Жұртты молданың бейіт басында сауаппен "қызықтыруын" миым қабылдамады

Жұртты молданың бейіт басында сауаппен "қызықтыруын" миым қабылдамады

Осыдан біраз бұрын, өкінішке орай 14 жасар қыз бала қайтыс болды. Өте ауыр жағдай. Жаназасына, жерлеуіне қатысқан адам қарасы көп болды. Әкесінің құрдастары болса керек, көбісі 30-40 жастағы ерлер. Бәрі шүберекке шым-шым "топырақ салды" да шеткерірек тұрды. Жақындары бастады да, күректерін жерге қойысты. Асықпай, біртіндеп ауысып салып жатырмыз. Сол кезде молда "Келіңдер, топырақ салыңдар! Аяқтың астында жатқан сауаптан алмайсыңдар ма? Әр салған топыраққа екі Ухуд тауындай сауап жазылады" - деді. Осы сәтте әрірек тұрған кісілер жақындай бастады. Топырақ салып жатқандардың арасында отты құммен сөндіргендей апыл-ғұпыл көміп жатқан біреуінің әрекеті тіпті ерсі көрінді. Қызын "тезірек көміп" жатқанын көру әкесіне де оңай болмаған шығар. Бірақ оның ескерту айтар хәлі бар ма? Мен, өлген адамды "таудай сауап алам" деген оймен емес, жай ғана марқұмға құрмет үшін-ақ көмген абзалырақ деп ойлаймын. Онсыз да қабырғасы қайысқан жұртты молданың бейіт басында сауаппен "қызықтыруын" миым қабылдамады. Адамды ақырғы сапарына асықпай-ақ, құрметпен шығарып салуға болады деп ойлаймын.

facebook.com

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста