп тұрады. Ауырған жерін сипасам жаным жай табады. Бала кезімде бір жері сынып ауырып жатқан адамның үйін жағалап жүремін. Шешем ұрысып, мені шкафка қамап қоятын. Шашым жалбырап, үсті басым құм-құм болып жүретін менен көбі қорқатын. "Мына қыз ауырады" деп менсінбейтін",— дейді Бағдагүл күліп.

 

Кейін ағайын-туыстары бала болса да сынықшылығын мойындап, сынған жерлерін салдыратын болған.

 

Ақтөбеге келген жылдары мынадай оқиға болыпты. Бағдагүл үйден шықса, есік алдына көлік тоқтайды. Машинадан бір келіншек түсіп, келе сала құшақтап жылайды. Жеті жылдан бері бөпелі бола алмай жүр екен. Түсіне Бағдагүл еніп "Осындай мекен жайда тұрамын, келіп ем ал" деген.

 

Қалай сені емдеймін. Өзім де балалы бола алмай жүрмін дедім. Өзім он балалы үйде өстім. Тамақ жетпейтін. Шешеме ренжейтін едім. "Өзімнің бір ұл бір қызым болады" деймін. Ауызым дуалы. Не айтсам сол болады, — дейді емші.

 

 

Ал әлгі келіншек сынықшыға келгеннен кейін сәби сүйіпті.

 

2009 жылы 14 наурыздың қарсаңында сынықшы үш күн қатты ауырады. Қызуы көтеріледі. Түсіне Бекет, Есет, Назаралы аталар мен сынықшы Біртай ата кіріп, аян береді.

 

Басында қарасыласып,қолымнан келмейді дедім. Аталар түсімнен шықпады. Содан түс көріп жатып, "мына шалдарды алдап жіберейін" деп қоямын өзімше қулық жасап, содан "ия емші боламын" дедім. Ұйқыдан оянғанда өзімді жеңіл сезіндім. Қарным ашып жатыр екен, — дейді Бағдагүл

 

Осылайша емшілікке біржола бет бұрды. Бірде Руслан есімді жігіт баласының жамбасы шығып кетіп, ауруханада жатқанын айтып, көмек сұрапты. Әйелі дәрігер екен, аса сенбеген. Емші баланың қисайып тұрған жамбасын шапалақпен ұрып жіберген кезде тарс етіп орнына келеді.

 

"Алғашқыда "Аллаға серік қоспа, намазыңды дұрыстап оқы" деп ақыл айтатындар болды. Сол әбден миымы сіңіп қалған. Ешқайда бармаймын, әруаққа сенбеймін. Сөйтіп жүргенде жынданып кетуге қарадым. Бір күні жылап, аталарыма "маған ештеңе керек емес, өлсем өлейін, балаларыма зиян келмесе екен" дедім. Аталар мені аяп құранды қалаған кезіңде оқы деді", — дейді сынықшы.

 

Бағдагүл аталардың руһы қараңғыда жарық, елес болып көрінетінін айтады.

 

Радио сигнал сияқты құлағыма аталардың дауысы келеді. Қараңғыда елесін көремін, —  дейді сынықшы.

 

Бірде сынықшының түсіне Бекет ата кіріп, аса таяққа ие болатынын, оны күйеуі Берікпен бірге келіп алатынын айтқан. Биыл мамыр айында Бекет атаның басына зиярат етіп барғанда атаның әруағының нұсқауымен, аса таяқты алып қайтыпты.

 

Атаның көрсеткен жердегі таяқты алдық. Таяқтың басында Адайлардың белгісі бар. Бірақ Бекет ата адайларға ренжулі екен.

"Менің атымды пайдаланып итіне дейін семірді. Ойлайтындары ақша" деді. Таяқтың басын қиып тастады, — дейді емші.

 

Сынықшы карантин кезінде көптің сұрауымен онлайн ем жүргізе бастаған. Сөйтіп әлеуметтік желіден топ ашыпты. Сондай-ақ Ақтөбеден бөлек Нұр-Сұлтан қаласында емдеу орталығы бар. Желідегі парақшасында емшіге алғыс айтқандардан көз сүрінеді.

 

Сынықшы қазір адамдардың ақшаға құнығып, адамгершікті ұмытып бара жатқанына алаңдаулы. Мешіттер көбейгенмен оның барлығыннан пайда жоқ екенін, адамдардың жан сарайы ашылмайтынын айтады.

 

"Осы сәтті пайдаланып бір нәрсені айтқым келеді. Маған әйелдер көп келеді. Әсіресе, енелер қауымына айтарым бар. Енелер мектебі мықты болуы керек. Отбасындағы жастардың ажырасуына енелер кінәлі. Келінді жамандамауы керек. Үйге келін жақсы ниетпен келеді. Оның кемшілігін іздеп, шешесін кіналағанды қою керек. Енелер мектебі дұрыс болмай, отбасында береке болмайды", — деді Бағдагүл емші.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста