Үйлену тойларын шоумен бастаған жастар өмірдің бəрі шоу екен деп қалмай ма?

Үйлену тойларын шоумен бастаған жастар өмірдің бəрі шоу екен деп қалмай ма?

Біз үйлену тойын қалай өткізіп жүрміз? Осы мəселе мені көптен ойландырады. Үйлену тойы жастардың өміріндегі ең маңызды мəселе екені анық. Ал біз соны қалай өткізіп жүрміз? Тойдың басынан аяғына дейін шоу. Өмірлерінің бастауын шоумен бастаған жастар өмірдің бəрі шоу екен деп ойламай ма?
1-Той басталар алдындағы жастардың қыдыруы (Кортеж).
Оның не үйленіп жатқандарға, не басқаға пайдасы жоқ шығын. Неге біз балаларымыздың айтқанын сөзге келмей орындай береміз?
2-Тойды өткізетін арнайы асаба жалдап сценария жаздыру. Енді тағы бір жаңалық шықты. Жастар туралы кино түсіру. Осы орайда айта кететін бір əңгіме:
Түркістанда өзбек көршіміз баласының үйлену тойына шақырды. Бардық бір əйел жəне ер адам тойды жүргізді. Мен музыканттардан:
-Тамада қанша алады, - деп сұрадым.
-Отыз мыңды алтаумыз: музыканттар, əншілер, тамадалар, бəріміз аламыз, - деді.
-Аз емес пе?
-Қалай аз? Ішеміз, жейміз жəне бес алты сағатта бес мың аз ба не? Күндіз тірліктерін істейді, - дегенде мен ойланып қалдым.
Ал бізде ше?
3-Беташар.
Беташар келін түскен күні келінге жақындарын таныстыру. Беташар біткен соң неке қию. Бұл дəстүр оңтүстікте ауыл тойы деп сақталып келеді. Соңғы уақытта ішінара олда бұзылып келеді. Беташарды келін түсіп "Болары болып бояуы сіңіп" қойған соң тойханада беташады. Бұл да шоу. Оу ең маңыздысы бұл жерде Беташу ғой. Ал біз оны шоуға айналдырдық.
4-Жастарды қарсы алу.
Бұл да театрландырылған көрініс. Фонаграммаға жазып алған жас актёрлер келінді қарсы алу рəсімін жасайды. Оу, ағайын сол елдің үлкен аналары жасайтын дəстүрді неге басқа танымайтын жалданып келген əртістер жасайды. Сол дəстүрді өз енесі немесе басқа үлкен үбірлі шүбірлі болған аналар жасаса түскен келіннің санасында ой қалады ғой. Ең сорақысы жастардың үстінде шаңырақтары көшіп арттарынан еріп жүреді. Бұл не? О заманда, бұ заман қозғалып жүрген шаңырақты қайдан көрдіңіз? Қазақ: "Шаңырақ шайқалмасын" - деп тілемей ме? Бұл да шоу.
5-Тойды ашып беру.
Бұл жерде той иесінің жанашыры ортаға шығып, "Ағайын менің бауырым той жасап жатыр. Қош келдіңіздер. Тойға пəлен жерден пəленше, түгенше, т.т., келді деп таныстырып. Ал осы тойды өткізу пəленше деген асабаға тапсырылады. Осы тойдың жақсы өтуіне бəріміз ат салысайық. Ал той басталды, ішіп жеп, еркін отырыңыздар" - деп тойды ашып беруі керек. Ал кəзір ше?
Ортаға əкім басшылар, қызметі үлкен біреулер шығып езіп тілек айтады. Оларға жаппай шапан жабу. Бұл да шоу.
6-Сонымен той басталды. Асаба жаттап алған сөздерін тауысқанша ешкімге сөз бермейді. Елді күлдіремін деп неше түрлі анекдоттар, бишілер, əншілер. Əншілер жұрттың көңілін көтеретін əн айтуы, бишілер сондай би билеуі тиіс. Ертеректе тойға келген қонақтар өнер көрсететін. Кəзір ол мүмкін емес. Өйткені асаба жаттаған сөзін айтып бітуі тиіс, шақырылған əншілер əндерін айтуы тиіс. Қайта-қайта шапалақ-шапалақ деп елді міндеттеу. Халық ұнаса өзі-ақ шапалақтамай ма? Бұл да шоу.
7-Ойындар ойнату.
Бұл жерде ең қызығы отау көтеріп отырған жастарды қатыстырып (біреуін ат, біреуін тағы бір нəрсе етіп) ойын ойнату. Басынан аяғына дейін осылай кете береді. Арасында əлбетте ешкім тыңдамайтын тілектер.
8-Ең үлкен шоу той дастарханы. Біздің қазақтай ысырапшыл халық жоқ. Дастархан тола оны жеп бітірмек тұрмақ бəрінен ауыз тиіп шықсаңыз да жарылуыңыз мүмкін. Менің əкем айтатын "Дастархандағы тұрған дəмдер менен болмағанда ауыз тисе екен деп тілеп тұрады. Ал ол болмаса сол дəм нала болады" - дейтін. Сонда біз той жасаймыз деп қанша налаға қалудамыз. Кəзіргі тойлар жастардың құқығын аяққа басу. Той жастардікі, біз оларға өз тойларында еркіндік бермейміз. Біздің кезімізде Беташардан соң кешке "Вечер" болатын. Жастардың өздері ғана асаба ортасынан заржақ біреу. Өте қызық болатын. Таң атқанда тарқайтынбыз. Əлемдік дағдарыс деп жатырмыз. Менің ойымша соған "Вечерге" қайта орлуымыз қажет секілді.
Мен той қызық болмасын шоу болмасын деуден аулақпын. Мысалы бір бөлім шоу, тағы бір бөлімі қонақтардың өнер жарысы, тағы бірі əдемі ой салатын ойындар, салиқалы, қызықты оқиғасы, тəрбиелік мəні бар қойылым секілді бағдарламалар болса. Сіздер қалай ойлайсыздар?

Абдірейім Өміров
Facebook-тегі парақшасынан 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста