"Үбірлі-шүбірлі бол" деген тілек пе, әлде...

"Үбірлі-шүбірлі бол" деген тілек пе, әлде...

Қайбір жылы Якутияның президенті "Аватар" фильміндегі сюжет саха елінің мәдени құндылығы, мифтік персонаж - Олонхенің прототипін ұрлаған" деп мәлімдегені есімде. Осы жағынан алсақ, бүгін барша әлемге сан мыңдап тарап жатқан мультфильмдердегі, фантастикалық фильмдердегі қаһармандардың әрқайсысына қазақ та таласа алар еді деп айтар едім.
Мысалы, «Тор», «Тор-2» фильмдеріндегі мифтік персонаж түріктердің «Тәңір» туралы көне сенімінен бастау алады. Сол секілді «вампирь» туралы мифтік персонаж да түріктердің бұлтты жұтып қоятын, сөйтіп, қуаңшылыққа соқтыратын немесе көрге бір қауым елді бір-ақ тығатын «ұбыр», «үбір», «обыр» туралы көне сенімдегі бейне. Орыстарда, жалпы шығыс славян елдерінде «упорь», сербтерде «вампирь» болып трансформацияланған бұл кейіпкерді көпшілігіміз Европадан келген деп жүрміз. Шынтуайтында, фантастикалық бейнелердің барлығы көне түркі мәдени құндылықтарынан шығып жатады. Орыс тілінің басым бөлігі түрік тілінен тұратындығы да мұны айқындай түссе керек. Жалпы, миф көне, тіпті прототіл қызметін атқарады. Салыстырмалы мифтану мен салыстырмалы тілтану түпкі тілді іздеу құралы болып келе жатқандығына жарты ғасыр өтсе-дағы, сана, нақтырақ айтсақ, тіл философиясы сана құрылымы мен оның жұмыс істеу механизміне фундаментальды жауап қата алған жоқ.
Көбіне, той-томалақта «үбірлі-шүбірлі» болыңдар деп тілек айтылып жатады. Мұны естігенде, «вампир», яғни үбір мифтік бейнесі менің көз алдыма келеді. Егер үбір сөзінің түп-төркінін әр қазақ білсе, бүгін мұндай тілек бізде болмас па еді деп ойлап та қоямын...
Қазыбек Дәуітәлітегі
(Фейсбуктегі жазбасынан)

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста