Мына айтқандардан өзіңізді іздеп көріңізші.
Біріншісі – таза қанды жағымпаздар. Олардың одан басқа қабілеті де жоқ. Сондықтан олар өздерін мамандығы бойынша жұмыс істеп жүрген адамдай сезінеді.
Екіншісі – амалсыз жүрген жағымпаздар. Олар мұның жақсы нәрсе емес екенін біледі. Іштей ұнатпайды. Қолынан келсе, екі жаққа да жақсы көрінгісі келеді. Өздерін заманның құрбанымыз деп түсінеді. Өз істерін жасыруға тырысады. Бірақ одан олардың күнәсі жеңілдемейді.
Үшіншісі – бұлар да бәрін біледі, бірақ жағымпаздықты қысылмастан ашық жасай береді. Беттері ашылған, ештеңеден ұялмайтын жәлептер секілді. Әрине, бұлардың бәрі де «біз мұны жағымпаздықпен емес, шын көңілмен жасап отырмыз» деп ант-су ішері анық. Бірақ оған сену қиын. Өйткені бұл сөз жаңалық емес, тарихтың өн бойында қайталанып келе жатқан құбылыс. Жағымпаздың бар қаруы – жалған сөз. Өйткені шындықты айтып отырып, жағымпаздану мүмкін емес». Мінеки, осының бәрі заманды бұзады. Заманды бұзу, әрине, қылмысқа жатады.
Ал оған жаза бар ма, жоқ па, білмеймін.
www.facebook.com парақшасынан