Жеті рет күйеуге шығып қайтып келген, қазір бойдақ

БАЙЛАНЫС ЗАҢЫ

 

Мектеп қабырғасында жүргенде физика пәні арқылы, табиғаттың әр түрлі тартылыс күштерін, көз көрмейтін байланыс заңдарын оқып үйрендік.

 

Мысалы: Күнді күн системасындағы планеталар қол ұстасып, бір-бірінен ажырамай дөңгеленіп айналып жүреді.Тартылыс күші бар.Тығыз байланысты. Біреуі басқа жаққа

лағып кететін болса, онда ақырзаман туды дей бер. Ал, сіздер адамдар арасындағы осындай байланысты білесіздер ме?...

 

Мәселен: Мен 9 қабатты үйдің подвалында, алақандай бір бөлмеде тұрамын. «Көңіл сыйса, бәрі сияды» демекші, жанұямда өзім, әйелім, үш қызым, екі ұлым, ол аз дегендей бір балдызым, екі құдашам және ауылдан келіп, института оқитын ағайынымның екі бірдей студент баласы тағы жатыр. Күзде қайын енем мен қайын атамды  қолыма алсам ба, деп талаптанып жатырмын. Ойпырмай, жұрт бір баласымен үш қабатты котеджге сыймаймыз, тарлық етеді деп жылайды. Біз «спокойно» сыйып отырмыз ғой. Сыймағанда кайда барамыз? Оғанда шүкіршілік.Тәуба...

 

-Менің бірінші қабаттағы көршім саудагер. Есімі &ndash Сабрина. Қазақша есімі &ndash Сәбира. Жеті рет күйеуге шығып қайтып келген, қазір бойдақ. Қытай асады, Бишкекке барады, Ташкентке қатынайды, әйтеуір ұсақ-түйек сауда жасайды. Тыным таппайды.Ал, менің екінші қабатта тұратын көршім &ndash бизнесмен. Қаланың әр жерінде дүкен, дүңгіршіктері бар. Ол әлгі бірінші қабаттағы Сабринадан, то есть, Сәбирадан қытайлық заттарды «оптом» сатып алып, дүкендеріне салады. Сүйтіп, бала-шағасын асырап отыр.

 

Әке-шешесінің азан шақырып қойған аты &ndash Аллаберген. Бірақ, қытайдың затын «Made in Италия», «Made in Германия» деген соң, оны жұрт&ndashАлдайберген деп атайды.

 

Үшінші қабаттағы көршім банкте жұмыс жасайды. Банкир бірінші қабаттағы Сәбира мен екінші қабаттағы Аллабергенге жоғары пайызбен несиеге ақша беріп, соның арқасында рахаттанып күнін көріп жатыр.

 

Төртінші қабаттағы көршім&ndashсалық инспекторы. Байғұс бірінші, екінші, үшінші қабатта тұратын көршілеріме салық салып, айлық алып отыр.

 

Ал, бесінші қабаттағы көршім&ndashрэкет. Баскесер бірінші қабаттағы Сәбира мен екіншідегі Аллабергеннің есебінен тірішілік етіп жүр. Кличкасы&ndashЖан Клод, қазақша аты&ndashЖан Болат. Яғни, түнде пышақ қайрайды.Таңертең ақша санайды.

 

Алтыншы қабаттағы көршім&ndashполиция қызметкері. Оған осы үйдің тұрғындары басқа үйдің ұрыларын, бұзақыларын келтірмеуі үшін ақша төлейді.Тәртіп сақшысының көңілі тоқ, көйлегі көк. Нәпақа табатын территориясын қасқырша торып жүр. Қызметіне мәз...

 

Жетінші қабаттағы көршім &ndashкөлік жөндеуші, яғни, автомеханик. Ол бірінші қабаттағы саудагердің «Жигулиін», екінші қабаттағы бизнесменнің «Тойотасын», үшінші тұратын банкирдің «Волгасын», төртінші қабатттағы салық инспекторының «Москвичін», бесінші қабатта тұратын рэкеттің «Джип» автокөлігін және алтыншы қабатта тұратын әлгі милиционердің 1963 жылы шыққан «Запорожец» автокөлігін жөндеп ақша табады.

 

Менің сегізінші қабатта тұратын көршім&ndashтүнгі көбелек. Ол, тұрғындардың бәрін ұнатады. Көршілерім де оны жақсы көреді. Бірін-бірі сыйлайды, ренжітпейді. Әйтеуір, түнде жалғыз жатпайды.

 

Ал, соңғы тоғызыншы қабатта тұратын көршім&ndash ол әкімшілікте қызмет жасайды. Қызметкер. Осы сегіз көршімнің мойнына атша мініп, уайым-қайғысыз өмір сүріп жатыр. Сүйтіп, әр көршім әрқайсысының арқасында күн көріп жүр. Қазір бірінші қабаттағы көршім Сәбира әдетінше саудамен Қытайға барған кезде «Китайский грипп» жұқтырып алып, хал үстінде жатыр. Енді мен де қазір қатты қорқамын. Егер, ол кенеттен қайтыс болып кетсе, ана қалған көршілерім қалай күн көреді? Байланыс заңы бұзылмай ма?...

 

 

 

 

 

Нұрлыбек Жұбатқан 

Фейсбуктегі парақшасынан

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста