Журналист те, актер де, ақын да асаба бола алады. Оның кәсібилікке түк қатысы жоқ. Жақсы асабалық жасаса, оның несі айып? Тек құлқынның құлы боп, ақшаның жолына түсіп кетпесе болғаны. Тойды сауатты жүргізіп, орынды әңгіме айтып жатса, олардың қосымша ақша тапқанында тұрған ештеңе жоқ. Керемет кино түсіріп, актерлердің гонорарын екі есе қойсыншы, тойға баруға уақыт таппас еді. Ондай болмаған жағдайда, өйтпе-бүйтпе деп сын айтатын жөніміз жоқ-ау осы.
Гүлзина Бектасова
Facebook-тегі парақшасынан