"ҚАЙДАҒЫ ЖАЗЫҚСЫЗ ЖАНАР?!
Ақ некелі төсегіңе көз алартса, одан артық атаңның басын шапқаны керек пе? Қосағыңның етегіне көзін сұқтағаны іргеңнен найза шошаңдатқаннан кем оспадарлық па?...
Еркек үшін ата-мекеннің тыныштығы, ата-бабаның аруағы, ақ некенің беріктігінен артық намыс жыртатындай не бар?
Алтын басты азаматтың асқар таудай абыройын көбелек көңіл ұрғашының делең-делең етегіне тәуелді қылып қойған құдай шебер-ай!"
✅ Абыз Әбіш Көкемнен асырып не айтуыма болады?!
Жігіттер, бетімізде шіркеу жоқ, жұрттан ұялмай, сыртымыздан сыпсың ермей, алшаң басып жүре алсақ Солардың арқасы боп тұр ғой, негізі.
Ұрыссаң кешіретін;
Мерейіңді өсіретін;
"Қайдасың", "қашан келесің" демейтін;
Әр бастамаңды қолдап, демейтін;
Сапарға кетсең үй, ошағыңның қорғаны;
Ырыстың тұрағы, берекенің қара орманы;
Атыңды өсіретін иә өшіретін -
"Қатын" деген қандай ғажап есім едің!...
Қазақтың әр қатынына Мишель апамыздың даналығы мен Америкаға тұтас жаққан мейірім, сүйкімін берсін, мереке құтты болсын!
Алмас Алтай
Фейсбуктегі парақшасынан