Сегіз жыл бұрын қартайған Лян Сючжэннің маңдайында ісік пайда болған. Қарт әйелдің туғандар оған аса мән бермеген. Дегенмен, жыл сайын ол ісік өсе берген. Бейшараны қаратуға апарған дәрігер оны әрең дегенде қолымен ажыратқан, — деп хабарлайды Qamshy.kz.
Уақыт өте келе көршілер мен таныстары қарт әжейді «жалғыз мүйізді апа» деп атап кеткен. Екі жыл өткен соң Лянның қызы басын жуып жатқан кезде жұмбақ мүйіз сынып кеткен. Отбасы жоғалып кеткен мүйізге қуанып үлгермей жатып, ол кемпірдің маңдайына қайта оралған. Енді мүйіз айлап, күндеп емес, сағаттап өскен. Дәрігерлер анықтағандай, 13- сантиметрлі мүйіз кератинді қатерсіз ісік болып шықты.
Кератин – адам шашы мен тырнақтарының маңызды бір бөлігі. Бірақ бұл өскін қарт кісіге көп проблема туындатуда. Ол Лянға ұйықтауға мүмкіндік бермей, уақыт сайын қансырап, ауырады. Оның үстіне ісік қатерсізден қатерліге ауысып кетуі мүмкін.
Өскінді операция көмегімен алып тастауға болады. Дегенмен дәрігерлер бұл қадамға баруға қорқуда. 87-жастағы әжейдің денсаулығы әлсіз болғандықтан, сәтті отаның өзі қайғыға душар етуі мүмкін.