Жалған-ай, жалған-ай, Жанбай өшкен арман-ай!

Жалған-ай, жалған-ай, Жанбай өшкен арман-ай!

Бүгін қарап отырмай Астананың шетінен 10 сотық жер, орталықтан үш бөлмелі үй алдым. Жұмысты да ауыстырдым. Ыңғайлы ғой деп өзімді Астанадағы бір музейдің директордың директоры етіп тағайындадым. Өзіме өзім «зейнетке шыққанша осы музейде істеймін» деп уәде де беріп қойдым.
Бәрі былай басталды. Жұмыстан шықтым да «Ханшатырға» соғып, бағытты бірден «Керуенге» бұрдым. Ол жерде әріптесім, бауырыммен кездесіп, KFC-ден тауықтың 16 аяғын алып, біраз мүжгіледік. Бауырым әңгіме бастады «үй алу ойда бар ма, бір ыңғайын жасау керек қой» деп. Әрі айтып, бері айтып үй емес әуелі қала шетінен 10 сотықтан жер сатып алайық» деп шештік. Біраз ойланып, талқылап, планшетті ақтарып жердің бағасын қарадық. Бағаның алды 12 млн долларға дейін барады екен. Ең арзаны қала шетіндегі поселкеден 30 мың доллар. «Қой мынау қымбат қой, одан да пәтер қарап көрейік» деп жерді ысырып қойып, пәтер бағаларын ақтарып шықтық. Бұл жақта да «жаман» емес. Байлауға келмейтін бағамыз шаршы метріне 1500 доллардан кем сұрап тұрған жоқ. Оның өзінде 15 жылға ипотекаға алсаңыз 2-ші деңгейлі банкке алған ақшаны 2,5-3 есе етіп қайтаруға тура келеді. Орта есеппен айына 180-200 мың теңгеден 12-15 жыл төлейді екенмін. Оның үстіне бұл уақытта өзімді музейге директор етіп сайлап қойғанмын. Оның 150 мың теңге айлығын қайда жеткіземін?! Қосымша жұмыс істеу керек...
Бір кезде бауырым тығырықтан шығудың жолын тапты. «Пәтерге болса да ақшамыз жетпейді, жерді бірлесіп алып, үй салатын жерді бөліп алайық» деп шештік (Пах шіркін!). Көктемде фундаментін құятын болып келістік (Туф шіркін!). Фундаментті құямыз-ау, үйді кім салады?! Жұмыс бастан асады! Үй салатын өзбектерге 1млн. материалдарға кемі 10-15 мың доллар кетеді екен. Опшым, арманымыздың быт-шыты шыға бастады. Бұл да «вариант» емес екеніне көз жеткіздік. Келісе келе ол «ЖилСтрой»-ға ақша жинайтын болып, ал мен болсам «маған біреу өзі үй беретін сияқты, мен сондай бірдеңені сеземін» деп өзімді жұбатып қойдым (Рас айтам, солай сияқты).
«Мына дүниеде музей ісін бағалайтын бір әкім немесе бір жомарт жанның болмауы мүмкін емес. Әзірге мен осыған сенемін» деп 32 маршрутқа мініп алып жалдамалы пәтеріме қарай келе жатырмын. Құлағымда наушник. Наушникта Қытайдағы қандасымыз Айнұрдың орындаудағы «Жалған-ай» әні: «Жалған-ай, жалған-ай, Жанбай өшкен арман-ай!»...
Әннің осы екі жолын жаттап алған күйі автобустан түстім.
Нұрсерік Жолбарыс
Фейсбуктегі жеке парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста