"Түшкіргенде протезім ұшып кете береді" дегені осыдан қалған екен ғой
Сұлулық салондарына баруға қалта көтермейтін студенттік кезең еді ол. 22 наурыз күні болатын. Құрбыларым "оптом" бағаға кірпік сатып алып келіпті. Жапсырып алып, отырысқа шықтық. Кеш өте көңілді өтіп жатты. Ұйқым келіп көзімді уқалап жіберіп едім, бір көзімнен тұтаса салбырап қалған кірпіктердіі қолыммен көлегейлеп сыртқа атылдым. Қасымда отырған құрбымнан өзге ешкім байқамады. Сол сәт қатты күліп қойған құрбымның көзі суланып кетті ме, әлде қытай желімі қалтарыста ұстамай қалды ма, әйтеуір тырс етіп кірпігі түсіп қалғанда қасындағы бала: "Ойбай, көзі ағып кетті ме деп қорқып кетсем" дегенін естіп қалдым. Ех, не болса да "роднойыңа" жетпейді ғой, құрысын. Үлкендердің "Түшкіргенде протезім ұшып кете береді" дегені осыдан қалған екен ғой....
Құралай Сейсенбекқызы
Facebook-тегі парақшасынан