"Жоқ-жоқ" дей берген адам жоғалып кетеді екен

Біреудің барына қарап, іштей мүжіле бермей, кейде өзімізде жоққа да шүкіршілік етуіміз керек сияқты.
Көбіне байлық пен молшылыққа шылқып жүргендерге қызығамыз ғой. "Шіркін-ай, не істегісі келсе де құрығы ұзын", - деп. Мейлі, бола берсін, оған ішіңіз күймесін, ол байлықтың есебін беретін сіз емес, өзі ғой. Қайдан келіп жатыр, қайда кетіп жатыр? Дінімізде ең ізгі бай адамның өзі Жәннатқа кедейлерден 500 жылдан кейін кіреді дейді. Себебі ол осынша уақыт өз дүниесінің есебін беріп бола алмай жатады екен.
Кейде біреудің ел алдында жарқылдап күліп жүргенін де көтере алмай, дереу "несіне жетісіп шалқиды?" деп бұрынғы өмірін қазбалап, әйтеуір бір кемшілік іздеп тұрамыз. Мүмкін оның жандүниесі өртеніп жатқан шығар, мүмкін оның Құдайдан сұрап ала алмай жүрген нәрсесі бар шығар.
Ол нәрсе сізге жеңіл берілгендіктен, қадірін білмей жүрген шығарсыз.
Немесе біріңіз "күйеуім жоқ[әйелім] деп соған күйініп жүрген шығарсыз. Біреу жан жарын көрсетсе, екеуі үнемі қол ұстасып бірге жүрсе, соған іштей күйініп, "ту, осында ғана күйеу/әйел бардай көрсетіп қоймайды ғой тегі" деп. Анығында сіз ол отбасының ішкі трагедиясын білмейсіз, мүмкін ол адамның екінші жартысы табысты аз табады, құмар ойынға тәуелді не қызқұмар шығар. Бірақ ол оның жаман жағын көрсетпей, жыласа іштей тұншығып, жұртқа керемет қылып көрсететін шығар. Ал сізде есесіне еркіндік бар, ешкімнің қорлығына көніп, күнде қарызын төлеп, жүйке талшықтарыңызды біртіндеп үзіп жүрген жоқсыз.
Бұл бір-екі мысалы ғана. Ал мұндай жағдайлар өте көп: байлықтың есебі, атақ-даңқтың салмағы, дүниеқұмарлықтың көзді байлап тастауы, тым жұмысбастылықтың көп нәрседен шектеуі, немесе тым қолбостықтың әр нәрсеге ұрындыруы. Бағана әңгімемнің басын жоққа мұң шақпай, барына шүкір десеңізші деп бастағаным сол ғой.
Жалпы, "жоқ-жоқ" дей берген адам жоғалып кетеді екен, расында. Мысалы, көмек сұрасаң, "уақытым жоқ", қарыз сұрасаң, жарайды қарыз демей-ақ қоялық, бір ортақ мүдде үшін сұрасаң, өзіңнен бес бетер зар еңірейтіндер бар ғой, солар түбі жақсы болмайды. Өйткені оған барды көрмегені үшін сондай жаза беріледі. Ал қашанда жақсылыққа ұмтылып, тығылтаяңнан уақыт тауып, жоқтан бар құрап жүретіндер - міне солардың өмірі расында кісі қызығарлықтай.
Тоқ етері, біреудің өміріне телмірмей, өзінің күйбең тіршілігінен мән тауып, мақсат қоя алғандар бақытты...

facebook.com парақшасынан 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста