Жас жігіт қай жеріме қызыққанын білмеймін, соңымнан 1 жылдай жүгірді

Қымызды кім ішпейді, қызға кім сөз салмайды- демекші қыз кезімізде сөз салушы жігіттер болды ғой. Бірінің сөзі ұнамайды, бірінің көзі ұнамайды, ал бірінің өзі ұнамайды. Өзімізге қарамай мұрнымыз аспан тіреп, менсінбей күйдірдік қой біразын. Сол кездері жасы өзімнен бірнеше жас кішілеу жігіт сөз айтып, соңымнан біраз жүгіргені бар еді. Мен жұмыс істеймін, ал ол мектепте 11-ші сынып оқитын оқушы ғана. Қай жеріме қызыққанын білмеймін, соңымнан 1 жылдай жүгірді. Патцансың, шиголсың өз теңіңді тап- деп əлгіні жолатпаймын.
Қашанғы жүгірсін? Біраз жүгірген соң қойды. Тіпті ат ізін салмай, сол кеткеннен мол кетті. Кетерінде "көрерміз" - дегенді айтып кетті.
Өткенде бір жиналыста отырғанымда бір қатарда отырған галстук таққан көрікті жігіт бетіме қайта-қайта қарағыштап отырған.
-Сіз пəленше емессізбе -деді бір кезде.
Ойымда түк жоқ
- Иə, мен пəленшемін -деймін.
-Оо, кездесу деп осыны айт. Ал, мені таныдың ба?
-Жоқ - деп басымды шайқадым.
Танымауым да заңды еді. Өзі "пəленшемін"- деген де барып
еееее -деппін.
Бұл сол баяғы інішек. Баяғыда ілмиіп, то сүмірейіп жүруші еді. Бүгін де баяғысының ізі де жоқ. Айтуынша бір ауылдың білдей бір əкімі болып кетіпті.
"Құтты болсын"- дегенді тұтығып зорға жеткіздім. Тұтықпағанда ше?
Өзімше менсінбей жүрген жас бала, бірнеше жылдан соң əкім болып,
"Мені көрдің бе? Міне мен де өстім" - деп тұрса.
Жас өспей ме, көкейіңді теспей ме - деген осы болса керек сірə.
Салтанат Абылбекова
Фейсбуктегі парақшасынан





