ЖЫЛҚЫБАЕВ ЖҮРГІШ ЕКЕН!

Жүргенде де сұмдық жүреді екен енді. Күндізгі сағат 10-11-лерде саңырау және нашар еститін балаларға арналған "Мейірім" түзету мекемесінен бастаған жүрісін, Шалғай Қарасудағы спорт кешенінің құрылысы басында қас қарая бір-ақ аяқтады. Бір күнде бақандай 25 нысан.
Кім жүрмей жатыр дейсіз? Жүргіштер көп қой. Бірақ бұ кісің жүрісі басқаша екен. Кей басшылар секілді әр нысанға барып, бетін көріп, кері кетіп қалмайды. Түкпір-түкпір, қуыс-қолтығының бәрін аралап жүріп алады екен. Нысан иелеріне де түрлі сұрақ қойып титықтатып, тапсырма беріп болдыртып кетті. Бір кісідей жүрісі бар менің өзім 19-шы нысанға келгенде көзім қарауытып, басым айналып... Хюррем хатун құсап талып қалам ба деп қорқа бастадым ғой. Сөйттім де технично үйіме тайып тұрдым. ол жайлы ешкім біліп қоймасын. Байқағаным, аузы берік! Ертеңгі күні тамақ ішіп әлденіп жүргенде қалай болар екен деп қорқып отырмын енді. Жүрісіне журналист мен ілесе алмай жүрмін, анша-мұнша қарны бар басшыларды күні бойына қасына ертіп жүрсе қалай болар екен деп қоям тағы. Не болса да жүргіш басшыға ілесу үшін жақсылап жаттығу керек болды .





