Түсінгенім, өмірде еш нәрсеге, ешкімге байланбау керек екен...

Түсінгенім, өмірде еш нәрсеге, ешкімге байланбау керек екен. Сонда ғана сенің жаның азат өмір сүреді.
Ең бірінші - дүниеге. Шыны керек, көбіміз "ақша тапсам, көлік мінсем, үй салсам, оның ішін толтырсам, жер-жаһанды араласам" деген жанталас өмірге кірісіп, кейін содан шығатын есікті таппай қаламыз.
Сосын - біреуге. Ата-ана, бауыр өз алдына, кейде бір көрген адамға есіміз кетіп, еркімізден айрылып, "онсыз өмір сүре алмаймын" деп шығатынымыз бар ғой. Далбаса! Онсыз өмір сүргенсің, сүресің де. Ендеше, еркіне жібер. Ұстама.
Сондай-ақ - бір жағдайға. "Осылай болуы керек" дейміз. Ал ол нәрсенің болғаны бізге қайырлы ма, оны білмейміз. Әйтеуір ойлағанымыз болмай қалса, бітті, көкірегіміз қарс айрылып, өмір тоқтап қалғандай болады. Тіпті сол болмаған нәрсе үшін жанын қиып жіберетіндер де бар. Мысалы, оқуға түсе алмаса, сүйгеніне қолы жетпесе, т.б.
Ал, стресс, депрессия дегеннің бәрі осыдан шығады. Былайша айтқанда, көндіге алмау. "Жоқ, бұлай болуы мүмкін емес" деп, кетіп бара жатқанды жібермей жармасу, билікті уыстан шығармау, қолға түспей жатқан дүниеге қамығу...
Оның түбі жақсы емес, не дертке шалдықтырады, не өлімге апарады.
Сондықтан "кетем" дегенді ұстама, келмегенді қыстама, болмай жатқан нәрсені болдыруға тырыспа! Жаныңды еш нәрсеге байлама. Өйткені бәрі өткінші. Әр нәрсенің басы бар, аяғы да бар. Тіпті, мына өмірдің де...
Өмірдегі ең басты құндылық - еркіндік. Өзің еш нәрсеге байланба, өзгені де байлама. Еркіне жібер, ерікті өзіне бер. Сенің адамың, саған тиесілі дүние мен бұйырған нәрсе ешқайда кетпейді. Ал кеткен адам, кеткен дүние - сенікі емес. Болмаған нәрсенің бір қайыры бар...Осыны ұмытпайық!..

Mариям Абсаттар

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста