2020 жылға қатысты Ванга мен Нострадамус не айтып кетті

Шығыс күнтізбесі бойынша 2020 - Ақ металл түсті егеуқұйрық жылы. Бұл белгі қытайлық жұлдыз жорамалында 12 жылдық циклдің ең басында тұр, сондықтан бұл маңызды жыл болып саналады.

Ванганың 2020 жылға арналған болжамдары

Біз Ванганың "алыс болашақ" деп болжаған заманында өмір сүріп жатырмыз. Ол оны көріп, өз болжамдарымен бөліскен. Бірақ көріпкел нақты күн мен жылды атап айтпайды, 20 жылдан, 30 жылдан, 40 жылдан кейін деп болжап айтып отырған. Әрине, әлем тез өзгеріске ұшырап, оның мән-мазмұны да бір-біріне сәйкес келмейтінін уақыт көрсетіп беріп отыр, міне көріпкел осы өзгерген әлемді көріп, өз сөзімен сипаттай білген. Сондықтан Ванга айтты деген болжамдардың 2020 жылдың арғы және бергі жағына қарай ауытқуы болуы мүмкін екенін ескертеміз.


Фото: wikipedia

Әлемдік экономика

2020 жыл туралы көріпкел болжамдары халықаралық қаржы жүйесімен байланысты болып келеді. "Ақшаның керегі болмайды" деп болжаған Ванга. Цифр ақшаға айналады деді. Әрине, Ванга өмір сүрген заманда бұл болжамды "ақша мүлде қажет болмай қалады" деген тұжырым ретінде қабылдауға болар еді. Алайда, қазір мұны үлкен қаржы дағдарысы болатынын, оның әлемдік валюталар мәнін жоюға әкеліп соғады деп болжауға болады. Екінші жағынан, бұл кенеттен болатын жағдай деп қорқуға негіз жоқ. Өйткені бүгіндері ақша соғысының басталып кеткеніне өзіміз куә болып, доллар орнын басатын түрлі қаржы тетіктері сыналып жатқанын көріп отырмыз.

"Алдағы жылдары, әлемдік қозғаушы күшке ие, қайта өзгерту мүмкін емес бір өзгеріс болады". Ванга мұраларын зерттеушілер бұл бір нәрсенің Күн энергиясынан да асып түсетін жаңа бір энергия көзінің ашылуы (дәлірек айтқанда, біздің өмірімізге енуі) туралы болжам деп санайды. Айтқандай, Ванга бұл фактіні ақшаның керек болмай қалатын кезеңмен байланыстырып айтады. Осы жағынан алғанда, бұл жаңалық геосаясатта үлкен өзгеріс әкеліп, әлемді энергоресурстар саласымен байланысты ел басқарады дегенге меңзейтін секілді ме, қалай?..

Қоғам

Шамамен 2020 жылы Ванга Жер бетінде болған, бірақ жойылды деген кейбір дерттердің қайта бой көтеруі ықтималдылығын болжады. Ол адамдар қандай дертпен ауыратындығын нақты көрсетпеді. Бірақ біз бұл ретте өте мұқият болуымыз керек, өйткені мәселе көптеген адамның денсаулығына қатысты болып тұр ғой. Сарапшылар ұмтыла бастаған дерттердің өршуіне күн белсенділігінің жоғарылауы түрткі болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Алайда бұл болжамның өзі бізге үлкен үміт сыйлайды. Өйткені 2021 жылдан бастап Күннің белсенділігі қайтадан төмендеп, ол қалпына келеді.

Келер жылы Ванга Еуропада діни ахуал нашарлауы мүмкін деп болжады. Егер мұндайға жол берілсе, онда әр түрлі дінге табынушылар мен конфессиялар арасында өзара шиеленіс артуы мүмкін. Сонымен қатар, мәселе тек 2020 жылға дейін шектелмейді. Ол мұндай оқиғалар тізбегінің бастапқы буыны болуы мүмкін. Мұның бәрі кем дегенде бірнеше жылға созылады.

Нострадамустың 2020 жылға арналған болжамдары

Ұлы көріпкелдің айтып кеткендері әлі күнге дейін үлкен сұранысқа ие. Әрбір өткен жыл ол кісі болжамдарының нақтылығын дәлелдеп келеді. Осы факті де Нострадамустың 2020 жылға арналған болжамдарына ерекше көңіл бөлуге негіз болады. Онда атақты көріпкел болжамдарымен таныса отырайық.


Фото: Leemage/AFP

Дүниежүзілік соғыстар

Нострадамустың зерттеушілері 2020 жылға арналған болжам 27-ші катрен, 5-центурийге жататынын айтады. Ал оның француз тілінен алынған аудармасы мынандай:

- Қара теңіз отқа оранып, қылыштар жарқылдайды,

- Персия келіп, Трапезонды басып алмақ болады,

- Фарос пен Митилен төбесіндегі Күнді түнек басады,

- Адриатика толқыны арабтардың қанымен араласады.

Бұл былай түсіндіріледі: Иранның (Персияның) Грекияның кейбір аралдарын (Фарос және Митилен) басып алуға ұмтылыс жасауы, сондай-ақ Египет пен Түркияға басып кіру әрекеті ретінде. Шынында да осылай бола ма? Теориялық тұрғыдан алғанда, бәрі мүмкін, өйткені Иранның жағдайы кезең-кезеңмен ушығып барады, сондықтан мұның бәрі қаншаға созылатынын болжау мүмкін емес.

Бір қызығы, бұл Иранмен байланысты жалғыз катрен емес. Тағы біреуі бар - 25-ші катрен, 5-центурии:

- Жауынгер араб ханзадасы (олар біріккен кезде) Күн, Шолпан, Арыстан

- Шіркеу патшалығы теңіз жақтан алған соққылардан құлайды,

- Парсыға миллиондағандар қашып барады,

- Византия мен Египет басып алынады.

Бұл да Иран төңірегіндегі ауыр жағдайдың зардаптарын сипаттайды. Рас, мұнда Иран осы процеске қатысушылардың бірі ретінде көрінеді. Дегенмен катреннің түпкі мәнінен мұсылман әлемі христиандарға шабуылдап, ақырында олардың жеңіліс табатындығында. Мамандар бұл оқиғаның 2020 жылы ғана емес, сонымен бірге 2021 жылы да болу ықтималдылығын болжайды.

Сонымен қатар, бұл арада Византияны, ең алдымен, "мұсылман әлемі" деп түсінген жөн, тұтастай алғанда ол - Түркия, Иран және тағы басқа да елдер болуы мүмкін. Жақын болашақтағы болжамға 23-ші катрен, 2-центурииді жатқызуға болатын секілді. Оның аудармасы келесідей:

- Сарайда құстарды аулау басталады,

- Көп ұзамай ханзада да пайда болады,

- Жаудан өзен бөліп тұратын болады,

- Оны су асты арқылы қарусыздандырып, алыста отырып-ақ басып алады.

Бұл катрен араб әлемі халықтарының күрделі қарым-қатынастарын сипаттаса керек. Бір жерде билік ауысып, оны зұлымдар пайдаланып кетеді. Бұл мәселенің шешімі алыстан келеді, өйткені өзен дегенді "үлкен су" деп түсіну керек. Су асты әскери кемелерін (немесе басқа құралдарды) пайдаланып, белгілі бір мықты күш агрессорды бейтараптандырып, жағдайды бейбіт жолмен шешеді. Зерттеушілер бұл державаның Ресей екендігіне сенімді, бірақ ол туралы катренде нақты айтылмайды.

kaz.zakon.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста