Әйел құпиясын жұлдызы арқылы қалай білуге болады?

Әйел құпиясын жұлдызы арқылы қалай білуге болады?

Экспресс К оқырман назарына Виктория Лядованың жұлдызнама бойынша әйел мінезі жайлы пайымдауларын ұсынады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

Әйел баласының туа бітті мінезі қисық болады деген ұғым бар. Айналасындағылармен тіл табыса алмай, жүрген жерінде жанжал туғызбаса ішкен асы бойына сіңбейтін әйелдер болады. Танымал астролог Виктория Лядова әйел мінезінің құпиясын тәрбиеден немесе ортадан емес, әйел адамның табиғатынан іздеген жөн деген пікірде.

 

Жорамалшының айтуынша, Тоқты жұлдызының астында дүниеге келген нәзік жандылардың мінезі тым қиын келеді екен. Тоқтылар өзіне ұнамағанның барлығын оп-оңай аяқасты етуге бейім келеді. Отбасылық өмірде де тоқтылардың сөзі жүрмесе шаңырақтың берекесі кетті дей беріңіздер. Олар үшін өз сөзінен басқаның құны жоқ. Тіпті өзінің істегені дұрыс болмаса да тоқтылардың өзгелерден кешірім сұрауы сирек ұшырасатын жағдай. Сол себепті тоқты жұлдызымен туылған бойжеткенді жар еткен жігіттерге темірдей төзім тілейміз.

 

Сарышаян жұлдызының астында туған қыздармен де көңіл жарастыру қиын. Себебі олар тым талапшыл, тым қатал, әрі кез-келгенді өз дегеніне көндіре алатын қасиетке ие. Сарышаяндардың мінезі тік, бетің бар, жүзің бар демей ойындағысын ақтара салатын қылығы да бар. Мақсатына жету үшін олар жолындағысын таптап өтуден тайынбайтынын ұмытпаған жөн. Жүрегіңіздің қалауы болған қыз сарышаян жұлдызымен туған болса оның қиын мінезіне бірден көндігуге тырысыңыз, себебі сарышаяндармен жұлдызы жарасқан азаматтар өздерін өмірдің ең қиын сынынан өттік деп есептеуге құқылы, — дейді Виктория Лядова.

 

Жұлдызнама бойынша Тауешкілердің мінезі томаға-тұйық келетіні белгілі. Бірақ сөзіңіз жарасса сіз үшін тауешкілерден қымбат жан табу қиын. Тауешкі жұлдызымен туылған әйелдер үшін "Уәде — құдай сөзі". Олар махаббатқа адал болады. Ең жақын адамы ғана мұндай әйелдердің өзгеге мәңгі жұмбақ болып қалатын неше түрлі тәтті қылығын көре алады. Жұмыста тауешкілер алдына нақты міндет қойып, жақсы нәтижеге қол жеткізе алатын табандылығымен бағалы. Мұндай жандармен істес болсаңыз түбінде оның айтқаны болатынын білуге тиіссіз, — деп пайымдайды астролог.

 

Жұлдызнама бойынша мінезі ең қиыны — Суқұйғыш белгісімен дүниеге келген әйелдер. Тіпті ондаған жыл бір шаңырақтың астында өмір сүрген күйеулері үшін де суқұйғыштар жартылай оқылған кітап секілді. Олардың ой еркіндігіне ешкім тұсау сала алмайды. Суқұйғыштар алған бетінен қайтпайтын бірбеткей келеді және олардың жан сырын танып білу мүмкін емес. Суқұйғыш жұлдызымен дүниеге келген әйелдер құпиясын өздерін жан сырын жақсы білетін еркектерге ғана ашады.

 

— Суқұйғыштар табиғатында құпия сақтауға құмар жандар. Олармен жай ғана сөз жарастырудың өзі қиын. Бірақ сіз суқұйғыш жұлдызымен туылған нәзік жандының жүрегіне жол таба алсаңыз сіздерден асқан жарасымды жұпты табу қиын болады, — деп есептейді Виктория Лядова.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста