Жол ашатын кісі "мына баладан қыл арқан шешіліп түсті ғой!" деді

Бүгін демалыс екен. Басымнан өткен бір ғажайып оқиғаны баяндайын. Бұл шамамен 1999 жылдар ғой деймін. Нақты есімде жоқ. Ауылда жұмыстарым тоқтап, ауыр депрессияда екі жылдай жүріп қалдым. Депрессияға түссем, тамақты опырып жеп, ұйқыдан бас көтере алмай қалады екенмін. Бұрынғыдай емес, денем ауырлап, мең-зең күйден арыла алмай қойдым. Сондай күндердің бірінде ауылға Сайрамнан "жол ашатын" кісі келіпті. Ортаншы ағам мен үлкен әпкем мені депрессиядан шығарғысы келді ме, екеуі қоярда-қоймай соған апармақшы болды. Өз басым балгер-құшынаштарға сенбеймін. "Ол кісі балгер емес. Құран оқиды. Тек, жолыңды ашатын дұғаларды оқиды" деді ағам. Онда да барғым жоқ. Екі бауырым екі жақтап қоймай қойғасын, "көрсем көре салайыншы" деп еріп бардым. Бізден басқа 5-6 адам да келіп тұр екен. Жол ашатын кісінің жас шамасы сол кезде 60-тың о жақ, бұ жағында. Бәрімізді қатар отырғызып қойып, "көздеріңді жұмыңдар" деп бұйрық берді. Біз көзімізді жұмғанда судыратып, бір аяттарды оқи бастайды. Сәлден кейін көзімді бақырайтып ашып алып, қарап отырдым. Іштей мырс-мырс күлем. Молда да көзін жұмып алған. Ақырындап, жан-жағыма қарап қоям. Бәрі елітіп отыр. Әлден соң, молда көзін ашып алды да, "сүф-сүф" деп қамшының ұшымен бәрімізді сүйкеп өтті. Осылайша, "оқылуға" үш күн қатарынан келдік.
Соңғы рет оқып болғасын, "ал, қане, бүгін кім қандай түс көрді?" деп сұрай бастады. Әркім көрген түсін айтып жатты. Оңай құтылу үшін "мен ешқандай түс көрген жоқпын" дей салдым. Әр адамға болжамдарын айтып тұрды да, молда кенет маған жетіп келді. Қолымды ұстай алды да, көзін жұмып, тағы да бір дұғалар оқи жөнелді. Мен аң-таңмын. Кенет, көзін ашып алды да, "Туһ!" деді қатты дауыспен. "Мына баладан қыл арқан шешіліп түсті ғой!" деді. Мен селк ете қалдым. Өйткені, сол күні үздік-создық түс көргенім рас еді. Түсімде тікемнен тік тұрмын. Денем - аяғымнан бастап, иығыма дейін қыл арқанмен қабаттап оралып қалыпты. Тыпыр ете алмаймын. Әлгі арқан өзінен өзі шыр айналып шешіліп жатыр екен деймін. Бірақ шешіліп түскенін көрген жоқ едім. Сол түстің логикалық соңын мына кісі айтып тұр! Тағы да үндемедім. Молда қолымнан жібермеген күйі ұстап тұрды да, тағы да дұға оқи жөнелді. Әлден соң, көзін ашып алды да: "сен судың ішінде тұрсың ғой! Кеме күтіп тұрсың. Үлкен ақ кеме келді де сені алып кетті! Сен жақында бұл ауылдан кетесің. Мамандығың қағаз жазу екен. Ендігі наныңды қағаз жазумен табасың" деді. Орныма сылқ етіп отыра кеттім. Бұл да рас еді! Әлгі түсімнің келесі бөлігі - үлкен көкпеңбек теңіздің суын белуарымнан кешіп тұр екенмін. Сонадайдан үлкееен әппақ кеме маған қарай келе жатыр. "Сол кемеге мінемін" деп ойлап қоям. Бірақ бұл эпизодты да аяғына дейін көрген жоқ едім. Молда кісі соны да дәл айтып отыр.
Бірақ мен ол кезде "ауылдан кетемін" деп тіпті ойлаған жоқ едім. Арада бір жылдай уақыт өткенде, Алматыға үлкен ағамның үйіне қыдырып келдім. Сөйттім де, Алматыда, өз мамандығымда біржола қалып кеттім. Басқа біреу айтса сенбес едім. 20 жылдан асты. Өз мамандығыма оралып, нанымды ақ қағаздан тауып жеп жүрмін. Уот, солай!

Тоқтар Жақаш

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста