200 шақырымға қас қағым сәтте жететін Ыбырай диуана

Баянауылда өмір сүрген, жұрт Әліпбайдың диуанасы деп атаған Ыбырай диуана туралы мына бір әңгімені «Алаш айнасы» порталына жариялап отырмыз.

– Ыбырай диуананың өзi – отбасылы болған адам, үш қызы бар едi, қазiр екi қызынан ұрпақ бар. Соғыстың жүрiп жатқан уағында бiздiң әкей жасы келiп қалған кiсi, бiрақ ер-азаматтың жоқтығынан Белағаш колхозына басқарма қылып сайлап, сол жерге көшiп келдiк. Ол кезде Белағаш пен Бiрiншi май – екi колхозға бiр ауылдық совет. Және соғыс уағының заңы қатал, пошта ауылға күнбе-күн жетiп тұруы керек. Белағаштан шығып, Бiрiншi майды басып жүргенде, аудан орталығы Баянға дейiн 100 шақырым жер. Таңғы намазын оқып ауылдан шығып кеткен диуана сәске түс болмай аудан орталығы Баянға жетiп, ол жерден поштасын алып, түс ауа Белағашқа қайтып оралады. Күнiне 200 шақырым жер жүру деген белi берiк мақтаулы атыңның өзiне сын. Осыған таң болған ауыл адамдары, әсiресе өзiнiң туыс-туғандарының балалары кей уақта диуананың соңынан аңдып бiрге шығады екен. Аса таяғын ұстап, қоржынын иығына асқан ол “Алла хақ!” деп қойып, ақырын бүлкектеп қырдан асып кете барады. Соңынан iле шыққандар жаңағы дөңге көтерiлсе, диуана iзiм-қайым жоқ. Аспанға ұшты ма, жер жұтты ма, оны ешкiм бiлмейдi. Қыстың күндерi де соңынан бiрге шығып аңдып көредi, сонда ақ қардың үстiнде әр жерден бiр түскен табанының iзiн ғана көредi, - деп әңгімелейді ол туралы Баянауыл ауданы Күркелі ауылының тұрғыны, шежіреші қарт Нығмет Жәмінов. – Ол кезде ойын баласымыз, әлi есiмде, жаз болса ақ көйлек-дамбал, қыста шекпен киетiн диуана қыр асып аудан жақтан келе жатқанда, бiр топ бала “уралап” алдынан шығамыз. Ол заманда ас тұзы қат болатын. Әйелдер жағы Ыбекеңе тұз, басқадай керек-жарағын қосып жатады. Соның бәрiн ерiнбей жинап-терiп алып келетiн. Бiрде Бiрiншi май колхозының төрағасы ауданға кетiп бара жатқан диуанаға: “Сырқаты бар бiр туысыма бұлауға түсуге қажет едi, жарты қап сұлы ала кетiңiзшi”, – дептi. “Жарайды, қарағым” деп сөзге келмеген ол қапты иығына салып алып, жортып жүре бередi. Дегенмен диуана қыр асып кеткесiн әлгi адам әрi-берi ойланып, “қой, жаяу жүрген адамға сұлы арқалатқаным дұрыс болмас, өзiм жеткiзiп берейiн” деп, жақсы бiр атқа мiнiп, соңынан қуа шығады. Қырға көтерiлсе, диуана көрiнбейдi. Жарты жолға барады – жоқ. Осы кiсi адасып кеткен жоқ па деп, артына бұрылып та қарайды, көрiнбейдi. Ақыры Баяндағы туысының үйiне барса, диуана сол жерден шайын iшiп болып, шығып келедi екен. Жарты қап сұлының шамамен 25-30 келi салмағы бар десек, ол жаяу адамға аз жүк емес. Сонда Ыбырай диуана оны 100 шақырым жерге бiрер сағаттың iшiнде қалай жеткiздi, аспанмен ұшып барды ма, оны қолдап жүрген қандай белгiсiз күш, ол жағы жұмбақ.

Ал торайғырлық Жұмат Құрманұлы ақсақал атақты диуана туралы былайша сыр шертеді:

«Алпысыншы жылдардың аяғында бiздiң үйде “Құрманның қара аты” дейтiн жүйрiк қара ат болды. Әкем Қарқаралының “Қоянды” совхозында тұратын бiр ағайындардың халiн бiлмекке осы қара атты мiнiп жолға шығады. Маяжонның тұсынан өте бергенде, мойнына асқан қоржыны бар, ақ көйлек-дамбал киген бiр қария қуып жетiптi. Амандасқасын: “Апырмай, қарағым, атың тым тәуiр екен, әрең қуып жеттiм”, – дейдi. Әлгi адамға жақындағысы келмей, қара ат қорс-қорс үркедi дейдi. Әрi-берi жөн сұрасқасын атам оның Әлiпбайдың диуанасы екенiн бiлiп: “Ақсақал, атқа сiз мiнiңiз, мен жетектейiн, тым болмаса мiңгесiңiз”, – дептi. “Жоқ, шырағым, рахмет, Алла сәтiн салса, аяңдап өзiм де жетем ғой, жолың болсын, жүре бер”, – дейдi. Сөйтiп, төрт-бес қыр асып кеткен әкей сусын iшпек болып Тоқтықыстау деген қыстаққа бұрылады. Барса, қойларына қасқыр шапқан екi қойшы тас-талқан болып төбелесiп жатыр да, қашан жеткенi белгiсiз, диуана әлгi екеуiн арашалап жүр екен. Бұл жерден сусын болмасын бiлген әкей әрi қарай жүре бередi. Бiраздан соң диуана тағы қуып жетiптi. “Апырмай, мыналар бiр құдайдан безгендер екен, арашалаймын ба деп едiм, өзiмдi төмпештеп тастай жаздады”, – деп жаңағы екi қойшыға кейiп жүр дейдi. Әкей онымен қоштасып әрi кетiп, жолдағы ауылда атамның танысы, ақсақ Әйткен деген кiсiнiң үйiне соқса, диуана сол жерде шайын iшiп, жайбарақат отыр екен. Қашан, қалай жеткенi белгiсiз.

Шежіре шертіп, тарихи тақырыптарға қалам тартып жүрген журналист Сайлау Байбосынның айтуынша, Ыбырай диуана жөнiнде Баянауылдан шыққан белгiлi ғалым-геолог Қалкен Жәмiнов сонау бiр жылдары “Жұлдыз” журналына “Желаяқ хат тасушы” деген мақала берген екен. Ол уақытта диуананың көзiн көрген адамдар әлi бар кезi, Қалкен Жәмінұлына бiраз әңгiме айтыпты. Мақалада Ыбырай диуананың ағасының баласы Иманжұпардың мынадай естелiгi де келтiрiліпті:

«Күнбе-күн Керекуге барып келетiн Ыбырай әкемiз жасы келген соң кеудесi қысып, жатып қала беретiн болды. Ауылдан ұзап ешқайда шықпайды. Сөйтiп жүргенде, бiр күнi жоқ болып кеттi. Екi-үш күн оралмағасын, астыма әлдi ат мiнiп, азық алып, iздеп шықтым. Бiрнеше күн өттi, бiрақ көрдiм-бiлдiм деген бiр адам жоқ. Ақыры шаршап, бiр зираттың етегiнде демалып жатыр едiм, молалардың iшiнде жүрген әкейдi көрiп қалдым. Қасына барам дегенше, көзден ғайып болды. Содан, сол маңайға түнеп, ертесiнде ол кiсiнi қорымның iшiнде ұйықтап жатқан жерiнен таптым. Өзi әбден жүдеген. “Әке-ау, қайда жүрсiз, сiздi iздеп бармаған жерiм жоқ”, – деп едiм, “Мен Алланың тапсырмасын орындап жүрмiн, оны саған бiлудiң қажетi жоқ”, – дедi де қойды. Оның бiр апта бойы қайда жүргенi, не iстегенi солай жұмбақ күйiнде қалды».

Әліпбайдың диуанасы жайлы біз білетін әңгіме, міне, осындай.

Автор: Жанар Әбдікәрім, Павлодар облысы 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста