66-шы үйдің құпиясы

«Алаш айнасы» порталынан тылсым оқиғаларды оқып отырып, бастан өткен осы бір тылсым жағдайды оқырмандарға баяндап беруді жөн көрдім. Бұл оқиғаның болғанына да 15 жылдың жүзі болыпты.

 

Осы қалашыққа осыдан 15 жыл бұрын көшіп келгенбіз. Шеткі көшелердің бірінде орналасқан біздің үйдің номері 68 болатын. Тәртіп бойынша бізден жоғары тұрған үйдің номері 70. Ал, төмен орналасқан үйдің реттік номері 66 болуы тиіс. Бірақ ол жерде кафе мен дүкен орналасқандықтан олардың реттік номері бар ма, жоқ па, оған еш көңіл бөлмеген екем.

 

Жаздың күні болатын. Сырт жақтан біреу «хозяин» деп дауыстады. Қорғаннан шықсам, сыртта жас жігіт пен жас келіншек тұр. Сәлемдескеннен соң «66-шы үйдің қайда екенін білмейсіз бе?» деп сұрады. Біздің үйдің реттік номері 68 болғандықтан «ана жақта болуы тиіс» деп төмен жаққа қарай жол сілтедім. Арадын бір сағаттай өткенде қақпаның есігі қайта қағылды. Сыртқа шықсам, бағанағы жас жігіт пен келіншек екен. Мен сұрамай жатып, «66-шы үйді таппадық, осы маңда арзан бағада сатылатын үй бар ма?» деп сұрады. Мен ондай үйді білмейтінімді айтым. Олар рахметін айтып, жөндеріне кетті.

 

Ертеңінде дәл сондай жағдай тағы да қайталанды. Тағы бір жас жігіт пен жас келіншек 66 үйді сұрап келді. Біраз уақыттан кейін қайта айналып келіп, 66 үйді таппағанын айтып, «осы маңда арзан бағада сатылатын үй бар ма?» деп сұрады. Оларға да кешегі жас жігіт пен келіншекке берген жауабымды айттым.

 

Бұл жағдай үшінші күні тағы қайталанды. 66-шы номерлі үйді таппай, қайта келген жігіт пен қызға олардан неліктен дәл сол 66-шы үйді іздеп жүргендерін сұрадым. Айтуларынша, жарнамалық газетте 66-шы үйдің арзан бағаға сатылатыны туралы хабарлама шыққан екен.

 

Келесі күні жұмысқа бара жатқанда әдейлеп үйлердің номерін қарадым. Дүкен мен кафеден төмен орналасқан үйдің номері 64 екен. Онда 66 деген номер дүкенге немесе кафеге тиесілі болар деп ойладым. Кешке жұмыстан қайтқанда дүкен мен кафенің иесінен «нысанның көше бойынша реттік номері бар ма?» деп сұрадым. Дүкеннің иесінің айтуына қарағанда, нысанның реттік номері жоқ, бірақ дүкен мен кафе 66-шы үйдің орнына тұрғызылған екен. «Біз көшіп келгелі осы кафе мен дүкен бар. Сонда, газетке 66-шы үйдің сатылатыны туралы хабарламаны кім берген?» деген ой келді.

 

Ертеңінде газет сататын дүңгіршіктен жарнамалық газет сатып алдым. Бірақ 66-шы үй сатылады деген хабарламаны таппадым. Сонда 66 үйді сұрап келгендер ол жарнаманы қайдан көрген? Бір қызығы мен 66-шы үйді іздегеннен бастап, ол үйді сатып алам деп іздеп келушілер сап тыйылды. Солай арадан бір ай уақыт өтті.

 

Бір күні қонақта болып, үйге түн ортасынан ауғанда қайттым. Бойда біраз қызу да бар. Кафенің тұсына келгенде музыканың дауысы есітілді. Толық кайф үшін 100 грамм жетпей келе жатқан. Кафеге кіріп, бардан 100 грамм ішейін деп, солай қарай бұрылдым. Арақтың мастығы ма, дәл есік алдына келгенше, кафеде шам сөніп тұрғанын байқамаппын. Бірақ іште музыка ойнап тұр. Есікті тартсам, ашылмайды. Қорқыныштан гөрі құмар басым болды-ау, қолымды көлегейлеп ішке қарадым. Кафе ішіндегі көріністі көргенде мастығым тарқап кетті. Есіктің арғы жағынан маған үлкен бір құбыжық қарап тұр. Оның арғы жағында адамға ұқсамайтын белгісіз бейнелер құдды билеп жүргендей көрінді. Үйге қалай жеткенімді білмеймін. Үйге жүгіріп кірген болуым керек, алдымнан әйелім шығып «не болды, не болды?» деп жатыр. Жауап қатар шама жоқ. Біраз уақытқа дейін ентігімді баса алмай отырдым. Сонан соң болған жайды әйеліме айттым.

 

Сол күні көз ілместен таңды атырдық. Әйелім екуміздің әңгімеміз кафеде болған тылсым оқиға төңірегінде болды. Әйелімнің айтуына қарағанда, сол кафеде тылсым жағдай бұрын да болған екен. Ауыл адамдарының ішінде түн ортасында сол кафеде өз-өзінен жарық жанып, өшкенін көріп, музыка ойнағанын естігендер болған деседі. Бірақ ондай жағдайды көргендер араққа әуес адамдар болған екен. Сондықтан да ауыл тұрғындары олардың айтқандарына сенбеген көрінеді. Әйелім де бос сөз деп оған аса мән бермеген.

 

Сол бір оқиғадан кейін үйге кеш қайтсақ, кафенің қасынан өтпей, басқа көшемен айналып келетін болдық. Балаларға да кешке ол жермен жүрмеуді ескерттік. Алайда, сол оқиғаның маған зор пайдасы да тиді. Сол оқиғадан кейін, мүлдем, арақ ішуді қойып кеттім. Бірақ, 66-шы үйдің не құпиясы барын біле алмадым. Сол маңда бұрыннан тұрып келе жатқан қариялардан сұрастырғанмен олардан мардымды жауап болмады. Бәлкім 66-шы үй тұрғызылғанға дейін ол жер қасиетті орын болды ма екен?!

 

 

 

Автор: Әбдеш Медетбеков

alashainasy.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста