Астаналық математик генетика заңдылықтарына сүйене отырып, шамамен 200 жылдан соң барлық нәсілдер араласа келіп, адам бет-пішінінің қалай өзгеретіні туралы болжам жасапты. Бұл туралы express-k.kz хабарлайды
Анықталғандай, келешекте планетамыздағы адамдардың басым бөлігінің бетінде секпіл, әрбір оныншы адамда алты саусақ пайда болуы мүмкін.
Жаһандану, нәсілдер мен түрлі ұлттардың некелесуі – қалыпты жағдайға айналып барады.
– Генетиктер байқалатын әрі байқалмайтын белгілерді жылдам анықтай алады, – дейді математик Сәкен Жығатаев.
– Біздің көпұлтты Қазақстан әзірге бұл жағынан алда емес. Қазақтарға тікелей қатысы бар әйгілі тұран жұрты – моңғол-ғұн және европа-сақ нәсілдерінің араласуынан пайда болған. Мені адам баласы 200 жылдан соң қандай пішінде болады деген сауал қызықтырды.
Математиктің айтуынша, 200 жылдан соң жер бетінде сары шаштылар азая бастайды. Олардың саны қазірдің өзінде Батыс Европада 49 пайыздан 14 пайызға дейін төмендеген. Шаш түсінің әркелкілігі де жыл өткен сайын жойыла түспек. Ал екі ғасырдан соң, адам бетінде түрлі дақтар өздігінен шыға бастайды екен.
– Секпіл – ол доминантты белгі, – Сәкен Жығатаев. – Ол қазір 2 % адамдарда бар. Арифметикалық прогресс негізінде бұл үрдіс әрбір ұрпақ өмірге келген сайын өсе бермек. Сол сияқты ұрттағы ойықтың пайда болуы да қатты белең алмақ.
Еркектерге қатысты мынадай жағымсыз жәйттер бар екен. Алдағы уақыттарда ер адамдардың шаштары шамадан тыс түсе бастайды. Бұл үрдіс тіпті күшейіп, еркектердің 75% пайызында көрініс береді.
Тағы бір доминантты белгі, ол – адам қасының шамадан тыс қалыңданып кетуі. Жер тұрғындарының жартысынан астамы қасының қалыңдығынан қиындық шегіп, әуреге түсуі мүмкін.
Тағы бір, қызықты дүние ол – ерін көлемінің де ұлғаюы. Үлкейіп, домаланғаны соншалықты арнайы сәнгер мамандардың да көмегі қажет болмай қалуы ғажап емес.
Қазіргі таңда өте сирек кездесетін алты саусақты адамдар 1-2 ғасырдан соң тым жиі ұшырасуы ықтимал. Бұл бірінші кезекте, табиғаттың түсініксіз құбылыстарының әсерінен орын алуы мүмкін. Қазір дәрігерлер, егер бала алты саусақты болып туылса дереу кесіп тастап жатыр. Бұл әрине, қазіргі ұғымға сай ғой. Ал келешекте қайсыбірінің саусағын кесе бермек.
Сондай-ақ, адамдардың бойлары да төмендейді. Айтпақшы, мұрынды да өзгеріс күтіп тұр екен. Жер бетіндегі 70 % адам бүркіт тұмсықтас болып кетуі ықтималдылығы жоғары.
stan.kz