Қазір қайда қарасаңыз да әбіржіп, қабақтары түсіп, көңіл күйлері болмай жүрген адамдарды көресіз. Уайым-қайғысыз – жалғыз балалар ғана болар. Ересек жандардың бәрінің күнделікті өмір алдарына тартқан проблемалары бар. Байлар да, кедейлер де, басшылар да, бағыныштылар да жүйкелері жұқарып, көңілдері түсіп жүреді. Бұның себебі неде?
Әлемнің жасырын әміршілері
Американдық Дэвид Айктың адамдардың көзіне түспейтін, барша дүниеге әмірін жүргізіп отырған астыртын адамдардың ұйымдары және олардың сыртында тұрған жат планеталықтар туралы виеосабақтары қазір әлемнің көп тілдеріне аударылып, миллиондаған жандар ақпарат алуда.
Сонымен, Дэвид Айктың айтуынша, жер шарын билеп отырған астыртын банкирлер тобы шын мәнінде жат планеталықтарға қызмет етеді. Ет пен сүйектен жаратылған адамдардың көзіне көрінбейтін астральдық нәзік формалы жат планеталықтар әлгі қаржыгер алпауыттар тобы арқылы жер шарына әмірін жүргізуде. Сонда олардың көздегені не?
Айктың пайымынша, бізбен параллель әлемде өмір кешетін келімсектердің азығы – энергия. Олар дөрекі материалдық тәні бар адамдар сияқты азық-түлікпен қоректенбейді. Олардың қорегі – энергия, энергия болғанда ашу-ыза, нәпсіқұмарлық, реніш, қорқыныш, тәкаппарлық, ашкөздік сияқты сезімдерден пайда болатын лас энергиямен қоректенеді екен.
Міне, сондай лас эмоциямен қоректенетін келімсектер үшін адам деген қорасындағы мал сияқты. Адам қорадағы малын қалай пайдаланамын десе, солай пайдаланады. Жүнін, сүтін, етін пайдаланып, малды тіпті, көлік ретінде де мініп жүреді. Жат планеталық келімсектер үшін адам да сол қорадағы малдары сияқты. Адамды олар лас эмоциялық энергия жасайтын қуат көзі түрінде пайдаланады дейді Айк.
Құранда сайтанның адамға өш және адамды азғырып, үнемі жаман істерге итермелейтіндігі туралы аяттар бар. Жат планетадан келген келімсек дегендеріміз – сол Құранда айтылған сайтан болса керек. Бұлар да адамды үнемі жаман әрекеттерге еріксіз итермелеп, азғырып отырады. Өйткені, сондай жаман әрекет жасаған адамдар санасынан лас энергия бөледі де, ол энергияны келімсек, немесе дін сөзімен алғанда сайтан қорек етеді.
Айктың айтуынша, бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстар сол жат планеталық келімсектердің азғыруымен болған. Соғыста өте көп мөлшерде лас эмоциялық қуат бөлінеді. Яғни, соғыс дегеніміз сайтан үшін нағыз ағыл-тегіл дастархан жайылған аста-төк тойдың өзі болса керек.
Мемлекет басшылары кімге қызмет етеді
Веда өркениетінің қайнар көзі саналатын Бһагавад Гитада мемлекетті басқаратын патшалар Алланың жердегі өкілі деп айтылған. Жаратқан өзінің адамдарға деген әмір-нұсқауларын патша арқылы жүзеге асырмақ. Сондықтан, имани қоғамда патшалар Алланың көмекшілері қызметін атқарады. Ал имансыз, дінсіз қоғамда патшалар Алладан қол үзіп кеткендіктен, енді олар Жаратқанға емес, сайтанға қызмет етеді.
Әлемді билеп отырған алпауыттардың 300 отбасы туралы интернетте мәлімет өте көп. Олардың бар шаруалары қолдан қаржылық дағдарыстар ұйымдастырып, жасанды соғыс ошақтарын жасау, есірткі таратып, адамдарды нашақорлыққа, нәпсіқұмарлыққа, басқа да азғындықтарға итермелеу.
Мынаған назар аударып қараңызшы: әлемнің дамыған Батыс елдерінде қабылданып жатқан қылмысты ізгілендіру, азшылықтың құқығын қорғау және оқыту, білім беру жүйелері – бәрі де адамдарды аздырып-тоздыруға, топастандыруға бағытталған. Мәселен, барлық Еуропа елдерінде бір жыныс өкілдерінің жақындасуын насихаттайтын арнайы заң бар. Ол елдерде еркек пен еркек шіркеуге барып некесін қидыруына, бала асырап алуына болады. Ол елдерде жасанды есірткілер дүкенде ашық сатылады. Ол елдерде адам өлтіретін қаруды кез-келген дүкеннен сатып ала аласыз. Ол елдерде еркек пен әйелдер бір моншада жалаңаш шомылады және жезөкшелік заң жүзінде жұмыс жасайды.
Бұл елдердің бәрінде адамдарды азғындататын осындай істердің бәрі заңдастырылып қойылған. Мектеп оқушыларын бұрынғыдай емтихан тапсыртпай, тестілеу арқылы білімін тексерудің астарында – жас ұрпақты топастандыру ниетінің жатқаны ешкімге де құпия емес. Тестіге қатысқан жас кітап оқып, білім алып басын ауыртпайды, сұраққа дайын бірнеше жауаптың бірін таңдаса болғаны. Оған еш бас ауыртудың қажеті жоқ. Осылайша тестілеуге бейімделген жас екі сөздің басын құрап сөйлей алмайтын, кітап оқымайтын, білімсіз надан болып қалады.
Бұның бәрі де қолдан қасақана жасалып жатқан нәрсе дейді Дэвид Айк. Бұның сыртында әлемді билеп тұрған жат планеталық келімсектер тұр. Ал олардың ниеттерін алпауыт қаржыгерлер жүзеге асыруда. Қаржыгерлерге әлемнің мемлекеттерін басқарып отырған саясаткерлер көмектесуде.
Енді тағы да мына жайға назар аударып қараңыз: біздің еліміз Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде 9-шы орында. Жерінің асты мен үсті толған қазына. Осы мемелкетте небары 18 миллион адам тұрады. Соншама табиғат байлығына қарамастан, адамдар жыл өткен сайын қайыршыланып, кедейлене түсуде. Ел азаматтарының 90 пайызының банктерге берешек кредиттері бар. Соңғы кезде әбден шыдамдары таусылған адамдар өздерінің қарсылықтарын білдірмек болып, бейбіт митингке шыға бастады. Бірақ ондай митингтерді билік басып-жаншуда.
Бұның астарында не бар? Яғни, адамдарды осындай деңгейге жеткізу, оларды үнемі қорқыныш пен үрейде, кедейшілікте ұстау – бұл жат планеталық келімсектердің ең басты ЖОСПАРЫ. Олар осылай жасай отырып, адамдардың бойынан шығатын лас қуатқа мелдектей тойып, рахат өмір кешуде. Оларға адамдардың тоқ болуы, уайым-қайғысыз бейбіт тірлік кешуі – мүлдем қажетсіз. Сондықтан да, олар барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, адамдарды үнемі қорқынышта, үрейде, ашу-ызада, жоқшылықта ұстайды.
Дэвид Айктың айтуынша, ат төбеліндей аз ғана алпауыттар мен олардың келімсек қожаларынан құтылу үшін адамдар осы жайды анық түйсінуі қажет және оған қарсы бірлесіп күресуі керек.