Үндістанның Мумбай қаласында орын тепкен Санжиуан емханасының тұсынан өтіп бара жатқан екі жігіт қалта телефондарының тапсасына ерекше көріністі тартып алыпты: емхана қабырғасымен жоғары өрмелеген, шашын жайып жіберген әйелдің, куәгерлердің айтуынша, бойын жын буған.
Тіпті, тау-тасқа өрмелеуге машықтанған алпинистердің өзі мұндай ептілік танытпас - әлеуметтік желідегілер оны айкезбелік дертке шалдыққан деп топшылауда.
Ұйқы кезінде шалық шалып, не істеп, не қойғанын білмейтін, соған қарамастан қатерлі трюктерді жасай алатын қабілетті сырқат та болуы мүмкін.