Адам бойындағы жынды домбырамен шығаратын емші

 Файзылбек Аймырзаев пен Ұлдәмет Алпысбаева үйлерінде екеулеп ем жүргізеді. Шымкент қаласының тумасы саналатын отбасы аянмен Ақтөбеге көшіп келгендерін nur.kz порталының аймақтағы тілшісіне әңгімелеп берді.
«1995 жылдары Алланың нұсқауымен көп ел араладым. 1996 Ақтөбеге көшіп келдік. Басқа дінге түсіп кеткен Жұмабек деген баланы ата-анасы алып келді. Соған көп ем жүргізіп, осы жақта қалып қойдық. Сол кезде осындай адамдар Ақтөбеде көбейіп кетті. Кейін осы қалада қалуға шештік. Әр пенде өзі үшін жұмыс жасайды. Имандылықты ұмытпау керек», - дейді Файзылбек Аймырзаев.

Ерлі-зайыптылар емді құран аяттарымен жүргізеді. Емшілікпен айналысатын отбасы рухани ауруға шалдыққандардың маусым ауысқан кезде көбейіп кететінін айтады.

«Барлық жасап жатқан ісіміз - Алланың құдіреті, бірақ аруақты да ұмытпауымыз керек. Алла маған алдымен намаз оқуды бұйырды. Одан кейін дем салып емдеу жолын нұсқады. Құран аяттарымен емдеймін. Рухани ауруға шалдыққан адамдар көп. Адамдар көктем кезінде көтеріліп, көп ауырады», - дейді емші.

Емшінің айтуынша, отбасының шырқы бұзылған, басында дуасы бар адамдар көп көмек сұрап келеді екен. Ол жамандықтан аулақ болу үшін бойды таза ұстау керектігін айтады.

«Көз тиіп, сиқырдан, дуадан қиналып, көмек сұрап келушілердің есебі жоқ. Бәрі қиналып келеді. Жүз пайыз ештеңеге уәде бере алмаймыз. Алла Тағала себеп болғанға, себеп боламыз. Ауру адамға түрлі жағдаймен келеді. Көбісі «тіл, көзбен келді» деп жатады. Ауру таза болмағаннан да болады. Жүріп тұрғанда адам денесін таза ұстауы керек. Отбасылық проблемалар да көп, оларға да ақылымызды айтып, дұғалар оқимыз. Жынның өзінің екі дәрежесі болады: мұсылман жын, кәпір жын. Кәпір перісі тиген адамды жазу қиын. Мұсылман жынның кейде адам баласына пайдасы да тиіп жатады. Олар айтқанға түсінеді», - дейді Файзылбек Аймырзаев.

Оның әйелі Ұлдәмет Алпысбаева домбыра тартып, Аллаға мадақ айтып емдейді.

«Бойына жын кірген, дуаланған адамдарды екі сағатқа дейін емдейміз. Жын шығару кезінде құран аяттары айтылады. Домбырамен ұзақ уақыт Аллаға мадақ айтамын. Аяттарды оқимын. Емге келген адамның бойындағы жындармен күресеміз», - дейді әйелі.

Адамдарды емдеп болғаннан кейін өздері ауырып қалатынын айтқан ерлі-зайыптылар бірін бірі емдейтінін айтады.

«Адамдарды емдеу кезінде барлық жаман энергия өзімізге кетеді. Бойымызда көз болған кезде біз де ауырып қаламыз, бір бірімізді емдейміз. Кейде күшіміз жетпей жатады. Сол кезде әулие аруақтардың басына барып, тазарамыз. Жындар қатты болған кезде көтеріліп кетуге дейін барамын. Ұйықтай алмай қаламыз. Аян береді сол бойынша, сол әулиенің басына кетеміз. Көбіне Есет ата, Бекет атаға барамыз. Қатты ауырып жатқандарға өзіміз барамыз, кейде өздері алып кетеді. Биыл қақаған қыста Түркияға шақыртып, сол жақта ем жүргізіп қайттық. Біздің өзімізде ерік жоқ, аруақтың айтқанымен жүреміз», - дейді Ұлдәмет Алпысбаева.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста