"Жиған-тергеніңнің барлығы тойда шашылсын" деген тілек емес, қарғыс секілді

Жалпы біздер, қазақтарды айтамын, байымай жүргеніміздің бір себебі бар. Ол - қажетсіз тойдың көптігінен. Тойда айтылатын әдемі тілек бар ғой "жиған-тергеніңнің барлығы тойда шашылсын" деген. Бұл тілек емес қарғыс секілді.
Сонда, күні-түні жұмыс істейсің, отпускаңда даже мынау тұрған Манкент шипажайына да демалуға бармайсың, и әйтеуір любой той дайын тұрады.
Шілдеxанасы, 1 жасқа толғаны, тілашары, мектепке барғаны, сүндет тойы, 1 класта қоңырау соққаны, грамота алғаны, мектеп бітіргені, грантқа түскені, диплом алғаны, жұмысқа тұрғаны, ұзатуы бар, беташары, үйлену тойы, 30,40,50,60,70,80,90 жас мерей тойлар, отау құрғанына 25,50,75 жыл болғанына той, мүшел жастар мен пайғамбар жасты қосыңыз. Не деген бітпейтін той, иә. Айтпақшы, новоселениеге де той жасайтын болған. Енді, зейнетке шыққанына да той істейтін болыпты.
Сөйтіп, жинап жүргеніңді тойға шашасың. Жинағаның жоқ болса кредит аласың. Құдай жеткізер деп өзімізді жұбатып қоямыз ещё. Бітпейтін той.
Қорадағы малымыз енді көбейіп жатса, сатып жіберіп той істейміз ғой.
Түсінемін егер табысыңыз барлық шығындарыңызды жауып тұрса, балаңыз не қызыңыз квартирада тұрмаса, астыңызда көлігіңіз болса, отбасылық бизнесіңіз болса, жылына бір рет санаторияда демалып тұрсаңыз онда базар жоқ, қалаған тойыңызды істей беріңіз. Дауым жоқ.
Проста, жақында 3 млн теңге кредит алып, той істеймін деп қарызға кірген кісіні көріп күйіп кеттім.
Қалай ойлайсыздар, расымен де осынша тойдың барлығы керек пе бізге?

 facebook.com парақшасынан 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста